Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.47 Кб
Скачать

10.2 Уақытша тауар әкелуге арналған ата корнеті туралы Конвенция

Уақытша тауар әкелуге арналған АТА корнеті туралы Конвенция 1961 жылы 6 желтоқсанда Брюссельде қабылданып, 1963 жылы күшіне енді.

Халықаралық жүйеде әр түрлі мемлекеттердің кеден қызметтері үшін уақытша жіберілетін тауарлар әкелімдері, бұрынғы 1958 жылдың Халықаралық сауда палатасынан түскен үсыныс бойынша келісім жасау шешімі қабылданды. Бұл ұсыныстар институт кіріспесіне кедендік корнетті немесе триптих, үшке бүктелген қағаз, яғни арнайы кітапша – ол әр түрлі кәсіби құралдарды баж салығынсыз уақытша әкелуге құқылы құжат.Сонымен қоса астын сызып кететін жай, ол Халықаралық сауда палатасы Халықаралық ақпарат бюросы атынан бұл құжатқа кепілдеушісі ретінде қарастырылады.

Корнет проекті 1960 жылжың қазан айында Тұрақты Кеңес комитетімен Халықаралық сауда палатасы, Халықаралық ақпарат бюросының сауда палатасы жіне ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен мәжілісте қарастырылды. Мемлекеттер - ГАТТ келісім жасаған жақтар, проектінің бірнеше нұсқаларына экспертиза жасауға мүмкіндік алып, 1961 ж. 6 желтоқсанда АТА Конвенция мәтінінде экспертиза шешімі ескерілді.

Аббревиатура АТА француз және ағылшын сөз тіркестерінің бастапқы әріптерінің комбинациясынан құралған, яғни « уақытша жорамал» ( француз « admission temporaire» және ағылшын «temporary admission»). Конвенцияда сілтемелердің жеңілдіктері үшін ресми қысқаша аты «Конвенция АТА» жазылады.

Кеден терминдер сөздігінде «АТА кітапшасына» мынандай анықтама берілді - жүктердің уақытша әкелімі, шығарылымы және нақтылы жүктерді транзиттеу. 1961 жылы 6 желтоқсанда АТА кітапшасын қолдана отырып жүктерді уақытша әкелуге рұқсат етіліп, 1963 жылы 30 маусымда күшіне енді. АТА кітапшасының сыртын екі жасыл қап қаптап тұр, ал ортасында екі сары, екі ақ және екі көк парақтардан жасалған.

Жасыл қаптар АТА кітапшасы туралы және басты жүктер туралы қысқаша мәліметтен жасалған. Сары парақтар жүктерді уақытша апарылымға, уақытша шығарылымға және әкелімге арналған. Ақ парақтар жүктерді уақытша әкелуге және қайтадан шығаруға арналған. Көк парақтар транзитті жүктерді тасымалдауына бақылау жасауға арналған. Кітапшадағы таза парақтар саны тасымалданатын жүктің қанша кеден аумағанан өткеніне байланысты.

Конвенция 28 баптан құралады. Конвенцияның кіріспесінде оның негізгі мақсаты халықаралық коммерциялық және мәдени жұмыс салаларында артықшылық қолданылатын жүктерді, бажсыз уақытша әкелуді бір жүйеге келтіру, тараптардың кеден жүйесіндегі гармонизациясын және бейімдеу дәрежесін жоғарлату.

Әдетте 1 бапта Конвенцияның негізгі терминдеріне анықтама беріледі.Жеке алғанда « уақытша кіруге рұқсат» Конвенцияның 3 бабының шарты бойынша немесе ұлттық заңдар және мемлекеттік әкелім ережесіне сүйене отырып, уақытша әкелім сияқты анықталады.

