Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 такырып практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Кесте құру

Ж алпы кесте ұяшықтардан тұрады, ал ұяшықтың өзі бағана мен жолдардан тұрады. Кесте құру:

1-тәсіл Жатық менюден Кесте (Таблица) – Орналастыру (Вставить) – Кесте (Таблица) командасын таңдаңыз.

С онда экранда бағана саны мен жол сандарын сұрайтын сұқбат терезесі пайда болады, өз қалауларыңыз бойынша бағана мен жолдарға сан мәндерін беріңіз.

2-тәсіл Стандарт саймандар тақтасынан Вставить таблицу командасын таңдаңыз. Мұнда ұяшықтарды ерекшелеу арқылы ұяшықтар мен жолдар сандарын беруге болады.

3 – тәсіл. Саймандар тақтасынан Таблицы границы саймандар тақтасын іске қосыңыз.

К естемен жұмыс жасау барысында жолдарды, бағаналарды біріктіруге, жоюға, бөлуге және жаңа бағана мен жолдар қосуға болады. Ол үшін қажет бағана немесе жолдарыңызды ерекшелеп жатық менюдегі Таблица менюін таңдаңыз.

Кестенің соңына жол қосу үшін тышқанның көрсеткішін кестенің соңғы ұяшығына қойып TAB пернесін басу арқылы да жол қосуға болады.

Кесте ұяшықтарының мазмұнын жою

  1. Кестенің барлық жолдары мен бағаналарын белгілеңіз.

  2. Delete пернесін басыңыз.

Жеке жол мен бағаналарды жою.

  1. Кестенің жеке жолын жою үшін жолды ерекшелеп Кесте –Удалить-Строки командасын орындаңыз.

  2. Кестенің бағанасын жою үшін бағананы ерекшелеп Таблица-Удалить-Столбцы командасын беріңіз.

Кестеде мәтін теру

  1. Мәтін курсорын кестенің керек ұяшығына қойыңыз.

  2. Мәтін теріңіз.

Ескерту!:

Терген мәтін ұяшықтан шықпайды, ұяшық көлемі мәтінмен бірге кеңейіп отырады.

Мәтін тергенде ұяшық ішінде мәтінді жаңа жолға көшіру үшін, Enter пернесін басыңыз.

Ұяшық ішінде мәтінді түзетуге және жоюға болады.

Кесте ұяшықтарымен қозғалу

1-тәсіл

Курсор бағыттауыш пернелер  арқылы курсорды кез келген ұяшыққа әкелуге болады.

2-тәсіл

Tab пернесін басу арқылы, курсорды ұяшықтар бойынша біртіндеп қозғалтуға болады, (алдымен солдан оңға қарай жол бойынша, содан кейін келесі жолға және т. с. с. керек ұяшыққа дейін әкелуге болады).

3-тәсіл

Курсорды қажет ұяшыққа әкеліп, шертіңіз.

Кестенің құрылымдық элементтерін белгілеу

Бағана енін өзгерту

  1. Тышқан көрсеткішін екі бағананы бөліп тұрған сызыққа қойыңыз, ол ортасы бөлінген параллель сызықшаға  айналады.

  2. Тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып, жібермей, екі бағананы бөлген сызықты керек жерге апарыңыз.

  3. Mouse пернесін жіберген кезде сызық тағайындалады.

Кесте түрін тағайындау

1. Кесте құрыңыз.

2. Курсорды кестенің ішіне қойыңыз.

3. Кесте - Автоформат (Автопішім) командасын орындаңыз. Пайда болған сұхбаттық терезеден қажетті пішімді тағайындаңыз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшықтарға бөлу

1. Кесте құрыңыз

2. Курсорды кестенің керек ұяшығына қойыңыз

3. Кесте (Таблица) - Кестені бөлу (Разбить ячейки) командасын орындаңыз

Сұхбаттық терезесі пайда болады Бағана мен жолға сан мәндерін беріңіз

Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру

1. Біріктіретін ұяшықтарды ерекшелеп Kесте (Таблица) - Обьединить ячейки (Ұяшықтар біріктіру) командасын орындаңыз.

Кестені құрылымды элементтерін безендіру

А) Кесте жиегі (Таблицы границы) саймандар тақтасынан Внешние границы командасын қолданып, құрылған кестенің элементтерін түрлі сызықтармен әсем безендіруге болады.

Кесте элементтерін безендірудің тәсілін қарастырайық.

  1. Кестенің керек элементін белгілеңіз (жол, бағана, ұяшық немесе бүкіл кестені).

2. Жиектеу саймандар тақтасында орналасқан Түр терезесіндегі “Тип”- тізімінен сызықтың қалыңдығын таңдаңыз.

3.Жиектеу саймандар тақтасында керек жиектеу түрін таңдаңыз: жоғарғы жағын, астыңғы жағын, барлық жағын және т.б.

Б) Пішім (Формат) - Жиектеу және бояу (Границы заливка) командасын орындаңыз.

Абзацты жиектеу және бояу деген сұхбаттық терезе пайда болады.

1.Жиектеу бүктемесінде жиектің түрін, сызықтың түсі мен түрін тағайындаңыз.

  1. ОК батырмасын шертіңіз.