
- •Пәннің оқу бағдарламасы – sillabus
- •1.7 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Білім бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға дайындалу сұрақтары.
- •1.9 Курстың саясаты мен үрдісі
- •2 Негізгі таратылатын материалдардың мазмұны
- •2.1 Курстың тематикалық жоспары Кесте 4 Оқу сабағының түріне қарай сағат бөлу
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы: Типтік құрылымдар мен тпабж құралдары
- •2 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ң тағайындалуы, мақсаты және функциялары
- •3 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның түрлері
- •4 Дәрістің тақырыбы: тп абж құрамы. Негізгі компоненттері. Техникалық қамтамасыздануы
- •4.1. Негізгі компоненттері
- •2.2. Техникалық қамтамасыздану
- •5 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның математикалық қамтамасыздануы. Тпабж-ны математикалық қамтамасыздандыру жөніндегі түсініктемелер, негізгі жобалау кезеңдері.
- •6 Дәрістің тақырыбы: тп абж-ның программамен қамтамасыздануын (пқ) жобалауды автоматтандыру
- •6.1 Қолданбалы программалы модульдер пакеті
- •7 Дәрістің тақырыбы: Металлургиялық өндірістегі тп абж-ның ақпараттық қамтамасыздануы
- •7.1. Ақпараттық қамтамасыздануды жұмыс істету алгоритмдері мен тағайындалуы
- •7.2. Ақпараттық ішкі жүйелердің негізгі міндеттемелері
- •8 Дәрістің тақырыбы: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде талдау. Автоматтандыру есебінің қойылымы. Техникалық автоматтандыру құралдар кешенін таңдап алу
- •8.2 Автоматтандыру есебінің қойылымы
- •9 Дәрістің тақырыбы: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде бейнелеу. Технологиялық басқару объектісін теңдестіру
- •10 Дәрістің тақырыбы: Автоматтандырылған өндірістегі cals –технология.
- •12 Дәрістің тақырыбы: Басқару жүйесінің, scadа-жүйесінің микропроцессорлары мен птк (ек) таңдап алу әдістемелері. Тп абж-ны өңеудің тт-сын өңдеу кезіндегі технологтың міндеті.
- •13 Дәрістің тақырыбы: Ұсақтау процестеріндегі тығыздықты және түйіршіктік қасиетін, ағыны мен қорын автоматты тұрақтандыру
- •14.1. Қойыртпақтың түйіршіктік құрамын өлшеу
- •14.2 Қойыртпақ тығыздығын өлшеу
- •15 Дәрістің тақырыбы: Жіктелген аппаратты тұйық циклде жұмыс істейтін диірмен
- •15.2 Ұсақтау процессін Аумақты басқару
- •15.3 Қойыртпақты сорапты станцияның жұмысын автоматты бақылау
- •2.3 Практикалық сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің оқытушы жетекшілігіндегі өзіндік жұмысы сабақтарының
- •2.5 Студентің өзіндік жұмысы сабақтарының жоспарлары (сөж)
- •Дұрыс жауаптар кілті
- •2.8 Өтілген курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – sillabus...................................................................................3
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер.......................................................................................3
- •050709 – «Металлургия»үшін студенттік пәндік оқу-әдістемелік кешені
2.2. Техникалық қамтамасыздану
Бұрын айтып өткендей, ТП АБЖ-ны техникалық қамтамасыздандыру деп ТП АБЖ-ны жұмыс істетуге арналған техникалық құралдар кешенін түсіну қабылданған. Нақты ТП АБЖ-ның ТҚК (КТС) өзінің мүмкіндіктері бойынша жүйеге жүктелеген барлық функцияларды орындау үшін деткілікті болуы тиіс. Оның құрамына әдетте ақпараттарды алу, түрлендіру, беру және көрсету құралдары, басқарушы, есептеу және орындаушы құралдар кіреді. Сонымен, ТП АБЖ-ның техникалық қамтамасыздануы жүйеде қолданылатын автоматтандыру мен есептеу техникасының толық жинағынан тұрады. ТП АБЖ-ның техникалық қамтамасыздану құрамына сонымен қатар ТП АБЖ-ның техникалық құралдар кешенінің жұмыс қабілеттігін тексеретін және оны түзу үшін қажетті аспапатар және қосымша аспапатар кіреді. ТП АБЖ-ның қолданылатын құралдарының техникалық сипаттамалары аттас құралдардың өзара алмасуын қамтамасыз етуі, қоршаған ортаның әсерін ескере отырып таңдап алынуы және жүйенің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс.
