Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referet_men.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.97 Кб
Скачать

3. Қорытынды

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

Қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер

1. Ж.Сағындықов Өсімдіктер географиясы. Алматы, Республика басп.каб. 1997

2. Н.М. Мухитдинов Геоботаника негіздері Алматы, 1992

3. А.Г.Воронов, Н.Н.Дроздов, Д.А.Криволуцкий, Е.Г.Мяло Биогеография с основами экологии. Изд-во Московского университета, 1999

4. Т.В.Курнишкова, В.В.Петров География растений с основами ботаники. М., Просвещение. 1987

5. В.В.Алехин, Л.В.Кудряшов, В.С.Говорухин География растений с основами ботаники.М., Учпедгиз. 1961.

6. А.Г.Воронов Биогеография (с основами биологии). Изд-во МГУ. 1963

7. Г.Вальтер Растительность земного шара. Т. 1-3. М., прогресс, 1968.

8. А.Г.Воронов Геоботаника. Изд-во МГУ, 1973.

ЖЕР БЕТІНДЕГІ ОРГАНИЗМНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ

ЖОСПАР

1. Кіріспе

а) Жерде организмнің пайда болуы

2. Негізгібөлім

а) Организмнің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

б) Жерде организмнің дамуы

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

1. Кіріспе

а) Жердегі организмнің пайда болуы

Тіршіліктің пайда болуы адам баласы ежелгі заманнан толғандырған мәселелердің бірі.Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесінде жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5-5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды-шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте қызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы арқылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір қалыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі организмдердің тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына – ғаламшардың қажетті мөлшері,энергия, белгілі температуралық жағдайлар жатады. Бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы – адам баласын өте ерте кездерден бастап-ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдар бар.

2. Негізгі бөлім

а) Организмнің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуытуралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) бит – еттен, кандала – жануар шырышынан, шұбалщаң – балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін «тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады» деген көзқарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты организмдердің құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады. Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626жж) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап қарсы шықты. Ғалымның «эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек» деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті. XVII ғасырдың ортасында италиялық жаратылыс зерттеуші әрі дәрігер Франческо Реди (1626 – 1698жж.) тәжірибе жасап, «тіршілік өздігінен пайда болады» деген теорияға қарсы шықты. Ол 1668 жылы төрт ыдысқа ет салып, оларды ашық қойды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді. 1775 жылы М.М.Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Ал бір ыдыстың аузын ашық қалдырды. Аузы жабық ыдыста ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроорганизмдер жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша «vitalis» - «тірі», «тіршілігі бар» деген ұғым) көзқарастағылар «аузы жабық ыдысқа «тіршілік күші» кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде «тіршілік күші» өледі» деген қарсы пікірді ұсынды. Тіршіліктің пайда болуы жайында,негізінен, бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас қалыптасқан. Оның біріншісі – тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас – биогенездік теория.Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді. Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы,микробиолог Луи Пастер (1822-1895жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды.Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны қайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды.Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Бұл қарапайым ғана тәжірибесі арқылы Л.Пастер «организм тек тірі организмнен ғана пайда болады» деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.  Абиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады. Олардың бір тобы «жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар» деген пікір ұсынды. Бұл көзқарас креационизм (латынша «creation» - жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К. Линней, Ж. Кювье, т.б. қолдады. «Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшалардан метеориттер және ғарыштық шаң-тозаңдар арқылы үнемі таралып тұрады» деген де көзқарастар болды. Бұл көзқарас ғылымда «панспермия теориясы» (грекше «pan» - барлық және «sperma» - тұқым) деген атпен белгілі. «Паспермия теориясын» 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Гельмгольц, Г.Томсон, С. Аррениус, П. Лазарев, т.б. қолдады. Бірақ осы күнге дейін жерден тыс ғарыш кеңістігіндегі метеориттеадің құрамынан микроорганизмдердің пайда болғанын дәлелдейтін ғылыми деректер жоқ.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас биопоэз теориясы деп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947 жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның

  • бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы.

  • Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.

  • Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардьщ) пайда болуы.

Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша: "Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін-өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады". Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка шығармайды

б) Жердегі организмнің дамуы

"Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" — "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология,география, астрономия, т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы — уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.

Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш.Бонне (1720 —1793жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.

Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809 — 1882 жж.). Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың100 мыңдай, өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн- дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.

