Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1406_1-2-3__..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

19 Су өсімдіктері туралы түсінік және гидро-, гигро- және ксерофиттерге анықтама.

Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер. Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер. Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі. Мезофиттер – аздаған және өте шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер - ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.

20 Экологиялық адаптацияға анықтама. Адаптация түрлері.

Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді, тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады. Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады.

21 Биоценоз, экожүйе және биогеоценоз түсінігіне жалпы сипаттама

Биоценоз- белгілі территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.

Экожүйе- бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі.

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.

22 Биогеоценоз (экожүйе) құрлымын схемамен көрсете отырып түсіндіріңіз

Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз екі блоктан тұрады: 1)«биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция); 2)«биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы. Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады. Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта) Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады. Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар. Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады.

Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- человек. Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:

I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы.

IV- ірі жыртқыштар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]