Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.47 Кб
Скачать

Сыртқы экономикалық келісімдер түрлері

Сату-сатып алу

жеткізілім

қатар

комиссия

тасымал

несие

сылтау

Ғылыми техникалық көмек

Сақтандыру

Акцензиялар

Құрылыс

құжаттарды беру

қабылдау

сақтау және т.б.

Құрылыс

Қарсы саудалық келісімдер

Экспорттаушы импорттаушы тауарын өзінің жеткізіліп төлем есебінен немесе басқа қаражат есебінен қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

Бартерлік тауартасушының

Қарсы сатып алу (сауда жасау)

Қарсы тауар жеткізілімі

Шекара жанындағы сауда

Жағалаулық сауда

3-схема

4-схема

Сыртқы саудалық операциялардың сыныптамасы

№ п/п

Сыныптарының белгісі

Операциялардың түрі

1

Сауда бағыты бойынша

Экспорттық, импорттық кеі экспорттық кері импорттық

2

Тауарлар тобы бойынша

Машиналарды жабдықтарды шикізаттық саудалық саудалық емес тауарларды сату сатып алу және т.б.

3

Тауарларды сатушыға дайындық дәрежесі бойынша

Келгенді жабдықтау үшін дайын өнімдерді бөлшектерді және т.б. жеткізу

4

Тауар айырбастық сауда

Бартер қарсы сатып алу , ескірген өнімді сатып алу. Давальческий шикізаты қайта өңдеу

5

Ғылыми-техникалық сауда нәтиже мен қызмет көрсетуі

6

Саудалық дайындық қызметі

Консигназациялық комиссиондық агенттік брокерлік

7

Бәсекелестік түрдегі сауда

Аукцион халықаралық саудаласу мен биржалық сауда

5-схема

СЭҚ-тің жеке түрлерінің жүзеге асырудың ерекше режимдері

Шекара жанындағы сауда

Еркін экономикалық аумақта

Шекара жанында тұратын қазақстандық тұлғамен сәйкесінше шекара жанында тұратын шетелдік тұлға арасында жүзеге асырылады

Еркін экономикалық аумақта шаруашылық пен СЭҚ-ке заңмен белгіленген ерекше режимі

Белгіленген аумақта өндірілетін және жергілікті мұқтаждықты қамтамасыз ететін сондай-ақ сол аумақта тұтынуға арналған сауда заты

Еркін кәсіпкерлік аумағы;

Еркін сауда өнеркәсіптік аумақтар;

Еркін кедендік өндірісітк субаймақтар;

Экспорттық өндірістік субаймақ және т.б.

    1. Сыртқы экономикалық келісімшарттар және оларды жасаудың тәртібі

Келісім шарт - сатушыдан сатып алушыға тауардың меншік құқықтарының өтуі қарастырылған тауардың сату сатып алу немесе қызметі туралы халықаралық мәмілесі. Сатушы мен сатып алушыға келісімде қалаулары шарттың түріне тәуелді.

Келісім шарт келесі жағдайларды қосуы керек:

  1. жеткізілімнің заты мен өлшемі ( тауардың атауы мен саны )

  2. жеткізілімнің базистік жағдайлары ( инкотермс ережелеріне сәйкес)

  3. тауардың жалпы құны мен бағасы

  4. төлемнің шарты ( жағдайы)

  5. жеткізілімнің орны мен уақыты

  6. көліктік жағдайы

  7. беру мен қабылдау тәртібі

  8. тауар сапасын анықтаудың әдістері

  9. санкциямен кепілдер шарты

10)арбитраж

11)форс мажорлы жағдайлар

12)тараптардың заңды адрестері қолтаңбалары

Келісім шарттығ барлық пунктерінде келісімдер қол жеткізілген болса, келісім шарт жасалған болып саналады.

Тараптар келісімшарт жасаспастан бұрын ортақ келісімге келу үшін өздері жүзеге асыруға ниетті мәмілеге сәйкес арыз жасайды, келіссөздер жүргізеді.

Келіссөздер жүргізудің бастамасы көп жағдайларда саудалық сұраныс немесе аферта болып саналады.

Сұраныс - импорттаушының экспорттаушыға тауарды жеткізуге ұсынысты бағыттауы мен тауар ақпарат беруге үндеуі туралы саудалық құжат.

Ұсыныс (оферта) – экспорттаушы нақты өз шарттарын көрсете отырып, арыз түрін келісім жасауға ынтасын қарастыратын саудалы құжат.

Ұсыныс импорттаушы оның сұраныста жауап ретінде немесе экспорттаушының белсенділігі мен ( инициативасы мен ) бағытталуы мүмкін. Ұсыныста ұсынылатын тауардың аты, саны, сапасы, бағасы, жеткізілім транзиті төлемінің шарттары мен жеткізілім шарттарына байланысты басқа да жағдайлар көрсетіледі.

Сатып алушы мен акцептатылған ұсыныс сатып алушының жеткізілім шарттарын қабылдап, келіскенін білдіреді.

Акцепт – бұл сатып алушының ұсыныс пен жеткізілім щарттары мен келіскенін жазбаша түрде бекітуі.

Қатаң ( тұрақты) ұсыныс – тең бір тауарға не бір сатып алушыға жасалынатын ұсыныс. Ұсыныс аясында белгілі бір мерізім көрсетіледі, сол мерізім ішінде сатушы ұсыныс шарттары мен өзін байланысты санайды.

Еркін ұсыныс – сатушы тарапынан ешқандай міндеттемесіз жасалынатын ұсыныс.

