Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикум сабақтарды орындау үшін әдістемелік н...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.12 Mб
Скачать

Internet – те іздеу

«Адрес» өрісінде қажет сервер адресін теріп саймандар тақтасындағы «іздеу» батырмасын басамыз. Егер, Web сервер адресі сізге белгісіз болса, саймандар тақтасында «іздеу» батырмасын басыңыз, сонда іздеу серверлерінің тізімі шығады, тышқанды нақты қажет сервер адресіне басыңыз. Сонда іздеген сервер беті пайда болады. Іздеу серверлерінің тізімі сіздің провайдеріңізге байланысты.

Желіде глобальді іздеу саймандарын шартты түрде іздеу каталогтарына – анықтама типіндегі (Directories) суперпорталдар және таза түрдегі іздеу жүйелері (Search engines) деп бөлуге болады. Соңғысын іздеу машиналары деп те атайды.

Танымал ресейлік іздеу құралдары 1996 жылы пайда болды. Бұл: Рунетке арналған «Rambler» www.rambler.ru , шетелдіктерге ориентирленген «Russia on the Net» - www.ru, «Весь русский Internet» - www.diamondteam.ru/catalog/.

Орындау әдісі

Алдымен, «Rambler» іздеуші серверімен жұмыс істеп көрелік. «Адрес» өрісінде қажет мәліметті теріп, саймандар тақтасындағы «іздеу» батырмасын басамыз.

Табылған деректердің ішінен өзіңізді қанағаттандыратынын таңдаңыз.

Сол жазуға (ссылкаға) басу арқылы тиісті бетке өтіңіз.

Сол сияқты басқа беттерді де қарап шығыңыз.

3. Яndex www.yandex.ru іздеу машинасының URL жүктеңіз.Осы іздеу жүйесінің сұрау тілі синтаксисімен танысыңыз (КӨМЕК батырмасы). Іздеу машинасынан құжаттар тізімін (берілген құжаттардың мөлшерін тиімдете отырып, сұрауларға сәйкес қалыптысуды жазыңыз) алу үшін, сұрау тілінің қандай құралдарымен қолдануға болады:

  • Төлен Қаупынбайұлы ақынның өмір жылдары;

  • Ішкі жану двигателіндегі цилиндрлер блогінің әсер ету принципін жазыңыз;

  • Солтүстік-Қазақстандық блогына кіретін елдер тізімі;

  • «Қырандай едің шыңнан басқаға қонбаған» жолдары бар өлеңінің толық мәтіні

  • Алматы орталық бөлігінің картасы(немесе сызбасы);

  • Белгілі бір сөз кездесетін құжатты қалай алып тастауға болады;

  • Құжаттарды іздеу нәтижесін сұрыптау ретіне қалай әсер етуге болады;

  • Тізімдегі бірінші 10-15құжаттар үшін нақты бір сұрау бойынша іздеу нәтижесінің реттелуін (ранжирование) түсіндіріңіз;

Басынан – ақ іздеуші серверлер лидері Яndex болды. Ол 1997 жылдың қыркүйегінде пайда болды. www.yandex.ru адресі бойынша тұратын Яndex (Тілдік индекс) өзінің іздеу қабілеттерінде ешқандай Батыстың әйгілі іздеушілеріне орын бермейді. Сонымен қатар, ол әдейі орыс тілдік сұраныстарға бағытталған.

Іздеу жолдарына қарапайым кілттік сөздерді енгізу іздеуді әлдеқайда оңайлатады. Мысалы, сөздер арасына үтір қойса Яndex іздеу машинасы тек енгізілген сөздің ең болмағанда біреуі бар құжатты табады. Мұнда «&», «~» сияқты оператор – белгілерді қолдануға болады.Бір сөз орнына толық бір сөйлем енгізуге болады, ол үшін оны жақшаға алу керек. Мысалы, «(Қыстық,жаздық)/+1(Киім\аяқ киім)». Нәтижесінде, «Қыстық киім», «Жаздық киім», «Қыстық аяқ киім », «Жаздық аяқ киім» сөз тіркестері бар кез – келген құжаттар тізімін аламыз.