Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.47 Кб
Скачать

2. Сыртқы сауда туралы халықаралық келісімдер Келісімшарт жасаудың тәртібі

2.1. Халықаралық сыртқы саудалық қызмет және сыртқы саудалық келісімдер

2.2. Сыртқы саудалық келісімшарттар және олардың жасалу тәртібі

2.3. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар

2.4. Тауарлар жеткізілімінің базистік жағдайлары

2.1. Халықаралық сыртқы саудалық қызмет және сыртқы саудалық келісімдер

Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) келісімдерді жасауға заңды түрде кепілдіге беріледі. Бұл дегеніміз, кез-келген жеке және заңды тұлға өзіне қажетті бизнес серіктесін, тауарларды сату-сатып алу қызметін, сонымен қатар келісім шарттардың еркін мазмұны мен формаларын таңдауға құқылы.

Сату-сатып алу процесін жаңалау және стандарттау мақсатында жалпы сауда жағдайын көптеген мемлекеттер бірегейлендіріліп, құжаттар мен формулярларды жалпылама мақұлдаған мемлекеттер қабылдаған.

30 әмбебап келісімдер, 4 халықаралық транзиттік келісімдер, 15-ке жуық халықаралық қаржылық конвенциялар мен әуе қатынасы протоколдары, 40 елдің 8-і жан-жақты теңіздік конвенциялар мен келісімдер, халықаралық экономика бойынша 6, халықаралық теңіз порттары жайлы 5 конвенция . Бұл аталғандардың барлығы әлемдік сауданың дамуын реттейді.

ҚР-сы төмендегі құжаттар хаттарды, тауарларды, сату-сатып алу туралы халықаралық келісімдерді хатты конвенциясы (1980) Өант туралы халықаралық келісім (1992), Сауда туралы конвенция (Халықаралық сауда құқығы туралы БҰҰ-ң Коммитеті), тауарларды алу құрылымы мен қызметі (1984), ЮНИСТРАЛ-дың қарсы сауда туралы құқықтық бастамасы және т.б.

Қазіргі таңда халықаралық сауданың қызметі көптеген халықаралық келісімдермен реттеледі. Бұл келісімдердің көпшілігі сауда және тауар туралы ДСҰ-ң басты келісімнің шеңберінде және БҰҰ-ң сауда және даму конвенциясында бекітілген,

Келісімнің затына, жағдайларына және тауарлар мен қызмет төлемдерінің жағдайларына байланысты сыртқы сауданың қызметі төмендегідей негізгі түрлерге бөлуге болады:

  • сату-сатып алу мәмілесі

  • бартерлік мәміле

  • компенсациялық мәміле

  • тауарларды қайта қарау туралы келісім шарты

  • жарғылық капитал туралы жөнелтілімі.

Сату-сатып алу келісімі – бұл келісілген уақытта келісілген бағамен тауарлар мен қызмет жөнелтілімі. Бұл келісім сатушы сатып алушыға ауысуын және сату-сатып алу келісімін бекітуді қарастырады.

Бартерлік келісім – өзара өнім айырбасы ақшалай төлемсіз жүзеге асырылатын саудалық келісімнің бір түрі. Бартерлік келісім бартерлік келісім шартпен бекітіледі. Бартерлік келісім шарттың ажырамас бөлігі болып, әр тараптан баға тауар жеткізілімінің 2 жақты өзгешелігі болып табылады.

Конпенсациялық мәміле – бұл жабдықталған өніміне төлемін алдын алған сауда мәмілесінің түрі, сондай-ақ бұрынғы алған өнімімен қызмет көрсетуді пайдалануы мен шығарылған дайын тауарлардың келесідей қайтарымды жабдықтау жолымен көрсетілген қызметтер.

Консигнациялық мәміле – бұл бір тараптың (консигнаттың) екінші тарапқа (консигнаторға) тауарды өз атынан сатуға беретін тапсырмасы, бірақ тауар консигнаттың шет елде орналасқан қоймасы есебінен болуы тиіс. Мұндай қойма аталған келісімге байланысты консигнациондық қойма деп аталуы керек. Консигнант - бұл консигнациондық сауданы ұйымдастыруға тапсырма беретін жеке және заңды тұлға. Ол тауарларды уақытылы, келісілген ассортиментте және мөлшерде жеткізуге, тауарларды қоймаларды сақтау үшін төлем төлеуге міндетті. Сонымен қатар ол тауарды сатуға дейін немесе ақшалай қаражаттың олардың төлеміне түскенге дейін тауар иесі болады.