ТП АБЖ үшін аса сипатты техникалық құралдар мен олардың территориялық орналасуы иысал ретінде сур. 4.2-де келтірілген.
Басқару объектісінде тікелей мыналар орнатылады: процесс параметрлерінің мәндерін (газ немесе сұйықтықтың қысымы, шығыны, температурасы, электрлік қуаты, сұйықтық деңгейі және т.б.) қабылдап алатын алғашқы өлшеу түрлендіргіштері (бергіштер); кез-келген жабдықтың қосылғаны немесе өшіп қалғаны жөнінде ақпараттар беретін сигналды екі позициялы құрылғылар; тетіктер мен жапқыштарды (заслонка) ашу, қозғалтқыштың айналу жиілігін, сораптардың жұмыс істеу режимін және т.б. өзгерту жолымен басқару әсерлерін жүзеге асыратын орындаушы екі позициялы немесе реттеуші органдар.
Технологиялық объектілердің тура жанында жергілікті басқару щиттері орнатылады, оған реттегіштер 1, кұрсеткіш 2 және өзінше жазатын көмекші өлшеу аспапатары, және де басқа құрылғылар мен тораптар монтаждалады.
Сурет 4.2 Жергілікті (локальды) автоматиканың 4 техникалық қамтамасыздануына сипатты мысал.
Кейде жергілікті щиттер қызметшінің тұрақты жұмыс орны болып табылмайды, оларды қажет болған кезде кезекші аралаап жүргіш мастерлер қолданады. Барлық басқару объектісінің технологиялық процесін жүргізуші оператор әрдайым щиттермен, пульттермен, және де оператордың шақыруы бойынша параметрлерді тіркеу үшін электрифицирленген басып шығару машинкасымен 15 және кроссты шкафпен 16 жабдықталған орталық басқару пунктінде болады (§3.3).
Пультте аналогтық өлшеу (көрсетуші 5, өзінше жазатын 6), сандық 7 аспапатары, оператордың шақыруы бойынша мекен-жайды (номерін) және индекстелетін параметрдің мәнін көрсететін, операторға әріпті-символық пен графикалық ақпараттарды беру үшін электронды-сәулелі трубкалар 8 (дисплей), операторға басқарылатын процесті жүргізу бойынша кез-келген нұсқамаларды орындауға хабар беретін сигналдық табло 9 орнатылған.
Әдебиет 1 нег. [49-58,]
Бақылау сұрақтары:
ТПАБЖ құрамы. Негізгі компоненттер
ТПАБЖ ұйымдастыру шаралары
Техникалық шаралар
5 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның математикалық қамтамасыздануы. Тпабж-ны математикалық қамтамасыздандыру жөніндегі түсініктемелер, негізгі жобалау кезеңдері.
ТПАБЖ-ны математикалық қамтамасыздандыру жөніндегі түсініктемелер, негізгі жобалау кезеңдері
Стандарттарға сәйкес ТП АБЖ-ң математикалық қамтамасыздануы (МҚ) дегеніміз осындай жүйелерді өңдеу мен жұмыс істету кезінде қолданылатын математикалық әдістер, модельдер және алгоритмдер жиынтығы. МҚ-ны нақты ЭЕМ үшін орындалған басқару жүйесін жұмыс істету алгоритмдерінің кешені ретінде дәл іске асыру ТП АБЖ-ны программалық және ақпараттық қамтамасыздандыруды тудырады. Бұл кезде программалық қамтамасыздану аса кеңінен қолданылатынын, ол АБЖ-ны жұмыс істетуге қатысатын барлық программалық құралдар жиынтығынан тұратынын ескерген жөн. Бірақ АҚ-ды ТБО күйін ақпаратты бейнелеудің программалық тәсілдерін анықтайтын жеке компонент түрінде ажыратып көрсетіледі. Деректер қорының АБЖ-де ұйымдастырылған мұндай бейнелеу ЭЕМ-ге басқару жүйесінің функционалды блоктарының жұмысын қамтамасыз етілуін де, ТБО ақпараттарын технологиялық процесті басқаруға қатысатын мамандарға экранда көзбен шолып, басып шығарылған құжаттар, кестелер және басқа түрінде көрсетілуін қамтамасыз етеді.
