Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.47 Кб
Скачать

8.3. Жою. Алдын ала классификациялық шешімді өзгерту немесе қайтару

Кеден органдары өздері қабылдаған алдын ала классификациялық шешімді жоя, өзгерте немесе қайтара алады.

Егер алдын ала классификациялық шешім мәліметшінің толық емес немесе анық емес мәліметтердің негізінде қабылданған болса, сонымен бірге Қазақстан республикасының алдын ала классификациялық шешіміне қатысы бар заңы өзгерген кезде ол шешімдер жойылуға немесе өзгертілуге дәл келеді.

Алдан ала классификациялық шешімінің өзгеруі немесе жойылуы туралы шешім ҚР кеден органдарының ескерту мәліметшіге ресми тапсырудан кейин күшіне енеді.

Егер мәлiмдеушi алдын ала классификациялық шешiммен пайдаланса немесе толық емес немесе анық емес мәлiметтi берсе, шешімінің жою, өзгерту немесе қайтару төлемі қайтарып берілмейді.

Алдын ала классификациялық шешiм келесі жаңдайларда қайтарыла алады:

  • бүкіләләмдік кеден ұйымының ҚР қолдауына қажетті бұрын қабылданған алдын ала классификациялық шешім қатынасында тауардың классификациясына тиісті шешімді қабылдау байланысында.

  • ҚР үкіметімен СЭҚ ТН жана редкциясының бекітуіне немесе жұмыс істеп тұрған СЭҚ ТН редакциясына қолданулар мен қосымшаларды еңгізулеріне қатысты шешімдердің қабылдау байланысында.

  • Орталық кеден органдарымен, барлық кеден органдар мен СЭҚ қатысушыларға, бұрын қабылданған мұндай тауардың қатынасында алдын ала классификациялық шешімінен айырмашылығы бар сөзсіз қажетті тауардың классификация туралы шешімді қабылдау байланысында.

  • Алдын ала классификациялық шешімі қабылдануында қатенің анықталуы байланысында.

Басында қабылданған алдын ала классификациялық шешімін қайтару кезінде кеден органдар жаңа алдын ала классификациялық шешім қабылдап, мүдделі тұлғаға төлеусіз береді.

9.Қр кеден органдарының қызметіндегі Еуразия экономикалық қауымдастығының Сыртқыэкономикалық қызметiндегі Тауар Номеклатурасының рөлi

9.1 Еуразия экономикалық қауымдастығының Сыртқыэкономикалық қызметiндегі номеклатурасының кейбiр ерекшелiктері

9.2 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауар Номеклатурасына сәйкес тауарлардың кодын анықтау технологиясы

9.3 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнің Тауар Номеклатурасын қр кеден органдары қызметінде қолдануы, оның детализациясын жетілдіруі және дифференциациясы

9.1 Еуразия экономикалық қауымдастығының Сыртқыэкономикалық қызметiндегі номеклатурасының кейбiр ерекшелiктері

СЭҚ тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыруын, статистикалық есеп жүргізуін, статистикалық мәліметпен алмасуын жетілдіру үшін ЕуразЭҚ қатысушы-мемлекеттер Үкіметі жана біртұтас ЕуразЭҚ СЭҚ ТН қабылдады, ол бүкіләлемдік сауда ұйымының (БСҰ) тауарларын кодтау және сипаттау үйлесілген жүйесінде, және біртұтас ТМД СЭҚ ТН базасына негізделген.

ТМД елдерінде 1995-2003 жж дейін жұмыс істеген,ТМД СЭҚ ТНның орнына ЕуразЭҚ СЭҚ ТН қабылданды.

ЕуразЭҚ СЭҚ ТНның жана редакциясы ЕуразЭҚ елдерінде интеграциялану процестерін әрі қарай дамытуына қызмет көрсетіп, ЕуразЭҚ елдерінің Халықаралық Еңбек бөлінісінде белсендірек қатысуына мүмкіндік туғызады. Бірақ қазіргі шарттарда, ЕуразЭҚ елдерінің, Кеден одағына қатысушы елдердің, әр бір бөлек алынған елдің экономикалық мүдделерін тиімді қорғау үшін СЭҚ ТН әрі қарай тәптіштеу және дифференциациялау жұмыстарын өткізу; БСҰ комитетінің үйлесілген жүйе жұмыстарына белсене қатысу, нақ сонымен нысананы көздейтін отандық өнімдердің нақты түрлерін, баждар денгейінің ортақ төмендеу кезінде тарифтік корғауын кепілдік беретін экономикалық саясатын өткізуіне ұмтылу керек.

