
- •1.7 Оқытушылар туралы мәлімет
- •1.8 Байланыс ақпараты
- •Пәннің саясаты:
- •Айып балы
- •Ынталандыру балы
- •2. Бағдарлама:
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.7 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.8 Тақырыптық жоспары Пән бойынша дәріс қарастырылмаған
- •2.9 Ұсынылатын әдебиет:
- •2.10 Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы
Силлабус
(Syllabus)
Пән: Латын тілі
Мамандық: 5В110400 «Дәрігерлік емдеу ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің*): 90 (2)
Курс: 2
Семестр: 4
2013 ж.
Силлабус « » 2013 ж. № хаттамаға сәйкес бекітілген латын тілі пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Силлабус кафедра мәжілісінде («___» ___ 2013ж. хаттама № __) талқыланды.
Кафедра меңгерушісі ____________ Г.Н. Джумадиллаева
1.7 Оқытушылар туралы мәлімет
№ |
Оқытушының аты-жөні |
Дәре жесі және қызметі |
Өнертабыс тық ғылыми қызығушы лығы |
Жетістіктері |
Электр ондық мекен жайы |
1 |
Қасымбекова Алмаш Нысанбекқызы |
аға оқытушы |
латын тілін оқытудың және терминология мәселелері бойынша зерттеулер |
30-дан астам ғылыми еңбектердің, «Фармация» және «Шығыс медицина» мамандықтарына арналған типтік бағдарламасының авторы
|
Almash_n @mail.ru |
2 |
Құдайбергенова Жадыра Пернебекқызы |
аға оқытушы |
тілдерді оқытудың және әдістемесінің жаңа технологиялары бойынша зерттеулер |
25-дан астам ғылыми еңбектердің авторы |
jado84 @mail.ru |
3 |
Жолдыбаева Гүлнұр Бердібайқызы |
оқытушы |
Интерактивті және муьтимедия- лық тәсілдерді тілдерді оқытудағы қолдану мәселелері бойынша зерттеулер |
5-тен астам ғылыми еңбектердің авторы |
gulnur.gb @mail.ru |
1.8 Байланыс ақпараты
Кафедра мекенжайы: Әл-Фараби алаңы, №1
ОҚМФА-ның №2 ғимараты, 4 қабат, қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы. Тел: 87252-40 82 22 (40-15) kaz.tili@mail.ru
Пәннің саясаты:
1. Сабақ барысында жалпы ұстанымдық болып табылатын талаптарға сай болу.
2. Тәжірибелік сабақтарда белсенділік көрсету.
3. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарын уақытылы кесте бойынша тапсыруы.
4. Кафедраның мүліктеріне жанашырлық жасау.
5. Пәнді игеру барысында ғылыми – зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Айып балы
Әр тәжірибелік сабаққа кешіккен, халат пен қалпағы жоқ, жұмыс дәптері мен сөздігі болмаған студенттердің рейтингісінен сабақ соңында бір балл алынады.
Ынталандыру балы
Оқу үдерісі кезеңдерінде кафедраның қоғамдық жұмыстарына, мемлекеттік тіл байқауларға қатысқан студенттерге емтиханға жіберу рейтингісінің көлеміне 10 % қосылады.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Медициналық оқу мекемелерінде латын тілінің оқытылуы медицина саласында қолданылатын терминдердің игерілуінің негізі болып табылады. Латын тілінің оқытылуы студенттердің латын және грек-латын тілдерінен шыққан медициналық терминдерді саналы түрде меңгерілуін қамтамасыз етуі тиіс, өйткені оларды студенттер күнделікті оқу барысында және болашақ қызметінде кездестіреді. Сондықтан латын тілінің курсы жалпы медициналық, клиникалық пәндердің терминология негіздерін оқытуға бағытталған. Студент латын тілін өз мамандығы аясында қолдана алатындай дәрежесіне жетуі қажет.
2.2 Пәннің мақсаты:
Латын тілін оқытудың негізгі мақсаты - халықаралық медициналық терминология негіздерін, ғылыми түсініктерді және медициналық терминологияның үш (анатомиялық, фармацевтикалық жалпы рецептурамен, клиникалық) жүйесін студенттерге меңгерту.
2.3 Міндеттері:
Жалпы курсты аяқтағанда студент меңгеретін сөздік қоры 900 лексикалық бірлікті құрайды. Студент қанатты сөздерді, афоризмдерді, рецептерді дұрыс аудара алуы тиіс.