Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.47 Кб
Скачать
    1. Қр дағы сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы экономикалық қатынастар дамытудағы мақсаты

Сыртқы экономикалық қатынаста ұсынылған:

  1. Сыртқы сауда- әртүрлі мемлекеттермен аймақтар арасындағы сауда тауарлардың экпорты мен импортты, тауарлармен қызметі сыртқа шығару (экспорт) және кіргүзіде (импорт) тұрады.

Негізгі сыртқы сауладағы қызметті сату сатып алу келісіміне жатады.

  • Машина жасу өндірісінің қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету операцияалары

  • Инжиниринг, немесе инжинерлі- технмкалық қызметті сату операциялары

  • Арендалық қатынас

  • Туристік қызметтегі экспорт импорт операциялары

  • Басқаруды жетілдірумен имформатика саласындағы кеңестік қызмет

  1. Шетел инвестициялары және капиталдың экпорты мен импорты, ол 2 формада жүзеге асыралады: кәсіпкерлік және ссудалық. Сонымен қатар халықаралық капитал жылжуы экономикалық көмек формасында жеңілдік (пайызсыз, төмен пайыздық) несие тегін түрлерінде жүзеге асырылады.

  2. Жұмыс күшінің экспорты мен импорты – олардың шетелде уақытша немесе тұрақты жұмыс істеуі үшін мамандар мен кадрларды дайындау

Кірістердің экспорты мен импорты мысалы: басқа мемлкетке банктік есептікк шот ашып және салымдардан процент алу.

Сыртқы экономикалық қызметтің түрлеріне қатысты : 1. Сыртқы сауда қызметі – бұл интеллектуалдық қызмет көрсеткіштерімен ақпарат, қызмет , тауарды халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлігі. 2. Өндірістік операция – технологиялық бөлінісінің әртүрлі процестегі бір-бірімен конструктивті байланысты шетел әріптестерінің арасындағы қауымдастықтың формасы. 3. Халықаралық инвестициялық қауымдастық – материалдық техникалық сипатта және қаржылық күштерді біріктіру негізіндегі шетел әріптестерінің әрекет формасы. 4. Валюталық және қаржы кредиттік операциялар – халықаралық есептеу жүйесіндегі сыртқы сауда төлемдерін және ішкі валюталық нарыққа қызмет көрсетудің қаржы кредиттік сферасындағы сыртқы экономикалық қызметтің спецификалық түрі.

Экономикалық бағытты халықаралық шаруашылыққа бағдарлау Қазақстан үшін қолайлы ол ең бастысы алдыңғы инвестициялық салалар мен өндіріске инвестициялық қолайлы жағдай тудырады және келесі жетістіктерге жету үшін рационалды жағдайларға қолдануға қолайлы:

  • Экономиканың реструктуризациясы

  • Мемлекеттің экспорттық потенциалын күшейту

  • Импортты алмастырушы өндірісті арттыру

  • Экономиканың жеке және аралас секторларын қалыптастыру

  • Нарық инфраструктурасын жасау

  • Шетелдің озық технологияларымен басқару тәжірибесін жұмылдыру

    • ҚР Үкіметі мен ҚР-дағы СЭҚ-ті одан әрі дамытудың басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары анықталған:

  1. Экспорттық потенциалын дамыту, оған қоса құрылымын жетілдіру, ғылымдық өнім бөлігін ұлғайту және бәсекелестік көрсеткішін арттыру;

  2. Микродеңгейде (экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер ,алмастырушы және экспортты ынталандырудың мемлекеттік механизмін дайындау, сонымен қатар макродеңгейде мемлкеттік инвестициялармен шетел несиелерін орналастыру механизіміне сәйкес экспорттық баждар кірісінің бөлігін қолдану жолымен дайындау;

  3. СЭҚ-тің қазіргі заманғы өндірістік және қаржы экономикалық құрылымын қалыптастыру;

  4. Саяси-экономикалық қауіптен сақтандырудың институттарын қалыптастыру;

  5. Мемлекеттің экспорттық базасын күшейтуге бағытталған,өндірістің негізгі құралдарын қамтамасыз ету процесінің модернизациясы және экономиканың құрылымын өлшеу мақсатындағы импортты рационализациялау ;

  6. СЭҚ-ң ҚР-нда тұрақтылығын қамтамасыз ету және бұл мақсаттарға жету үшін әлемдік және ішкі нарық конюнктурасының ауысуына сәйкес мемлкеттік реттеу механизімінің жаңа элементтерінің қайта қарау және қолданыстағы өзгертуді болжайды.

Ұлттық – сыртқы экономиканың стратегиясының таңдауына елдегі жалпы экономикалық жағдай сондай-ақ әлемдік шаруашылық байланыстардың интернационализациясындағы тенденция маңызды ықпал етеді.

Осы шарттарда кез келген мемлекеттердің макроэкономикалық стратегиясы , мемлекеттің экономикалық саясатының СЭҚ-ң маңыздылығы мен анықталатын сыртқы экономикалық факторлардың күшті әсерін көреді. Олардың санына әлем нарығында бәсекелестіктің асқынуына, төлем баланстарының өсіп бара жатқан теңсіздігі, көп елдердің сыртқы қарызы, жеке елдеріндегі экономикалық және саяси тұрақсыздығы жатқызылады.

Бұл факторларды әрекет етуі мемлекеттің сыртқы саудадағы тұрақты әрекеттесуінде 2 бағытты : либерализм мен протекционизмді тудырады.

Белгілі болғандай , протекционизм – ішкі нарықты қорғауға бағытталған мемлекеттің саясаты , либерализм (фритредерство) ішкі нарыққа шетелдік тауарлар, капиталдар, жұмысшы күштеріне жайдарылық мақсатқа ие , яғни ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттырады.

Сыртқы экономикалық қатынастарды және басқару мәселелері Конституциямен , ҚР Салық және Кеден кодекстерімен, «Лицензиялау туралы » «сертификаттау туралы», «шетелдік инвестициялар туралы», «арнайы экономикалық аймақтар туралы», «валюталық реттеу туралы» заңдарымен және басқа да құқықтық актілермен және ҚР Үкіметінің қаулыларымен реттеледі.