Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. Силлабус филос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
406.53 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Барлық факультеттің

барлық мамандықтарының 1,2 курс студенттеріне арналған

М-2 Әлеуметтік-мәдени модульінің

«Философия» пәні бойынша

Оқу бағдарламасы ( силлабус)

Орал – 2013 ж

КЕЛІСІЛДІ

«Агрономия» факультетінің ОӘБ

Төрайымы _______ Берниязова А.М.

«___» _________ 2013ж.

БЕКІТЕМІН

«Агрономия» факультетінің

Деканы______ Рахимгалиева С.Ж.

«___» _________ 2013ж.

М-2 Әлеуметтік - мәдени модулінің

«Философия» пәні бойынша (міндетті компонент)

оқу бағдарламасы ( силлабус)

Құрастырушы: филос.ғ.к., доцент Есенгалиева В.А.

филос.ғ.д.,профессор Рыскалиев Т.Х.

«Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы

«Агрономия» факультеті 320,304 - кабинет

Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен

2011 жылы бекітілген жалпы білім беру пәндерінің «Философия» курсы

бойынша тұрпатты оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды

Кредит саны – 3

Дәріс – 15 сағат

Практикалық – 30 сағат

БАОӨЖ – 25сағат

БАӨЖ – 65 сағат

Барлығы – 135 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Кафедра отырысында талқыланды «___» _______ 2013 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі: Есенгалиева В.А.

  1. Пәннің сипаттамасы

1.1 Пәнді оқудың мақсаты: болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарын қалыптастыруға көмектесу; студенттерді философиялық білімнің тарихымен таныстыру; философияның дүниетанымдық, гуманитарлық, экзистенциалдық, даналық және түсінік функцияларын паш ету; студенттердің жаңа заман талаптарына сай болып, жаңа Қазақстанды құрып, жетілдіретін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу мен қалыптастыру.

Философияны оқып-үйрену процесінде студенттер білуге тиіс:

- Философияның негізгі анықтамаларын және атқарып келген, атқаратын қызметтерін;

- философияның мәдениет аясындағы алатын орнын, қоғамдық сананың басқа формаларымен арақатынасын;

- философияның тарихи даму кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін;

- философия негіздеген және алға тартатын құндылықтарын түсіну;

- дүние, адам, қоғам, тарих, мәдениет, таным жайлы негізгі философиялық тұғырнамаларды;

- мәдениет аясындағы және өмірдегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін;

- философияны оқып-үйрену үрдісінде алған білімдерді нақты пайдалану.

1.2 Міндеттер:

- Философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;

- Болашақ мамандардың философиялық дүниетанымдық және әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру;

- Пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығушылығын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.