Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1406_1-2-3__..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать
  1. Экожүйенің биологиялық өнімділігі туралы ұғым

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе эко жүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша аәтқанда экожүйе – заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде заттектер айналымының жүоуіне органикалық маникулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары , продуценттер, консументтер, ретутенттер болуы керек

  1. Таза алғашқы өнім және екінші өнім ұғымдары

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Орхус ұлттық орталығы «Қазақстанда - экологиялық таза өндіріс индустриясын дамыту» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып, елімізде өндірілген өнімдерге экологиялық заттаңба жапсыру мәселесін талқылады. «Барлық кәсіпорындар экологиялық таза өнім дегенді түсіне бермейді. Сондықтан біз өндіріс орындары мен азық-түлік өндірушілерге арналған талаптарды тізіп қойдық. Алдағы уақытта бұл жүйе ары қарай тереңдетіліп, жетілдірілетін болады. Қазір Қазақстанда экологиялық таза өнім өндіретін 74 компания бар. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында кәсіпорындардың санын ұлғайтып, экологиялық таза өнім өндірушілерді өзгелерден ерекшелендіру үшін олардың тауарларына арнайы заттаңба жапсыру керек», - деді дөңгелек үстелде «Экология» халықаралық академиясының президенті, «Экологиялық таза өнімдер» стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің төрағасы Мұсағали Дуамбеков. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2004 жылғы Жолдауында еліміздің бәсекеге қабілеттігі кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға ауысуы мен халықаралық сапа стандарттарын енгізуінің жылдамдығымен анықталатындығын атап көрсеткеннен кейін Қазақстан - ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып тауардың табиғи таза қалыптан ауытқымауын қадағалау ісін қолға алып, Экологиялық кодекске тиісті міндеттемелер енгізді. Сөйтіп, өндірілген өнімге экологиялық заттаңба қою арқылы тұтынушыға тауар турасында сенімді әрі нақты ақпарат жеткізу арқылы нарықты қоспасыз таза өніммен қамтамасыз етуге бел буды. Бұл тәсіл өнім өндірушінің назарын өнім сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аудартатын маркетингтік механизмге аудартуға түрткі болады деп күтілді. «Халықаралық стандарттарды енгізу біздің кәсіпорындарымыздың терезелерін шетелдік өндірушілермен теңестірсе, өнімдерге «экологиялық таза өнім» деген қазақстандық белгі соғу - экологиялық аймақ туралы стереотипті бұзып, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін артырады және сырттан тасымалданатын тауарға тосқауыл қояды», - деді жиында М.Дуамбеков. Осы ретте елімізде халықаралық стандарттарды енгізу үдерісі өте күрделі жүріп жатқанын айта кету керек. Тап қазір Қазақстанда небары 720 кәсіпорын ғана - ИСО 9001 стандартына ие болса, 48 кәсіпорын - ИСО 14001 стандартына, 74 кәсіпорын - экологиялық таза өнім стандартына ие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]