Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.47 Кб
Скачать

УДК 339.5(075)

ББК 65.428

К18

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-дағы экономикалық мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік кеңесімен Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ғылыми кеңесі мақұлдаған

Рецезенттер:

Нәрібаев М.К. э.ғ.д. Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТҮ жоғарғы білімнен кейінгі халықаралық институтінің «Университет ШЫҰ» кафедра менгерушісі

Курманалиев Қ. э.ғ.д. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің докторантура және магистратура институтының профессоры

Текенов У.А.-э.ғ.д. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дегі «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының профессоры

К18 Қамшыбаев Р.А

Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы оқу құралы –Алматы:Экономика, 2010 – 117б.

ISBN 978-601-225-145-6

Сыртқы экономикалық қызмет Сыртқы экономикалық қатынастар,Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы және олардың элементтері ,тауар мемлекетінің пайда болуы және анықтамасы, кедендік тауар бағасын анықтау әдістері түсініктеріне мінездеме берілген .

Тауарларды кодтау, кеден мақсаттары үшін тауарлардың сыныптамасы, жөнелтілім, келісімшарт есебін уақыты мен формалары, сыртқы сауда келісім шарттарына отыру реті, сыртқы сауда қызметінің ұйымдастыру мәселелері ашылады. Мейлінше толыққанды ТМД мен ЕуразЭҚ тауар номенклатураларының құрылымы,интерпретациясының негізгі ережелері,кедендік процедуралардың гармонизациясы жайындағы стандарттары берілген.

Тауарлардың кодтарын анықтау мен білімді толықтыруға берілген материал көмекші болады.

Кеден қызметінің қызметкеркерлері,магистранттар,стунденттер үшін арналған.

УДК 339.5(075)

ББК 65.428

c

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ,2010

С

Қамшыбаев Р.А., 2010

c

«Экономика» ЖШС баспасы, 2010

Авторлық келісімінсіз бөлімін немесе оны тарату және авторлық құқық нормаларын бұзатын өзге де әрекеттерге тыйым салынады және заңмен қудаланады.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық процесі ұлттық мүдделерді сақталуын және сыртқы саудадағы қолайлы әріптестікті қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл жағдайда өзекті мәселе кедендік реттеу мен кедендік санатты тұтастай жетілдіру,ал бұл ұлттық экономикалық қауіпсіздік кепілі болып табылады. Кедендік саясатты жүзеге асыру бағыттары болып: сыртқы сауда қызметін ұйымдастыру көрсеткішінің жоғарылауы,сыртқы сауда келісімшартына отыру реті, Қазақстан Республикасының екі не көп жпқты халықтық құқықтық сауда құжаттарының негізінде келісімшарт есебінің формасы мен уақыты,базалық жөнелтілім жағдайы, тауарларды сыныптау мен кодтау табылады. Республикалық бюджеттін кіріс бөлігіне кедендік тауардың құнын анықтау, сонымен қатар тауар мемлекеттік анықтау маңызды мәселеге айналып отыр.

Бұл орайда Еуропалық экономикалық қауымдастықтың үйлесімді тауарларды тізімдеумен хаттау жүйесі және құрамы тарифті статистика номенклатурасында жасалған сыртқы экономикалық қызметін реттеуде қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) мемлекеттік реттеуде тауардың номенклатурадағы жағдайы оның орналасуы, тауар режимін анықтауда маңызды.

Кеден шекерасы арқылы нақты тауарларды өткізу кезінде, кедендік декларацияда тауарлардың сыныптамасын көрсету, заңға ауытқулар, құқық бұзушылық деп танылып, сол кездегі әрекет заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.

Ережелермен ескертулерге сәйкес тауарларды сыныптау тобы бірегейлік принципі бойынша сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасында қамау сақталады. Кедендік баждармен өзге де төлемдердің мөлшерін анықтауды сыныптау тобының бірегейлік түсінігі керекті жағдай болып табылады.

Айта кету керек кез келген мемлекетте және халықаралық ұйымдарда тауар номенклатурасы, тауарлады кодтау мен сыныптаудың әр түрлі әдістері, сонымен қатар өзіндік есептеу әдістерімен сыртқы экономикалық қызметпен мәліметтерді жинау мен өндеудің өзіне тән әдістері қолданылады. СЭҚ тің тауар номенклатурасын кедендік тарифтік статистикалық мақсатта қолдану, импортталған экспортталған тауарлардың орташа бағасын анықтауға мүмкіндік береді, жіне мәліметтерін анықтауда таптырмас қайнар көзі болып табылады.

Мемлекеттік СЭҚ тің динамикасы, экспортпен импортты географиялық орналастыру, халықаралық тауар нарығының комьюктурасын анық бағалауға, СЭҚ ң тауар номенклатурасын білуі мүмкіндік береді

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі дамуы мәні мен мазмұны

    1. «Сыртқы экономикалық қызметтің» және «Сыртқы экономикалық қатынастар» олардың айырмашылығы, түсінігі мен мазмұны

    2. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы экономикалық қатынастар дамытудағы мақсаты

    3. Сыртқы экономикалық қызметтерді басқару органдары

    1. «Сыртқы экономикалық қызметтің» және «Сыртқы экономикалық қатынастар» олардың айырмашылығы, түсінігі мен мазмұны

20 ғасырдың екінші жартысында халықаралық шаруашылық қызмет ауқымын өсуі, мемлекеттер арасындағы әр түрлі қатынастардың ұлғаюы халықаралық еңбтек бөлінісін тереңдеуі түсуі сипат ала бастады, өзара тәуелділік және өндіріс жүйесінің қатынастары, экономикалық өзара іс қимыл жүргізбеген мемлекеттер жоқ болған. Қазіргі таіда әлем өзара байланысты адамдар шаруашылық қызметінің арнасы. Демек кез келген экономикалық жақсы ұйымдастырылған сыртқы экономикалық қызметінсіз бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық қатынастар мемлекет аралық шаруашылық қатынастар жиынтығынсыз толыққанды дами алмайды. «Сыртқы экономикалық қызмет» (СЭҚ) түсінігі 1987 жылы пайда болды.

Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты.

Сыртқы экономикалық қатынастар ғылыми техникалық сауда өндірістік әріптестік және қаржы валюталық қатынастар нысанын іске асырудағы мемлекет аралық қатынастар. СЭҚ мемлекет аралық сауда экономикалық ғылыми техникалық әріптестіктің нысанындағы құралдармен әдістер жиыны сыртқы экономикалық қатынаста экономика мен саяси, комерция мен дипломатия, өндірістік өнеркәсіппен сауда, ғылыми зерттеу мен қаржы принциптік комерциялары айқындалады. Мемлекетаралық мақсатының бағынышындағы шаруашылық қызметі суьбектілер жүзеге асырумен бірге, олар өндірісінің даму фактірімен жағдайын, сонымен қатар қосылу тәсілдерін анықтайды. Белгілі халықаралық құқықтармен міндеттерді жекелеуші және өндірістік қызметті халықаралық шаруашылық кенісіндегі ұйымдастырушылық қабілеті бар, керекті капиталды жекелеуші шаруашылықбірлікте сыртқы экономикалық қатыныастардың суьбектілері болып табылады.