Консигнатор – бұл консигнациондық сауданы ұйымдастыруда консигнатор беретін тапсырмаларды орындаушы жеке және заңды тұлға. Ол тауардың қоймада сақталуына жауап береді, сақтандыруын ұйымдастырады. Консигнатор тауар иесі бола алмайды, ол тек консигнанттың тапсырмасы бойынша және оның атынан қызмет етеді. Консигнаторда ынталандыру (сыйақы беру) келісімде сатылған тауардың белгілі пайызы түрінде және шынайы сату бағасымен келісіледі. Тауарларды қайта өңдеу туралы мәміле – бұл мәміледе уақытша кіру және шығу, отандық және шетелдік инвесторлар, кәсіпорындар түгелдей инвесторлардың иелігінде болады.

Жарғылық капиталдың жеткізілімі – шетел инвестициялық кәсіпорындары мен толығымен шетел инвесторларына тиесілі кәсіпорындарға технологиялар мен жабдықтарды , материалдарды шетел инвесторларының салымдағы шотынан жеткізілуі.

ҚР заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарты алдын ала кеден органдарында тіркелуге тиісті, ҚР КБК-нен тауарды қайта өңдеуге лицензия алу үшін қызмет аясында тіркелген заңды тұлға. Келесі операцияларды тауарларды қайта өңдеу туралы шартымен рәсімдеуге болады:

Тауарлардың өндеуі, шетел тауарлар жеке сипаттарын жоғалтып, өндеу өнімдерде кіргізілген немесе шығарылған тауарларды теңестіруіне мүмкіндік беретін өндеу өнімдерде сипатын сақтайтын тауарлардың өндеуі, ал тенестіру өндеудің сөзсіз шарты болып келеді;

  1. Басқа тауардың жасауы немесе өндеуі, монтажды, құрастыруды және қиыстыруды қоса

  2. Тауардың бейімдеуі, жөндеуі, оларды қалпына келтіруін қоса

  3. өндеу процессінде толық немесе жартылай тұтынуымен өтемақы тауарлардың (өндеу өнімдері) өндерістерін жеңілдететін тауарлардың қолдануы.

Жарғылық капиталға жабдықтау құрылтай құжаттарында жабдықтың немесе материалдың еңгізуімен шетел қатысушының еншісін құрастыруы ескерілген жағдайда және жарлық капиталдың құрастыру мерзімі тауарларды кіргізген кезде өтіп кетпеген жағдайда рұқсат етіледі. Жұмыс істеп тұрған қазақстандық заң бойынша тауарлардың жарғылық капиталға жабдықтауы отандық заңды тұлға тіркелген кеден орган қызметінің аймағында алдын ала тіркеуге жатады, корнекілік үшін: халықаралық сауданың қағидасы, сыртқыэкономикалық мәліметтердің түрлері мен классификациясы(операциялар), солайша сыртқы сауда жұмысының жеке түрлерiнiң жүзеге асыру ерекше тәртiптерi, 2-5 схемаларында көрсетілген.

2-схема

Халықаралық сауданың принциптері

Аса қолайлылық – мемлекет мемлекет – әріптестің заңды және жеке тұлғаларына қолайлы жеңілдіктер ұсыну міндеті болып табылады, сонымен қатар бұл ұсынылған жеңілдікті үшінші мемлекеттің де жеке және заңды тұлғаларына енгізілуі немесе әрекет етуі мүмкін

Дискриминацияламау – мемлекет, оның жеке және заңды тұлғаларына әріптес – мемлекет тарапынан жалпы жағдайлар ұсыну құқығы, сонымен қатар ұсынылған жағдайлар басқа мемлекет тердегіден нашар емес болуы немесе мемлекеттің жалпыға ортақ жағдайларды басқа мемлкеттерде нашарлатпау міндеті.

Ұлттық режим – саудалық келісімдер қарастырылған ереже, сәйкесінше жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен міндеттері ұлттық субъектілердің, яғни мемлекет азаматтарының құқықтары мен міндеттерінде толық қанды теңестіріледі.

Преференциалды режим – бұл мемлекеттер арасында әрекет ететін кедендік баждар мен өзге де алымдарға қатысты саудалық жеңілдіктер. Дамыған елдер мен дамушы елдер арасында қолданылады.

Өзара , ортақ пайда – мәмілелерде шетелдіктерге ұсынылатын құқық кешені, егер іспеттес мемлекет өзінің жеке және заңда тұлғаларына сол құқықтарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ пайда мен міндеттемелерді өзара әділ бөлісу. Өзаралықтың түрлері:

ҚР тұлғалары берілген мемлекеттерде қолданатын құқықтарды шетелдіктерге ұсыну

материалдық

формалды

Жергілікті жерлерден шығатын заңдардың , жергілікті ҚР-ң тұлғаларымен тең дәрежеде ұсынылуы

реторсиялы

ҚР экономикалық мүдделерін ҚР субъектілерімен қазақстандық тұлғалардың мүдделерін бұзатын шараларды шетел мемлекеті қолданған жағдайда, сонымен қатар мәмілелік міндеттемелерді орындамаған жағдайда ҚР СЭҚ аясында қарсы шаралар қолдануға құқылы