
№14 Тақырып: Медициналық есептерді шығаруда программалау тілдерін қолдану
Мақсаты: Delphi-программалау тілін оқи отырып көптеген күрделі медициналық есептеулер мен логикалық есептеулерді жасауға қажетті компоненттер олардың қызметі мен қасиеттерін меңгеру.
Оқытудың міндеті: Программалау тілдерін оқыта отырып кез келген салада соның ішінде медицинада күрделі есептеулер мен нақты сарапнамалар жасауды үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Студенттерді түгендеу және сабаққа келмеген, дайын емес стуіденттердің себептерін анықтау, конспект тексеру.
Қалыптастырылатын құзіреттілік саны: білім, практикалық дағдылар.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: - 45 мин.
Объектілік-бағдарлық программалау.
Программаны өңдеу технологиясы.
Delphi ортасында қосымшаларды құру.
Мәтінмен жұмыс істейтін компоненттер (Label, Edit).
Басқару компоненттері –батырмалар (Button, BitBtn).
Үзіліс – 10 мин.
Оқытудың әдістері: типтік тапсырмаларды орындау
Студенттің өзіндік жұмысы: -50 мин.
№ 1 Тапсырма. Бірінші проектіні өңдеу
1. Есептің қойылымы
Келесі командаларды орындауға мүмкіндік беретін программа құрыңыз:
Программаны жүктегеннен кейін, тышқанмен "Приветствие" батырмасын басқаннан кейін "Первые успехи!" мәлімдемесі шығады (3-суретті қара). Программадан шығу үшін тышқанмен Выход батырмасын басу керек.
Сурет 3.
4-сурет.
Түсіндірмелер: Бұл жұмыста Standard компоненттер палитрасында Label мен Button компоненталарын қолдану және батырмаға (Button) басу арқылы оқиғаның өңделуі жаңалық болып табылады.
2. Программаны өңдеу жоспары
Жаңа проект ашу.
Формада келесі компоненттерді орналастыру: Label белгісін және Button екі батырмасын (4-суретті қара).
Button2 батырмасын басып, Object Inspector-ға Properties (қасиеттер) парағына көшу, Caption (тақырып) табу және Button2 тақырыбын Выход тақырыбына өзгерту.
Events (оқиғалар) парағына өту Object Inspector, OnClick оқиғасын табу, оның оң жағынан екі рет тышқанмен шерту. Программа кодына келген соң, дәлірек айтқанда, Button2 батырмасы процедурасының дайындығында (в заготовке) тек бір команда: Close ғана жазу керек; Close -дан кейін міндетті түрде нүктелі үтір қою керек.
Проектіні, мысалы, Pr1.pas және Pr1.dpr атымен сақтау
Программаны жүктеу, одан соң Выход батырмасы арқылы проект терезесін жабу.
Форманы ерекшелеп, Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінде Caption қасиетінде Form1 сөзін Проект-1 деп ауыстыру керек. Бұл программаның негізгі терезесінің тақырыбы болады.
Button1 кнопкасын ерекшелейміз, Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінен Caption қасиетін тауып, Button1 сөзінің орынына Приветствие сөзін жазамыз. Қажет болса кнопка өлшемін жиектеу сызықтарымен үлкейтіп алуға болады.
Оқиғалар терезесіне өтіп (События (Events) Объектілер инспекторы терезесінен (Object Inspector) OnClick оқиғасын таңдаймыз да оның оң жағындағы бос жолды екі рет шертеміз. Ашылған программаның кодтау терезесінде Button1,кнопкасының процедурасына келесі кодты жазамыз:
Label1.Caption:=‘Первые успехи!’;
Жобаны соңғы рет сақтаймыз да тексеруге жібереміз.
Программаның орындалу жоспарының қысқаша жазбасы.
Бұл жерде программаны орындау кезіндегі жасалатын әрекеттердің жоспары берілген
Жаңа жоба ашу.
Формада келесі компоненттерді орналастыру: бір Label және екі Button.
Келесі әрекеттерді орындаймыз:
Белгіленген компонент
Объектілер инспекторы терезесі
Қасиеттер атауы
Әрекет
Button2
Параметры (Properties)
Caption
Выход
События (Events)
OnClick
Close;
Жобаны жеке папкада мысалы мынадай атпен сақтаймыз Pr1.pas немесе Project1.dpr
Программаны орындауға жіберу, соңында жобаны Выход кнопкасымен жабаамыз.
Келесі әрекеттерді орында:
Белгіленген компонент
Объектілер инспекторы терезесі
Қасиеттер атауы
Әрекет
Form1
Параметры (Properties)
Caption
Проект-1
Button1
Параметры (Properties)
Caption
Приветствие
События (Events)
OnClick
Label1.Caption:=‘Первые успехи!’;
Жобаны сақтап, тексеруге жіберу.
Қосымша тапсырма:
1. Тапсырмадағы кнопкалардағы жазбалардың шрифтінің түрін, түсін, өлшемін өзгерт.
Көмек. Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінен Font қасиетін пайдаланамыз.
2. Выход кнопкасының басқа қолданылатын сәйкес түріне ауыстыру.
Көмек. Ауыстыру үшін сол кнопканы өшіріп, Дополнительно (Additional) компоненттер политрасынан BitBtn кнопкасын тауып орналастыру керек.Соңында Kind.қасиеті арқылы түрін өзгертеміз.
3. Жобада жасалған программа бойынша жоба ашылған кезде экранда Label1 кнопкасының орынында бірден Первые успехи! Сөзі шығатындай болуы керек, ал Приветствие кнопкасына басқан кезде Первые и не последние! хабарламасы шығатындай болуы керек.
Көмек. Caption қасиеті арқылы OnClick оқиғасына өзгерістер енгіземіз.
4. Орындаушы файлды шақырамызProject1.exe Delphi ортасында емес Windows жүйесінде.