Әлемдік саудалық тәжірибеде ақшалай және ақшалайсыз есептесудің әр түрлі формалары қолданылады, бірақ ҚР –ң әрекет етуші заңнамаларына сәйкес сыртқы саудалық төлемдер мен ақшалайсыз формада жіберіледі.

Сыртқы саудалық есептесуді жүзеге асырғанда көбінесе аккредитив және инкасса бойынша тапсырманы төлемдік есептесуі қолданылады.

Банк тапсырмалы төлемдік есептесуі кезінде төлеушінің есеп шотындағы қаражат есебінен төлнуші көрсеткен тұлғаның есп шотына осы немесе басқа банктің белгілі соманы аударуға міндеттенеді.

Төлеушінің төлемдік тапсырмасын қабылдаған банк тапсырмада көрсетілгендей қабылдаушы банкке тұлғаның есеп шотына кірістіру үшін ақшаның тауарға меншік құқығының сақталуына кепілдемеден басқа төлем алу мен жүк түсіру арасындағы уақыт жайында себебі төлем төлеу жүк түсіргеннен кейін кеден қарастырады. Акредитивті есептесу формасының кемшілігі ол импорттаушының және оның банкінің төлем төлегенге дейін алғашқыда ашылған акредитивті өзгерту немесе қайтарып алу мүмкіндігі сонымен қатар шамасы келмеген жағдайда импорттаушының тауарды төлеуден бас тарту мүмкіндігі.

Қаупі жоғары есептесуде, есептесудің инкассолық және аккредитивті формалары кең таралған.

Инкассо – банк сатушының тапсырмасы бойынша және ұсынылған құжаттар негізінде өзіне тиесілі соманы алады, жалғасында бұл қаражаттарды өз клиенттерінің шотына аударатын банктік операция түрі.

Инкассолық форманың артықшылығы, ол импорттаушы төлем тқлеудің соңғы сәтіне дейін экспорттаушының тауарға меншік құқығының сақталуына кепілдеме береді. Инкассолық форманың кемшілігі ол, төлемді алу мен тауарды түсіру арасындағы уақыттың үлкен алшақтығы. Бұл сәтте импорттаушы банкроттық жариялауы немесе төлем төлеуден бас тартуы мүмкін және басқа сатып алушы табу немесе тауарды қайта тиеу қажеттілігі туындайды. Берілген есептесу формасы серіктестер міндеттемелерінің орындайтындығына сенімді және жақсы таныс болғанда, импорттаушының елінде саяси және экономикалық тұрақтылық болғанда және импорттаушының елінде валюталық шектеу қою қаупі жоқ болғанда ұсынылады.

Аккредитив – бұл арнайы арыз негізінде салымшы есебінен ашылатын есепшот түрі, аккредитивтің жағдайлары, банктегі әрекет мерзімі, жеткізуші мерзімі , жеткізуші ашады, тауарлар мен қызметтердің жалпы атауы, есептесу жүргізу реті, аккредитив сомасы және жеткізуге төлемдерді төлеудің реті белгіленеді.

Аккредитив төлем түрі ретінде саудада сатушы қаржылық қауіпке соқтығысуды қаламағанда қолданылады. Берілген есептесу формаларының артықшылығы ол, инкассолық формадағыдай экспорттаушының тауарға меншік құқығын сақталу кепілдемесінен басқа тауар түсіру мен төлем төлеу арасында уақыт жойылады, себебі тауар түсіргеннен соң , төлем төлеу жедел қарастырылады. Аккредитивте есептесу формасының кемшілігі ол, импорттаушының немесе оның банкінің кез келген сәтте төлем төлегенге дейін бұрын ашылған аккредитивті қайта шақыртып алу немесе өзгерту мүмкіндігі, сонымен қатар импорттаушының тауарды төлеуге шамасы жетпеген жағдайда төлем төлеуден бас тарту мүмкіндігі.

Сыртқы сауда келісім шарт бойынша төлемнің келесідей мерзімдері бар:

  • алдын-ала төлеу – екіұшты белгісіз саяси немесе экономикалық жағдайдағы елде тұратын сенімсіз сатып алушылардан талап етіледі. Мұндай келісімшартты кедендік ресімдеу кезінде келісімшарттың төлемін растайтын құжатты көрсетуді талап етеді.

  • авансты төлем - сатып алушы жабдықтарға тапсырыс бергенде келісімшарттың белгілі сомасын төлейді. Бұл жағдайда жеткізушінің сатып алушының келісімшарттан бас тарта алмайтындығы туралы белгілі кепілдемесі болады

  • ақшалай құжатқа қарсы – жүкті түсірген соң экспорттаушы өз бетімен импорттаушы атанған банкке өз құжаттарын көрсетеді,ал банк есепшоты төлегеннен кейін оны сатып алушыға береді. Бұл жағдайда экспорттаушы шығынға ұшырау қаупы бар, себебі сатып алушы акцептен бас тартып құжаттырды алмауы мүмкін.

  • акредитивке қарсы төлем – төлем акредитивте көрсетілген құжаттарды көрсеткеннен кейін жүзеге асырады. Бұл жағдайда банк сатушы мен сатып алушы арасында сенімді тұлға ролін алады. Сөйтіп жеткізуші тауардың төленетініне толық кепілдеме алады

  • жеткізілім барысындағы (кезіндегі) төлем – бұл төлемдер әр қадам сайын халықаралық банктік операцияларда өзара есептесу тәжірибиесінде жиі қолданылып келеді.

Валюта курсын өзгеріп кету қаупін сейілту үшін келісімшарт бойынша бірнеше валютада төлем төлеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, ал алдын-ала төлеу кезінде төлем күніндегі валюта курсын көрсету қажет.