АТА кітапшасы немесе корнеті жүктерді бажсыз рұқсатнама конвенцияның 3 бабымен сәйкес қолданылады, яғни уақытша тасымалданатындар:

а) 1961 жылы 8 маусымда Брюссельде қол қойылған кәсіби құралдарды уақытша әкелу туралы Кедендік конвенция шарты бойынша;

б) Жәрмеңкелерде, көрмелерде көрсететін тауарларды әкелу жағдайларын жеңілдетуге арналған Кедендік конвенция. (Брюссель, 8 маусым 1961ж)

в) басқа да халықаралық конвенцияларға сәйкес, белгілі бір мерзімге жеке жүктерге салықсыз өткізу қарастырылады, мысалы, 1950жылы ЮНЕСКО шеңберінде қабылданған білім, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды тасымалдау туралы келісімді айтуға болады.

г) Ұлттық заң мен ереже лерге сәйкес уақытша кіргізілетін жүктер, қарастырылған Конвенцияының 3 бабын да, мемлекет ішіндегі заң шығарушының көз қарасына қалады.

Бірінші 1987 жылдың қарашасында өткізілген мемлекеттік конференцияда - АТА Конвенция жақтарымен келісілген ( 1963жылы күшіне енген) АТА корнетінің жаңа үлгісіне қатысты Халықаралық Сауда палатасында Бұқаралық Ақпарат туралы ұсыныс қабылданды. бҰл құжаттың жаңа үлгісі АТА корнетін қолдану тиімділігін күшейтеді, сонымен қатар оның алдыңғы үлгісіндегі кейбір негізгі сипатын сақтайды, мысалы, парақтары бар қаптардың түсін сақтайды.

Конвенцияның 1 бабында көрсетілген терминдер қатарындағы тракттардың екеуін атап өтейік: «біріктіруді көрсететін» және «бірігу кепілі». Біріншісі ұлттық бірігу, келісілген жақтардың территориясында кедендік биліктің АТА корнетін беру құқықтары мағынасын білдіреді, екіншісі – келісілген жақтардың Конвенцияның 6 бабына сәйкес, егер уақытша мемлекетке жүк кіргіз туралы талаптарын орындамаған жағдайда, кеден үкіметімен бекітуі бойынша жақтар төленетін соманың гаранты ретінде бірігуі.

Бірігуді беруші АТА карнетін берілген күнен бастап бір жылдан астам уақытқа берілмеуі тиіс. Сонымен бірге олар АТА карнет қабында қай мемлекетте істейтін мемлекеттер тізім, және де соған сәйкес бірігу кепілдемелердің (Конвенцияның 4б.) атаулары жазылуы керек.АТА корнетінің талабы бойынша жүктерді шығару үшін бекітілген кезеңдер, қалай болған жағдайда да корнеттің (5б.) уақытынан аспауы керек.

Бір жағдайды атап өту маңызды: егерде өткізілетін жүктер өңдеу немесе жөндеу мақсытнда болса, онда олар АТА кітабының негізгі режимінде өтпеуі керек. Бұл туралы К:Г: Борисов былай жазады, келісілген жақтардың арасында уақытша жүкті бір мемлекеттің кедендік территориясынан екінші мемлкеттің кедендік территориясынан өткізу екі формада іске асу мүмкіндіге бар дейді: уақытша-салықсыз және салықсыз-талаппен кіргізу: «Уақытша-салықсыз кіргізу тауардың үлгілері мен модельдеріне қатысты, көрмеге арналған экспанантар, конкурстар мен жәрменкелерге беріледі; тасымалдаушы құралдар; жабдықтар мен приборлар, жинақтауға, сынақтан өткізу, жөндеу және қойылған құралды монтаждау үшін уақытша өткізіледі.

Уақытша-салықсыз кіргізуге қарағанда салықсыз-талапты кіргізу тауарларды кіргізу және оны қайта шығару мүмкіндігіне байланысты және оның бастапқы кіргізер алдындағы түріне және шыққандағы кейпі аса маңызды емес» [11].

К.Г. Борисов сонымен қатар, қарастырыл отырған Конвенцияның халықаралық кепілді тізбегіндегі АТА жүйесінің уақытша-салықсыз кіргізі тағы да кедендік транзитті жүктерді жол жөнекей мемлекетке уақытша кіргізу және қайтарда мемлекеттен шығару мақсатында қолданылады деп атап кетті[1].