2004 ж қаңтар айында ЕуразЭҚ СЭҚ ТН күшіне енді.

Тауардың кодтық белгiсiнiң ұзындығы 10 цифрлы он қатарлы таңбаларды құрайды :

кодтың 1-6 дәрежелерi тауардың үйлесiлген жүйе бойынша тауарларлық сипаттама және кодтау арқылы классификациялық топтауын белгiлейді. (СЭҚ ТН халықаралық негiздері) ;

7-8 дәрежелері Еуропалық Одақтың Құрамалы Номенклатурасында (ЕОКН) тауардың кодтық белгiлерiне сәйкес келедi;

9-10 дәрежелері СЭҚ ТНың әрі қарай жүргiзу процесінде дәстүрлi ұлттық тауарларды ерекшелеуiне арналған; қазіргі уақытта бұл дәреже мағыналы нөлмен толтырылады.

Он дәрежелі ЕуразЭҚ СЭҚ ТНның мақсаты кедендік баждар мөлшерінің, нормативтік және құқықтық актілерін бейімдеуін, СЭҚтің реттеуін, кедендік процедураларды женілдетуін, статистикалық мәлiметтердiң жиынын және салғастырымдылықтарын ескереді.

ЕуразЭҚ СЭҚ ТНнын классификациялық құрылымы төмендегідей:

ТМД СЭҚ ТН классификациялық топтаулардың біркелі түсіну мақсатында, топтарға, бөлімдерге және нақты тауарлық позицияларға ескертулер, сонымен қатар Үйлесілген жүйе интерпретациясының заң күштері бар Негізгі ережелері қолданылады.

СЭҚ ТН тауарларының классификациясы келесi ережелер бойынша iске асады : бөлімдердің, топтардың, шағын топтардың атаулары СЭҚтің пайдалану жұмыстарында ыңғайлылық үшін келтіріледі. Алдынғы редакциядағыдай ЕуразЭҚ

СЭҚ ТНның кодтарының жана редакциясы 21 бөлiм және 97 топтан тұрады.

ЕуразЭҚ СЭҚ ТНның келесi детализациялау деңгейлерi бар:

  1. Бөлімдер – өнеркәсіп саласы сәйкестігімен топталған римдік цифрлармен нөмірленеді.

  2. Топтар – қисынды екi таңбалы, бөлiмдердiң нөмiрлеуiмен ешқандай да байланыстары жоқ, араб нөмiрлерінен тұрады, бірақ келесі сәйкестіктермен детализацияланады:

Бұл тауарларды істеп шығарылған материалдармен ;

бұл тауарлар орындайтын функциялармен; өндеу дәрежелермен. Кейбiр топтарда детализациялаудың қосымша деңгейі – римдік цифрлармен белгіленетін шағын топтары бар.

  1. Тауар позициялары – тауарлардың детализациялануы ерекше белгiлері бойынша өткізіледі.

  2. Субпозиция – Барлық жоғарыда аталған белгiлердi қолданылатын тауарлардың детализациялануы, сонымен бірге қосымша белгілерді де қолданады.

  3. Подсубпозиция – терең детализацияланған он қатарлы коды бар.

СЭҚ ТНда тауарларды классификациялық подсубпозицияға бірмәнді жатқызу қағидаты қатаң сақталады, СЭҚ интерпретацияның негізгі ережелерін және бөлімдерге, топтарға (соның ішінде бөлімдерге, тауар позицияларына, субпозицияларына, сонымен бірге ерекше классификациялық сұрақтардын шешіміне қызмет корсететін қосымша ескертулерге) ескертулерін қолданумен өндеу дәрежесі есепке алынады.

Бөлiмдер денгейінде тауарлардың классификациясы келесi қағидаларға сүйеніп өндiрiледі:

  1. Тауардың пайда болу әдісімен – мысалы, ауыл шаруашылығы, балық шарушылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, минералогия тауарлары.

  2. Химия құрамы бойынша – мысалы, майлар; химия саласы және оған сабақтас салалардың өнiмдері: пластмасса, Каучук.

  3. Тауар жасап шығарылған Материалдың түрімен – мысалы, терi-терсек, ағаш, қағаз; тас, гипс, цемент бұйымдары; асыл және жартылай асыл металлдар.

  4. Тауардың функциялық мәні бойынша – мысалы, дайын азық-түлiк өнiмдерi; тоқыма бұйымдары; аяқ, бас киiмдер; машина және жабдықтар, көлiк құралдары, сағаттар, музыка аспаптары, қару, жиһаз.