ТП АБЖ-ны өңдеу процесінде МҚ, ПҚ және АҚ-ны құруға көп көңіл бөлуге тура келеді, сонымен қатар соңғы уақытта техникалық құралдардың едәуір арзандалуы мен стандартталуына байланысты математикалық қамтамасыздануға жұмсалатын шығындар қолданылатын техникалық құралдар кешеніне жұмсалатын шығындардан асыр түседі.
ТП АБЖ-ны құру процесі Мемлекеттік стандартпен регламенттеледі және келесі кезеңдерге бөлінеді: техника-экономикалық негіздеме (ТЭН), техникалық тапсырма (ТТ), техникалық жоба (ТЖ), жұмыс жобасы (ЖЖ), амалға асыру (ендіру) және жұмыс істеуін талдау.
Келтірілген кезеңнін әрқайсысында математикалық негіздеме процесі де орын алады. Жобалаудан алдын қарастыру қабылданған ТЭН мен ТТ, жобалау процесі кезеңдерінде МН негізінде ТЭН-ні талдау негізінде орындалады. ТЖ мен ЖЖ жобалау кезеңдерінде, жоғарыда айтып өткеніміздей, АҚ-ның жеке компоненті ретінде қосылатын ТП АБЖ-ның ПҚ-сын жобалау мен даярлау жүргізіледі. Жүйені іске асыру кезеңдері болып шартты түрді атала алатын енгізу мен жұмыыс істеуін талдау кезеңдерінде кейінге қалдыру, әртүрлі тәжірибелер және ТП АБЖ-ң жұмыс істеуіне қатысу үшін құрылған ПҚ құралдарының барлық жиынтығын өнеркәсіпте пайдалану жүргізіледі.
Технологиялық басқару объектісін талдау
Техника-экономикалық талдама
ЭЕМ-нен, объектімен байланысудың техникалық құралдар кешенінен, программалық қамтамасыздану құралдар кешенінен, және де жоғары мамандандырылған қызметкерден құралған АБЖ-ны құру едәуір капиталды қаражаттар мен ағымды пайдалану шығындарды талап етеді. Сондықтан құрушылар алдына алдыңғы кезектегі тапсырма ретінде АБЖ-ны ендіруден алынатын экономикалық тиімділік (ЭТ) шамасын алдын-ала бағалау жөніндегі жұмыстар кезеңін жүргізу қойылады.
ЭТ шамасын бағалу ТБО-ны, оңай математикалық модельдердің құрылуын, осы модельдер бойынша тиімді режимдердің есебін жете талдап, АБЖ-сыз объектіні пайдалану деректері бар алынған нәтижелерді салыстыру негізінде орындалуы қажет.
Осы жұмыс кезеңін орындауға шектелген уақыт (жарты жылда немесе жылына) бөлінеді, ол уақыт ішінде ЭТ шамасын бағалап, басқару жүйесін жобалаудың ббастапқы деректерін беру қажет.
Автоматтандырылған технологиялық кешенге қиыншылықтар мен басқару міндеттемелерінің көлемінің өсу жағдайында өту ТП АБЖ-ны құруға едәуір еңбек, материалды және қаржы қорларын талап етеді. Сонымен, көп жағдайларда, алдыңғы қара металлургиялы технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелерін өңдеу мен ендіруге жұмсалатын біртекті қаражаттар соншалықта өсті, тіпті осы жұмыстарды қайта бөлу жұмыстарын дамытуға жұмсалатын капиталды қаражатпен өлшемдес. Бұл жағдайда заңды болып әрбір нақты ТП АБЖ-ны құруға өте тиімді түрді қолданылатын құралдарға деген сұраныс болып табылады.
ТЭН мінедеттерін детальдауға өте отырып, ТП АБЖ-ның техеника-экономикалық тиімділігін әр жақтан бағалау мен талдау үшін, өнімнің сапасын жақсартылуын анықтау мен соңғы дәрежесін өзгерту үшін, өндірістік процестің және жылу-энергетикалық ресурстардың функционалды элементтерін, өндірістік қуаттарын өзгерту және басқалар үшін қолданылатын жалпы көрсеткіштер жүйесін қарастырамыз.
ТП АБЖ-ның халықшаруашылық экономикалық тиімділігінң интегралды көрсеткіші жылдық экономикалық тиімділік болып табылады. Ол есептеу жылындағы барлық өндірістік ресурстардың жалпы тиімділігін береді. Бұрын қарастырылған ережелерден ресурс құраушыларының тиімділігін анықтап алуға алып келеді. Бұл кезде ТП АБЖ-ны пайдаланатын мекеме ретінде де, ТП АБЖ көмегімен өндірістік өнімді тұтынатын мекеме ретінде де құраушы үнемділікті ескеру маңызды.
