
- •«Ақпараттық жүйе негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Глоссарий
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
- •Ақпараттық жүйелердегі процестер
- •Ақпараттық жүйелерді ендіруден нені күтуге болады
- •Жүйелер теориясының есептері
- •Қысқаша тарихи анықтама
- •Жүйелер теориясының терминологиясы
- •Дәріс №2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
- •Ақпараттық жүйелерінің түсінігі
- •Жүйелік анализ
- •Дәріс №3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
- •Аж сипаттаудың сапалық және сандық әдістері
- •Кибернетикалық жағынан жақындау
- •Аж динамикалық сипаттау. Аж каноникалық түрде сипаттау. Аж агрегаттық сипатталуы
- •Кіріс пен шығыс операторлары
- •Агрегат кездейсоқ үрдіс ретінде
- •Жүйелерді зерттеу нәтижелерін нысандандыру
- •Ақпараттық қамтамасыз ету
- •Есептерді макро- және микро- деңгейлерде қою және алгоритмдеу әдістемесі
- •Ақпараттық жүйелер құрылымын синтездеу әдістері
- •Дәріс №8. Ақпараттық үрдістер – ақпараттық жүйелерінің негіздері. Ақпараттық үрдістердің құрылымы мен түсінігі
- •Сигналдың математикалық моделдері
- •Детерминделген сигналдардың жиілік түрінде берілуі
- •Дискреттеу тәсілдерді жіктеу
- •Уақыт бойынша дискреттеу
- •Котельниковтың теоремасы бойынша санау дәлділігін таңдау
- •Деңгейлік бойынша кванттау
- •Ақпаратты өлшеу
- •Бұл жағдайда алынған ақпарат саны Нpr (априорды) тәжірибеге дейін және Нps (апостериорды) тәжірибеден кейін өлшем анықсыздығының айырымы теңестіріледі.
- •Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының модельдері
- •Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының өту қабілеті
- •Ақпараттан айырылу бағасы
- •Ақпараттың артықтығы туралы түсінік
- •Кодтау теориясының жалпы түсініктері
- •Бөгетке қарсы кодтау
- •Аналогты-кодтық түрлендіргіштер
- •Нақтылыққа тексеретін код
- •Тиімді кодтау
- •3. Практикалық сабақтар
- •Ақпараттық жүйелерді ендіруден нені күтуге болады
- •4. Студенттің өздік жұмысы
Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1-сурет) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:
1-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:
кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;
ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;
ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;
ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.
Ақпараттық жүйелерді ендіруден нені күтуге болады
Ақпараттық жүйелерді ендіруде келесілерді алуға мүмкіндік береді:
математикалық әдістер мен интеллектуалдық жүйелер және т.б. ендіруден басқару есептерін шешудің рационалды нұсқаларын алу;
жұмысшыларды оны автоматтандыруда көптеген жұмыстардан босату;
ақпараттың нақтылығын қамтамасыз ету;
мәліметтерді қағаздық тасымалдағыштардан магниттік дискілер немесе ленталарға ауыстыру, ол компьютерде ақпаратты қайта өңдеудің рационалды ұйымдастырылуына және қағазда құжаттар көлемінің азаюына әкеледі;
фирмада құжатайналым жүйесі мен ақпарат ағымының құрылымын жаңарту;
тағамдар мен қызметтерді өндіруде шығынның азаюы;
тұтынушыларға әмбебап қызмет көрсету.
Дәріс №1-2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
АЖ түрлері
АЖ классификациясы
АЖ процестерінің сипаттамалары
Дәріс №2. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ.
Жүйелер теориясының есептері.
Қысқаша тарихи анықтама.
Жүйелер теориясының терминологиясы.
Жүйелер теориясының есептері
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кибернетиканы пайдалану облысы мен әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқарудың әртүрлі практикалық мәселелерін шешуге арналған оның ең басты тәсілдері жинақталған.
«Жүйе» түсінігі – бұл абстрактілі ұғым, оның көптеген анықтамалары бар. Жүйе біздің миымызда, объективті өмірде бар. Олар сонымен қатар адамдармен құрылуы мүмкін. Мысалы, математика абстрактілі ғылыми жүйе болып табылады.
Жүйені бір-бірімен байланысқан және бір-біріне әсер ететін элементтер тобы ретінде анықтауға болады, олар бір бүтін немесе бір мақсатқа жету үшін құрылған компоненттер тобы ретінде құрылады.
Жүйеге келесі компоненттер кіреді:
Құрылым – жүйенің көптеген элементтері және олардың арасындағы байланыс. Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады.
Кіріс және шығыс – жүйеге келіп түсетін және онымен шығатын материалды жиынтық немесе хабартар жиынтығы.
Жүйені жүргізу заңдылығы– жүйенің кіріс пен шығыс өзгерістерін байланыстыратын функция.
Мақсат және шектеу.
Қысқаша тарихи анықтама
Басқа жүйелермен әсер ететін жүйе ашық деп аталады.
Егер жүйенің өзін немесе ортаны өзгерту қабілеті бар болса, онда оны адаптивті жүйе деп атаймыз.
Сонымен, жүйе – бұл зерттеушіні қызықтыратын бір мақсатқа жету үшін арналған бір уақытта әрекет ететін және қатынас бойынша реттілген кез келген бір-бірімен байланысқан элементтер жиынтығы.
Жүйелік анализді операцияны зерттеудің одан кейінгі дамуы деп есептеуге болады, нақты жинақталған мақсатқа жетудің ең жақсы әдісін табуға арналған тәсілдер жиынтығын қамтиды.
Жүйелік анализ әдістемесі негізінде жатқан белгілі бір принциптер орыс ғалымдарымен ХХ ғасырдың басында анықталды. Олардың жұмыстарында шикізаттарды рационалды пайдалануға қатысты маңызды теориялық сұрақтар қарастырылды. Демек, қоғамның даму мөлшеріне қарай оның ең басты маңыздылығы әлеуметтік жүйе қызметін интеграциялаудың өндірістік есептері болды.
Қиын жоспарлы және өндірістік-басқармалы есептердің пайда болуы шешімдерді түсінікті ететін әдістерді құруды қажет етті. Ғылыми пәндер құрылды, олардың оқу пәні операцияны зерттеу, статистикалық шешім теориясы және т.с.с. болып табылады. Одан кейін жүйелік зерттеу, ең бастысы жүйелік анализ дами бастады.