Ертедегі Грекияда (б.з.д.VІІІ—VI ғғ.) жалпы тіршілік туралы ең алғашқы ғылыми ой-пікірлер айтыла бастады. Көптеген грек ойшылдары ФалесАнаксимандрАнаксименГераклит, т.б. тіршіліктің пайда болуы мен тарихи дамуының сырын ашуға ұмтылды. Ол кезде тірі организмдер жайлы ғылыми деректер өте аз болды. Көптеген ойшылдар тірі организмдерді зерттей бастады. Бұл бағытта грек ойшылы Аристотельдің еңбегінің маңызы зор болды. Аристотель (б.з.д. 384 — 322 жж.) жануарларды құрылыс ерекшеліктеріне байланысты қарапайым түрлерінен күрделену ретіне қарай белгілі жүйе бойынша жіктеді. Аристотель алғаш рет жануарларды қансыздар (омыртқасыздар) және қандылар (омыртқалылар) деп екі топқа бөлді. Ол өсімдіктердің құрылысын зерттеді және тірі организмдер өлі табиғаттан белгісіз бір құдіреттің арқасында пайда болады деген пікірді ұсынды. Аристотельдің еңбектері орта ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай, тірі табиғат туралы көзқарастардың негізі болды. XV ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіп салаларының өркендеуі, жаңа елдердің ашылуы, сауданың қарқынды жүруі жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтердің жинақталуына жол ашты. Жаңадан ашылған елдерден Еуропаға бұрын белгісіз болып келген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері әкелінді. Үндістан мен Америкадан — қалампыркартопжүгерітемекіқызанақасқабақкакаоөсімдіктері әкелінді. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерінің пайдалы және зиянды жақтарын сипаттап жазды. Тек сипаттап жазу жеткіліксіз болды. Енді құрылысы мен тіршілігі жағынан ұқсас өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ғылыми жүйелеу жағына да көңіл бөліне бастады

ХVШ ғасырдан бастап, Ресейде органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы М.В. Ломоносов, А.Н.Радищев, К.Ф.Рулье және т.б. ойшылдар өз көзқарастарын білдірді. Олар түр өзгеріп, үнемі дамып отырады деген көзқараста болды. К.Ф. Рулье (1814—1858жж.) өз заманында түрлер тұрақты әрі өзгермейді деген көзқарастарды сынап, органикалық дүние өзгеріп әрі дамып отырады деп атап көрсетті. Ол бір түрмен екінші түрдің арасында қорек үшін күрес болатынын және сол арқылы бір түрдің екінші түрді ығыстырып отыратынын ескертті. К.Ф. Рулье эволюциялық процестердің болатынын ертеде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа калдықтарын қазіргі кездегі жануарлардың құрылысымен салыстырып зерттеуге зор мән берді. Ол жануарлардың ұрықтарының дамуын да бір-бірімен салыстырып зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Организмдердің шығу тегін, олардың арасындағы туыстық байланыстарды, құрылысы мен атқаратын қызметін байланыстыра зерттеу қажеттігін А.И.Герцен (1812—1870 жж.) атап көрсетті. Ол әрбір жаратылыстанушы ғалымның міндеті — органикалық дүниенің пайда болуын, олардың сан алуан түрлерінің бір-бірімен байланыстылығының себептерін анықтау екендігін ерекше ескертті.

Қазақ халқының ойшыл қайраткерлерінің арасында да табиғаттағы түрлі организмдердің үнемі өзгеріп әрі дамып отыратындығы туралы дұрыс көзқарасты қолдағандар Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Ғұмар Қараш болды.Ш.Құдайбердіұлы (1858—1931 жж.) "Үш анық" атты философиялық еңбегінде: "Осы дүниеде көзге ілінбейтін (көрінбейтін) кішкентай жандылардан бастап адамдарға дейін бері һәм нәсілдері өсіп-өнуге қам қылады". Мұны "барлық таласы" деп атайтындығын ерекше атап көрсеткен. Мұндағы "барлық таласы" деген ұғым биология ғылымындағы "тіршілік үшін күрес" деген ұғымды білдіреді. Оны Ш. Құдайбердіұлы " Жаратылыстың берік жолы" деп нақтылай түсті. Қазақтың көрнекті ақыны әрі ағартушы қайраткері Ғұмар Қараш (1875—1921 жж.) "Тіршілік таласы" деген арнайы мақала жазып, онда тірі организмдер арасында үнемі болып жататын тіршілік үшін күреске жан-жақты талдау жасаған. "Жан-жануарлар арасында тоқтаусыз жалғасып келе жатқан таласты ғалымдар тіршілік таласы деп атайды", — деп өз ойын қорытындылаған. Сонымен бірге Ғ.Қараш бір тәңірден басқаның бәрі де, яғни барлық организмдер өліп, өзгеріп отырады деген көзқараста болды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]