Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.47 Кб
Скачать

6.3. Тауардың кодталуы мен бейнелеудің үйлесімді жүйесінің Еуропалық Ынтымақтастығының Құрастырылған номенклатурасы ретінде

1998ж ГС туралы конвенцияға 86 мемлекет қосылды, олар ГС негізінде өздерінің тауар номенклатураларын жіне кеден тарифтерін жасап шығарады. Конвенцияның негізгі талаптары ұлттық номенклатураның бөлімшелері НГС –те берілгендей алты таңбадан жоғары кодпен кодталған және толықтырылған болуы мүмкін.

Осылайша ГС негізінде Еуропалық қауымдастықтың құрастырылған номенклатурасы құрылуда (тарифтік статистикалық).

КН ЕС-тің құрылымдық номенклатураның толық версиясы ЕС және ЕС комиссиясы қабылдаған толықтырулармен бірге жыл сайын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында ЕС-ң ресми ведомстволарында жарияланады және келесі жылы күшіне енеді. Осыдан кейін жыл бойына номенклатура өзгеріссіз қалдырылады. ЕС ГС туралы конвенцияға қол қойды және ратификациялады, сондықтан ЕС-ң құрылымдық номенклатурасына енгізілген барлық өзгерістер конвенцияда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді.

6.4. Бұрынғы ксро-мен тауардың кодталуы мен бейнелеудің үйлесімді жүйесін жүргізу

Бұрынғы КСРО-да сыртқы сауданың дамуы тауарларды кодтаудың және классификациялаудың жаңа жүйесіне көшудің қажеттілігін тудырды. 20 ғ 80-шы жылдарында ГС-ті жүргізу туралы арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия құрамына мүдделі одақтастардың министрлері ведомстволары және ғылыми зерттеу ұйымының мамандары кірді. аталған комиссиямен ГС номенклатурасын жекелеген елдерде тәжірибе жүзінде қолдану зерттелді (ГС –ке өту іс жүзінде 1988 жылдың 1 қаңтарынан басталды).

Дайындық жұмыстары кезінде СЭҚ-ң барлық комплексі үшін ГС пен және іс жүзіндегі классификациялық жүйелердің арасына көшу алғышарттарын жасап шығару жүргізілді. Осылайша, КСРО госкомстаты КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігімен бірге КСРО кедендік бақылауының басты басқаруының қатысуымен ГС номенклатурасы және ЕТН-ВТ-СЭВ арасында көшу алғы шарттарын жасап шығарды. Көшудің белгілері СЭҚ қатысушыларына тауарларды кодтаудың және классификациялаудың жаңа жүйесіне көшуді еш қиындықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

ГС номенклатурасы және ЕТН ВТ СЭВ арасында көшпелі белгілерді жасап шығару процесінде , ЕТН ВТ СЭВ көптеген тауарлардың классификациясы халықаралық пен салыстырған көптеген ескіргені және оны қазіргі заманға классификатор ретінде енгізудің қажеті жоқтығы мәлімделді. Аталғған жағдайда сөз ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын 7-8 метрлік белгілер туралы. Одан басқа ЕТН ВТ СЭВ сыртқы сауда туралы халықаралық дәрежеде мәліметтердің салыстырмалылығын қамтамассыз еткен жоқ. Шетелдік мемлекеттермен ГС номенклатурасын қолдану тәжірибесін зерттегеннен соң халыұқаралық комиссия КСРО кедендік және статистикалық мақсатына Еуропалық Қоғамдастықтың құрылымдық номенклатурасы толығымен джауап береді деген шешімге келді.

КСРО министрлер кеңесінде халықаралық комиссия ұсынған ұсыныстарға сәйкес 9 таңбалы кодтау жүйесін қолданатын СЭҚ ТН бекітілді. Алғашқы сегіз белгі КНЕСКН сәйкес келді, алты тоғызыншы белгі тауарларды кодтауда және классификациялауда одақтас республикалардың ұлттық ерекшеліктерін айқындау үшін қалдырылған болатын.

СЭҚ ТН толығымен ЕТН ВТ СЭВ-ті ауыстыруы тиіс болатын. Осылайша, ГС және ЕТН ВТ СЭВ ұлттық СЭҚ ТН құру үшін негіз ретінде қолданылған болатын, ол КСРО –да 1991 ж 1 қаңтардағы КСРО министрлер кеңесінің қаулысына сәйкес қолданыла бастады. СЭҚ ТН тәжірибеге енгізу жұмыстарымна мүдделі министрліктер жіне ведомстволар бірқатар нормативтік құжаттар жариялады.

Барлық осы құжаттарға ортақ талап:

Сыртқы сауда операцияларын жүргізумен байланыста барлық материалдарда СЭҚ ТН-на сәйкес тауарлардың атауларын көрсету оны қажетті жағдайларда келесі сипаттамалармен толықтыру, жекелей алғанда:

өлшемі;

моделі;

тауардың түсінігі мен қабылдауы үшін бірыңғай қажетті комплекттеуі мен т.б.

7. ТМД-ң сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына кіріспе

7.1 ТМД-ң сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы: құрылым және тауар классификациясының реті