Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1406_1-2-3__..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать
  1. Улы токсиканттардың биологиялық әртүрлілікке әсерін сипаттаңыз.

Токсикология (грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:  әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;  ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді. Қазіргі токсикологияда үш негізгі бағыттары бар: - теориялық; - профилактикалық (гигиеналық); - клиникалық; Теориялық токсикология - экзогенді химиялық огенттермен осы жүйенің араласу процесстері байқалатын, тірі жүйедегі әртүрлі түр өзгерістерінің жоғалуын немесе дамуын, араласу механизмі мен заңдылықтарын, формасын, түрін, оқытады.Қоршаған ортаның химиялық компоненттерінде адамзатқа қолайлы экологиялық бағыттардың жасалуы оның жетістіктеріне жатады. Профилактикалық токсикология – адам айналасындағы өндірісті немесе өндірісті емес ортаның химиялық құрамының антропогенді және табиғи өзгеруі адамда химиялық этнология (химиялық аурулар) ауруларының пайда болуын ескертетін бағыттар. Профилактикалық токсикология ҚО әртүрлі химиялық қосылыстардың токсико-гигиеналық әдістері мен принциптерін, сонымен қатар тікелей немесе жанама байланыс жасайтын ғылыми негізді құрайды және зерттейді.

  1. Қоршаған ортаны қорғау туралы оон-ның Стокгольм конференциясына (1972 ж.) жасаған сараптаманы сызба нұсқа түрінде беріңіз;

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адамдарды қоршаған орта проблемалары жөнiндегi конференциясы қабылдаған (Стокгольм, 1972 ж.) және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының ХХҮII сессиясында қанағат сезiмiмен назарға алынған Iс-қимыл жоспарының 32-ұсынысын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, мына төмендегiлер жайында келiстi: I бап. Айқындаулар II бап. Негiзгi принциптер III бап. Құрып кету қаупi төнген қоныс аударатын түрлер: IV бап. Келiсiмдер нысанасы бола алатын қонысаударатын түрлер: V бап. Келiсiмдердiң нысаналы шеңберлерi VI бап. Таралу аймағының мемлекеттерi ; VII бап. Тараптар КонференциясыҮ: VIII бап. Ғылыми кеңес: IX бап. Хатшылық: 1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн: а) "қоныс аударатын түр" - едәуiр бөлiгi ұлттық юрисдикцияның бiр немесе бiрнеше шекарасынан ауық-ауық және бұлжымас айқындықпен өтетiн жабайы жануарлардың кез келген түрлерiнiң немесе олардың кез келген неғұрлым төменгi таксондарының бүкiл таралымын немесе географиялық тұрғыдан оқшауланған бөлiгiн бiлдiредi; b) "қоныс аударатын түрдiң сақталу мәртебесi" - осы қоныс аударатын түрдiң таралуына және санына әсер етуi мүмкiн ықпалдардың жиынтығын бiлдiредi; с) "сақталу мәртебесi", егер; 1) таралым серпiнi туралы деректер қоныс аударатын түр ұзақ мерзiм бойына өзiнiң экологиялық жүйелерiнiң тiршiлiк етуге қабiлеттi бөлiгi болып қалатынын көрсетсе; 2) қазiргi кезде қоныс аударатын түрдiң таралу аймағы тарылмаса немесе ұзақ мерзiмдiк негiзде мұндай таралуы екiталай болса; 3) қазiргi кезде осы қоныс аударатын түрдiң таралымын ұзақ мерзiмдiк негiзде сақтау үшiн жеткiлiктi тiршiлiк ортасы бар болса және ол таяу болашақта да болатын болса; 4) осы қоныс аударатын түрдiң таралуы мен саны тiршiлiк ету кеңiстiгi және көлемi бойынша ықтимал жарамды экологиялық жүйелер орын алатын деңгейде және бұл тiрi табиғатты ақылға қонымды сипатта басқаруға сәйкес келетiн деңгейде тарихи қалыптасқан жағдайларға жақындап қалған болса, "қолайлы" деп саналады;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]