
- •Оқыту талаптары:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оқыту тәсілдері :
- •Әдебиет
- •Тәжірибелік сабаққа дайындалуға арналған әдістемелік құрал.
- •1. Мембраналардың негізгі қасиеттері мен функциялары
- •2. Клетканың негізгі мембраналық құрылымдары және олардың қысқаша сипаттамасы
- •3. Мембраналар биофизиканың негізгі мәселелері
- •4. Мембранологияны қолдану аспектілері
- •5 Мембрананың липидтік құрамы
- •6. Мембранадағы молекулярлық компоненттердің қозғалғыштығы
- •6.1. Липидтердің қозғалғыштығының түрлері.
- •6.2. Ақуыздардың қозғалғыштығының түрлері
- •7. Мембраналық ақуыздар. Мембраналық ақуыздардың түрлері мен функциялары.
- •8. Мембрана құрылымын зерттеу әдістері және олардың дамуы.
- •9. Сингер-николстың сұйық-кристаллдық үлгісі
- •10. Мембраналарды зерттеу үшін арналған модельдік жүйелер.
4. Мембранологияны қолдану аспектілері
Мембранар технологиясы соңғы 30 жылда аса дамыған. Оның құрамына кері осмос, газдарды бөлу, заттын бақылау шығарылуы сияқты процестер кіреді. Бұл процестердің барлығы заттың трансмембраналық тасымалдауына негізделеді.
Мембраналық технологиялардың көбісі целлюлоза мен оның туындылардың (нитроцеллюлоза, ацетатцеллюлоза) негізінде алынған. Каппилярлы мембраналар жасанды бүйректі жасағанда, қолданған /Махон, Стюарт, Сарни, 1967 ж./. Оның гемодиализді модулінің құрамына 11000 талшық кірді, белсенді ауданы – 1 ш.м.
Микрофильтрация соғыс кезінде судың бактериалдық улануың анықтау үшін қолданылған, қазіргі уақытта оны зарасыздандырылған ерітінділерді алу үшін қолданады.
Ультрафильтрация құбылысын қоршаған ортаның ластануын және құнды қосалқы өнімдердің регенерациялауын бақылау үшін қолданады. «Мембраналық өкпелер» АҚШ-да 20% хирургиялық операцияларда қолданады.
Мембраналық электродтар және заттардың бақыланып жұмсалуы және шығарылуы – келесі мембраналарды қолдану технологиясы. Мембраналық технологияларға жасанды биқабатты мембраналардың қолдануымен жүргізілетін, түрлі препараттарды тестілеу жатады.
5 Мембрананың липидтік құрамы
Мембраналық липидтердің негізгі функциясы - биқабаттық матриксті қалыптастыру. Негізгі класс - глицерофосфатидтер.
Глицерола деп аталатын гидроксильді топ, құрамына фосфат кіретін, полярлы топтанумен байланыста. Екі басқа гидроксильді топ гидрофобтық қалдықтармен байланысады. Табиғаттағы фосфолипидтер конфигурациясы D болады.
Фосфоглицеридтердің көбісінде фосфаттық топ глицеролдың sn-З-қалыпында жатады, ол холинді, этаноламинді, миоинозитольды, серинді немесе глицерольды тобымен байланады.
Сурет 1. Глицерофосфатидтің құрамы
Майлы қышқылдардың құрамына ылғи көміртек атомдарының жұп саны креді/14-тен 24-ке дейін/. Ең жиі кездесетіндері - С16, С18 и С20. Қанықпағандықтың дәрежесі түрлі болады, бірақ та жиі кездесетіндері - 18:1, 18:2, 18:3 и 20:4.
Сурет 2. Мембраналардың липидтерінің майлы қышқылдары.
Табиғатта кездесетін қышқылдар екілік байланыстардың цис-конфигурациясымен сипатталады. Мұндай конфигурацияда тізбек омырылуға ұшырайды, биқабаттағы липидті молекулалардың түйюлуі бұзылады. Фосфолипидтердің көбісінің құрамына бір қаныққан және бір қанықпаған тізбек кіреді. Жануарлардың клеткаларында қанықпаған тізбек глицеролдың sn-2-қалпында жатады. Е. coli клеткалары үшін да солай болады. Полиқанықпаған тізбектерде екілік байланыстар өте жиі кернеусіз болады. Кейбір бактериялардың фосфолипидтері бұталанған және құрамына циклдер /циклопропан/ кіретін тізбектерден тұрады.
Сурет 3. Фосфатидилхолинның құрамы.
Кардиолипиндер немесе дифосфатидилглицеролдар - фосфолипидтердің димерлі түрлері. Митохондриялардың, хлоропластардың және кейбір бактериялардың мембраналарында жиі кездеседі
Плазмалогендер. Бұл фосфоглицеролипидтердің бір көміртектік тізбегі - қарапайым винилдық эфир. Этаноламиндық плазмалогендер миелинде және жүректің саркоплазмалық ретикулумында жиі кездеседі
6. Мембранадағы молекулярлық компоненттердің қозғалғыштығы
6.1. Липидтердің қозғалғыштығының түрлері.
6.1.1 Латеральды диффузия
Латеральды диффузия дегеніміз - липидтердің бір моноқабаттың ішіндегі жылжуы. Бұл процесс өте жылдам жүреді. Латеральдық диффузияның коэффициенті - 10-7-10-8 см2/с. t уақыты ішіндегі молекула өтетін, орташаршылы қашықтық келесі формуламен есептеледі:
(2).
Орта мөлшерлі липидтік молекула бір секунданың ішінде үлкен бактериялық клетканың ұзындығына тең қашықтықты (≈2 мкм) өтеді. Латеральды диффузияның жылдамдығы мембраналардың липидтік құрамынан және температурадан тәуелді.
6.1.2. Флип-флоп көшулер
Флип-флоп көшулер дегеніміз трансбиқабаттық жылжу. Молекулалар бір қабаттан басқа қабатқа өте сирек көшеді. Жылдамдығы өте төмен: бір фосфолипидтік молекула жұмада бір рет флип-флоп көшуді жүзеге асырады. Бұл кішкентай жылдамдық липидтің полярлық басына мембрананың көмірсулы облысың өту керектігімен байланысты. Кейбір интегралды /біріктіруші/ ақуыздар флип-флоп көшуді тездетеді.