Мағынасы жағынан жылдық экономикалық тиімділік ТП АБЖ-ны тұтынушының оны жұмыс істету нәтижесінде базалы вариантпен салыстырғандағы жылдық пайдасы өседі.
ТЭН-ні жүргізу барысында анықтауға жататын шаруашылық есептеу көрсеткіштерінің ішінде ТП АБЖ-ны құруға жұмсалатын мезгілдік қаражаттардың тиімділігін бағалау міндетті болып табылады. Бұл, ең алдымен, - мезгілдік қаражаттың тиімділік коэффициенті. Ол ТП АБЖ-ны құруға жұмсалатын мезгілдік қаражаттың әрбір сомына жататын өндіріс көлемін жоғарлату, өзіндік құнын төмендету және өнімнің сапасын жақсартудан өнемдеу шамасын сипаттайды.
Бұл түрдің тағы бәр маңызды көрсеткіші жүйені құруға жұмсалатын мезгілдік қаражатты сатып алу мерзімі болып табылады. Ол осы шығындарды өнімді іске асыру көлемін жоғарлату мен ТП АБЖ-ны пайдалану есебінен түсетін шығындарты азайтудың жылдық өнемділігінен өтеледі.
ТЭН-ні өңдеу барысында ең маңыздысы экономикалық тиімділік қорек көздерін детальдау болып табылады. Бұл жеке ресурс түрлерін пайдалы түрде қолдану дәрежесінің өзгерісін бекіту, және де шығарылатын өнімнің тұтынушылық қасиеттерінің техника-экономикалық деңгейін ТП АБЖ-ны пайдалану нәтижесінде жоғарлауын бағалау басқару мақсаттарын дәлелді түрде негіздеуге мүмкіндік береді. Бұл міндеттемені шешу кезінде келесі көрсеткіштерді пайдаланған дұрыс..
Келтірілген мысал үшін ТП АБЖ-ны пайдалану техника-экономикалық тиімділіктің барлық негізгі ТПАБЖ көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретіні сипатты. Әрине, меншіктік үлес жалпы экономикалық тиімділікте бірдей емес, ол оперативті басқару әсерінің дәрежесі сияқты тиімділік қорек көздеріне тең.
Жеңілдетілген математикалық модельді құру статистикалық деректерді өңдеуге негізделген ТБО-нің дұрыс пайдалануын өдемелі модельдеу жолымен жүзеге асырылады. Мұндай модельдеу кезінде мыналарды орындау қажет: ТБО-нің технологиялық схемасын үйрену;
Жүйелі құрылымда эвристикалық түрде құру, яғни ТБО-ны бір-бірімен материалды ағынмен байланысқан ішкі жүйелердің қандай да бір саны түрінде көрсету; материалды ағындардың статистикалық параметрлерінің модель үшін елеулі жуық бағасын алу;
модельдің сапалы құрылымын тұрғызу, яғни ішкі жүйелер бойынша шығыс ағындарының кіріс әсерлерінен тәуелділігін көптік регрессияның сызықтық теңдеу түрінде көрсету;
модель теңдеуінің коэффициенттерінің мәнін ТБО-ны дұрыс пайдалану деректерінің (мұнадй деректердің ұсынылған көлемі 2-3 ай уақыт шегінен тұрады) негізінде анықтап алу. Әрі қарай таңдап алынған критериялар үшін белгілі әдістердің біреуі бойынша тиімді режимдер есептеледі (мысалы, сызықтық программалау әдісімен).
Нәтижесі тәуелділік түрінде беріледі – критерияның есептеу (модель негізінде есептелген) және нақты мәндерімен. Мүмкін болатын қателіктерге қарамастан, жылдық жуық ЭТ-ті (немесе оның жүйені сатып алу мерзімінің шамасына байланысты) алдын-ала бағалау бойынша жасалатын жұмыс нәтижелерінің мәні зор; бұл нәтижелер ТП АБЖ-ны құру кезінде даярланатын бірінші маңызды құжат – техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) негізінен құралады.
Әдебиет 2 қос. [39-62,]
Бақылау сұрақтары:
Жобалаудың негізгі стадияларын көрсетіңіз
Технико-экономикалық талдауларды атаңыз
Математикалық моделді құру қандай жолмен жүргізіледі?