
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Әдебиет:
- •Электрокардиографтың негізгі түйіндері.
- •Тәжірибелік сабаққа қолданбалы әдістемелік құрал
- •Тәжірибелік сабаққа қолданбалы әдістемелік құрал
- •1 Тарау. Электрокардиографияның электрофизикалық негіздері.
- •Жүрек бұлшық етіндегі биоэлектрлік құбылыста.
- •Ақпараттық элементтер
- •Жүректегі электрофизикалық үрдістердің графиктік бейнелеулерінің логикасы
- •Аяқ қолдардың бір полюсті алшақтатулары
- •Кеуделік алшақтатулар.
- •Студенттердің алғашқы білім деңгейлерін бақылау-тесті.
- •Өтілген материал бойынша бақылау-тесті.
- •13 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ақпараттық элементтер
Электроқозғаушы үшін алу үшін екі электрод қажет болады және олар дененің әр түрлі зарядталған бөлігіне қойылады, жазу үшін олардың кез келген біреуі жеткілікті. Электрокардиграфияда белсенді немесе жазылуға тиіс деп оң электрод алынады. Ол гальванометрдің оң таңбалы полюсіне жалғанған. Оның қалам ұшынен суретте көрсетілген ЭКГ конфигурациялары шығады.
ЭКГ тісшелердің полярлығы электрокардиографияның негізгі заңы деп аталатын төмендегі ережеге бағынады: Егер оң полюстік электр токының векторы белсенді электродқа қарай бағытталған болса, тербеліс жоғары- оң тісше болып тіркеледі, егер вектор қарама – қарсы болса тербеліс төмен- теріс тісше болып тіркеледі. Бейнелеп айтқанда бірінші электрод басталып келе жатқан (+), екіншісі аяқталуға басталған (-) ЭҚ күшін "ұстайды".
Диастола кезінде жүрек бұлшық етінің барлық бетінде оң заряд болады, эпикард үстінде орналасқан (нақты жағдайда – тері бетінде) электр тоқты тіркемейді "нолдік" немесе "изоэлектрлік" деп аталатын сызық жазылады.
Сур1.
Электрокардиографиялық
комплекс
Жүректегі электрофизикалық үрдістердің графиктік бейнелеулерінің логикасы
Э
ЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯЛЫҚ
АЛШАҚТАТУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫЛЫҒЫ.
Электрокардиографиялық алшақтатулар деп дене бетіне электродтар қойылу жүйесін айтады. Жалпы клиникалық пратикада жай кезде ЭКГ-ның 12 алшақтатулар бар:
Сур2.
Эйнтховеннің
үшбұрышты схемсы
А
ЯҚ-ҚОЛДЫҢ
ЕКІ ПОЛЮСТІ АЛШАҚТАТУЛАРЫ
Екі полюсті алшақтатулар.
Электрокардиография лексикасына енген стандартты алшақтатулар немесе классикалық алшақтатуларды 1908 жылы В. Эйтховен ұсынған. Олар жүректің электрлік белсенділігін фронталь жазықтықта зерттейді, электродтарды қоюдың мынадай жұбын белгілейді. / алшақтату - оң қол (-) және сол қол (+), // алшақтату – оң қол (-) және сол аяқ (+), III алшақтату – сол қол (-) және сол аяқ (+). Суретте көрсетілгендей (2 Сурет) сол жақ аяқ пен қол жүректің оң электр өрісінде болады. Сол қол дененің теріс зарядталған жартысына жақынырақ болғандықтан оң заряды сол аяққа қарағанда аз болады. Екі полюсті алшақтатуларда электродтар полюстері алшақтатуларда электродтар полюстері әртүрлі болғандықтан теріс деп сол қолға қойылған электродты алған жөн. Осылайша ауыстырылатын полярлыққа ие болады.
Сур3–координатты үшосьтік жүйесі, б-координатты алтыосьтік жүйесі.
Аяқ қолдардың бір полюсті алшақтатулары
Аяқ қолдардың күшейтілген бір полюсті алшақтатулары aV*, аббревиатурасымен белгіленеді. Олардың саны үшеу:
aVR – оң қол,
aVL – сол қол,
aVF – сол аяқ. (алғашқы әріп англ сөзі augmented -күшейтілген; V - англ voltage потенциалд R, L және F – алғашқы әріптер англ right - оң, left –солжәнеи foot - аяқ).
Бір полюсті күшейтілген алшақтатулар екі полюсті алшақтатулар сияқты жүрек ЭҚ күшін фронталь жазықтықта зерттейді. Ол электрод сәйкес аяқ қолға қойылады. Теріс электрод қызметін Голдбергердің жалпы электроды деп аталатын электрод атқарады. Ол екі аяқ пен қолды қосады. Бір полюсті алшақтатуларының осі электрод қойылған жерлермен жүректің шартты электрод центрімен байланыстырады. (Эйнтховер үшбұрышының төбелерін оның ортасымен), және үш осьті жүйемен үйлеседі. Егер 3 суретті сәйкес түрде толықтырса Бейли алты осьтік координата жүйесі алынады. Олардың әрқайысысы оң және теріс кесінділерден тұрады. Біріншісі белсенді электродқа бағытталған, екіншісі оның ойша кері бағыттағы жалғасы болып табылады. 5,б сурет бір полюстік алшақтатулардың ақпараттылығын түсіндіріп қана қоймай екі полюстік алшақтатулармен ұқсастығын қоса жүргізуге мүмкіндік береді.
aVR, алшақтатуы II алшақтатуға, ұқсайды. Барлық миокарданы ұзын бойымен қарап шығуға мүмкіндік береді. Олардың осі көршілес орналасқан. aVR де жүректік, қорытуы ӘҚ күші II алшақтатудан айырмашылығы белсенді электродтан шығып, бағытталған. Осьтердің жақын болуына байланысты және полярлықтарының қарама-қарсы екенін ескерлісе aVR алшақтатуы II алшақтатудың айналық көрінісі болып есептеледі.
aVL сол жақ қарыншаның биік бүйір қабарғаларының потенциалының тербелістерінің ізіне түсіп отырады.
aVF, алшақтатуы III алшақтату сияқты бірдей дәрежеде оң жақ қарынша мен сол жақ қарыншаның төменгі бөліктету электр белсенділігін сипаттайды.
aVR алшақтатуына ұқсас aVL және aVF стандартты алшақтатуларына қатар қою қатысында болады. aVL- I алшақтатуды еске салады
aVF- III алшақтату сияқты
Себебі, оларды осьтері аралас, ақпараттық өрістері ұқсас. Бір осьті aVL және aVF-электрокардиографияның диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейетіндерінде дау жоқ..