Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.26 Mб
Скачать
  1. Студенттің оқытушымен өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар

СОӨЖ жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты «Times New Roman», кегль 14. СОӨЖ жұмысының көлемі 5-10 бет.

СОӨЖ жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

СОӨЖдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

Жалқы есімдерді қысқартып келтіруге, ұйымдар мен кәсіпорындардың атауын көрсетуге рұқсат етіледі.

СОӨЖ жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар тараулардың атаулары құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс, оларды беттің жоғары жағында ортасында бас әріптен бастап, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай толық шрифтпен басу қажет.

1. Реферат - теориялық білімнің шығармашылық қабілеттілік арқылы көрінісінің бір түрі. Көлемі кем дегенде 8 (15) бет. Реферат құрылымы бойынша кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2. Баяндама – тақырыптың мазмұнын теориялық бағдарда ашатын жазбаша жұмыстың бір бақылау түрі. Жұмыс көлемі 8 бетке дейін болады.

3. Эссе – бұл ғылыми жұмыстың сыни шығармашылық нысанындағы түрі. Студент теориялық білімін тақырып бойынша жүйелеп, тәжірибелік деңгейде саралап, аналитикалық қорытындылар жасап, өз бетінше көзқарас қалыптастырып, сыни ой, пікірлерді қалыптастыруға арналған шығармашылық бағдардағы жазбаша жұмыс. Оның көлемі 1 – 1,5 бет.

4. Аналитикалық реферат - өте қысқа бағдардағы жазбаша жұмыс, бұл кестелік, графиктік, суреттер түрінде қысқаша тұжырымдар түрінде берілетін жазбаша жұмыс. Көлемі 1 – 3 бет.

5.Презентация (слайд шоу жасау) – тақырып материалын әрі қысқа, әрі нұсқа түрінде беруге мүмкіндік беретін үлестірме материал ретінде жүретін, қазіргі ақпараттық технологияны қолдануға толық мүмкіндік беретін, ыңғайлы, қашанда қолда бар, өзгеріс енгізуге қолайлы жазбаша және де электронды түрдегі өзіндік жұмыс. Оның саны кем дегенде тақырыптың санына сай болуы керек, болмаса талап бойынша теориялық және практикалық материалдарды көрсету үшін оның саны екі есеге артады, мысалы 7 тақырып 7 слайд, ал талап бойынша 7 тақырып 14 слайд болуы қажет. Ол әрлендіріліп, көлемді материалды түйіндеп мазмұнды түрде беретін шығармашылық қабілетті көрсеттін өзіндік жұмыс түрі.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті

«Нарықтық инфрақұрылым» кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«OSBUZH 2207 - Көңіл-көтеру бағдарламаларын ұйымдастыру және жоспарлау» пәні бойынша

«5В090400-Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы үшін

Алматы, 2013

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]