Топтар құруында тауар өндеу тізбегінің, Кеден тарифтарында Үйлесілген Жүйені қолдануға қолайлы жағдай құрайтын қағида салынған (шикізаттардан дайын бұйымдарға дейін); сонымен бiрге тауардың халықаралық саудадағы мәнi. Тауар позиция мен субпозицияларды құрасырған кезде әр топта өз белгілерінің тізбегі қолданылады,бірақ барлық жиынтықтан келесіні ерекшелеуге болады: өңдеу дәрежесі, тағайындау, тауар істеп шығарылған материалдың түрі, әлемдiк саудадағы тауардың мәнi, маусымдық, форма, өлшемдер және тағы басқалар. ЕуразЭҚ СЭҚ ТНның келесі қасиеттері бар:

  1. Тауардың топқа бөлінуі нақты есептермен негізделген, демек тауарды, тек қана теория жағынан негізделген және СЭҚ реттеу мақсатында пайдасыз болып табылатын топқа бөлуге болмайды.

  2. ЕуразЭҚ СЭҚ ТН топтары бір бірін мазмұн бойынша кесiп өтпейдi.

  3. ЕуразЭҚ СЭҚ ТНда барлық жылжымалы мүлiктер айқындалады.

  4. Әр түрлi тауар шектеуiнiң қағидалары СЭҚде объект болып табылады. Материалдар, немесе бірнеше шектеу материалдары, немесе тауар істеп шығарылған бірнеше материалдар, және тауар атқаратын функциялар – ортақ белгілер болып қызмет көрсетеді. Басқа белгілері болып тауар өндеу дәрежесі, салаларға жатуы, тасымалдау және сақтау ерекшеліктері қызмет көрсетеді.

  5. ЕуразЭҚ СЭҚ ТН тауар позицияларын жартылай бірдей болып қалу жағдайларын қарастыратын нақты ережелері мен анықтамалардан тұрады.

  6. ЕуразЭҚ СЭҚ ТН классификациясы балансталған болып келеді. Демек әр түрлі, бір денгейде болып тұрған тауар позицияларының аз-кем салыстырмалы экономикалық салмағы бар. Сонымен бiрге тауарлар тобын сипаттау үшін қажеттi «кәрзеңке позициялар» секілді ерекшелiктері бар.

2002ж, Қыркүйек айының 20, Астана қаласында қабылданған ортақ ЕуразЭҚ СЭҚ ТН Келісіміне сәйкес, РФ Кеден қызметіне мүше мемлекет бірлестіктің Кеден қызмет жетекшілерінің кеңесімен, ЕуразЭҚ СЭҚ ТН жүргізуін жүзеге асыру тапсырылды, соның iшiнде:

  • ЕуразЭҚ СЭҚ ТН Халықаралық негiзiнiң өзгерiстері және қосымшаларына,түсіндірулеріне және негізгі талдауларды басқа да шешімдерін қадағалау

  • ЕуразЭҚ СЭҚ ТНын оның халықаралық негізімен сәйкестікке келтіру

  • ЕуразЭҚ СЭҚ ТН эталон данасының жүргiзуін және сақтауын жүзеге асыру

  • Басқа Мүше мемлекет қауымдастықтың Кеден Қызметтерімен бірлесіп түсіндірулерді талқылап өндіру және, мүше мемлекет қауымдастықтың Кеден қызметі жетекшілер кенесінің тапсыруы бойынша, классификациялық шешiмдерді ЕуразЭҚ СЭҚ ТН түсiндiрмесі бойынша бекiту

  • ЕуразЭҚ СЭҚ ТН жариялауды және соған арналған түсіндірулерді камтамасыз ету.

  • ЕуразЭҚ СЭҚ ТН жүргізуіне қажетті басқа функцияларды жүзеге асыру

Мүше мемлекет қауымдастық үкіметінің СЭҚ ТН қолданумен сабақтас, ұлттық заңға қажеттi өзгерiстер мен қосымшаларды енгiзу бойынша шара қолданады.

Әр бір келісімге тұрып жатқан ел келесі міндеттерді атқарады:

  • Үйлесiлген жүйенің барлық тауар позициялары мен субпозицияларын қолдану, сонымен бірге оларға қатысты цифрлық кодтар еш бір өзгерiстер және қосымшаларсыз болу керек.

  • Үйлесілген жүйе қабылдаған кодтауының ретiн сақтау.

  • Тауарды он қатарлы код сәйкестiгінде әкеліп әкету туралы өз статистикалық мәлiметін жариялау.

  • Үйлесілген жүйе интерпретацияның негiзгi ережесiн, сонымен бірге бөлімдерге, топтарға, тауар позициялары мен субпозицияларына барлық ескертулерді қолдану.