Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A-paratty-_zh-ye_negizderi_p-nini-_o-u--distem.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Агрегат кездейсоқ үрдіс ретінде

А-жүйенің құрамы құрама агрегаттар құрамымен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымымен де анықталады. Құрылымды агрегаттар арасындағы өзара әрекеттестік анықтамасымен бастайық.

В және С екі агрегаттар өзара байланысқан деп аталады, егер олардың арасында тікелей ақпарат алмасу жүзеге асатын болса, яғни А агрегатының шығыс ақпараты С агрегаты үшін немесе керісінше кіріс немесе басқарушы болып табылады. Бір-бірімен тікелей байланысқан агрегаттардан басқа қарапайым байланысқан агрегаттарды қарастырамыз. Егер В және С агрегаттары байланыспаған болса, онда оларды байланыспаған деп атаймыз.

Егер А агрегатының шығыс ақпаратының қандайда бір бөлігі С агрегатының кіріс ақпаратының бөлігі болып табылса, В агрегатының соңынан С агрегаты жүретіндігі туралы айтамыз.

А-жүйенің кез келген подсистемасы сондай-ақ А-жүйені көрсетеді. А-жүйе кешен деп аталады, егер оның кез келген агрегаты А-жүйенің бір элементімен байланысқан болса.

Жүйелерді агрегаттарға бөлу жалғыз болып табылмайды. Жүйені агрегативті көрсетудің бірнеше нұсқалары болуы мүмкін. Бірнеше агрегаттарды біріктіру кезінде агрегаттар арасындағы байланыс үлкен роль ойнайтынын есте сақтау керек. Бұл байланыстардың сипаты агрегаттың типі мен құрамына әсер етеді. Мұндай біріктіруге формальды түрде келуге болады. Ол үшін өзіне көптеген агрегаттарды көрсететін агрегаттарға операция құрылу керек.

Дәріс №5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер

  1. Кіріс пен шығыс операторларының түсінігі

  2. Агрегат кездейсоқ үрдіс ретінде

Дәріс6. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. АЖ АНАЛИЗІ МЕН СИНТЕЗІ

  • Жүйелерді зерттеу нәтижелерін нысандандыру.

  • Жүйелердің функцияларын ерекшелеу.

Жүйелерді зерттеу нәтижелерін нысандандыру

Ақпараттық жүйелердің құрылымы ішкі жүйе деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды.

Ішкі жүйе – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.

Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз ішкі жүйе жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал ішкі жүйені қамтамасыз етуші деп атайды.

2-сурет. Ақпараттық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін ішкі жүйе жиынтығы

Қамтамасыз ететін ішкі жүйе ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады.

Ақпараттық қамтамасыз ету

Ақпараттық қамтама ішкі жүйесінің міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.

Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар деректер базасын құру әдістемесі.

Жүйелердің функцияларын ерекшелеу

Техникалық қамтамасыз ету

Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық құралдарының комплексі.

Техникалық құралдар кешені мыналарды құрайды:

  • кез келген модельді компьютерлер;

  • ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;

  • мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;

  • өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ;

  • эксплуатациялық материалдар және т.б.

Құжатнамамен алдын-ала техникалық құралдар таңдап алынып, оларды эксплуатациялауды ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процестері безендіріледі. Құжатнаманы келесі үш топқа шартты түрде бөлуге болады:

  • жалпыжүйелік, техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттарды қосады;

  • арнайы, техникалық қамтамасыз етуді құрастырудың барлық сатылары бойынша әдістер кешенін құрады;

  • нормативті-анықтамалық, техникалық қамтамасыз ету бойынша есептеулерді орындау кезінде қолданылады.

Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер

  1. АЖ құрылымы

  2. АЖ құрылымын анализдеу және синтездеу

Дәріс7. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. АЖ АНАЛИЗІ МЕН СИНТЕЗІ

  • Есептерді макро- және микро- деңгейлерде қою және алгоритмдеу әдістемесі.

  • Ақпараттық жүйелер құрылымын синтездеу әдістері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]