Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

4 Дәрістің тақырыбы: тп абж құрамы. Негізгі компоненттері. Техникалық қамтамасыздануы

4.1. Негізгі компоненттері

Кез-келген нақты ТП АБЖ-ның құрамы мен құрылымы жүйе МЕСТ-пен бекітілген жалпы техникалық талаптарға және оның құрудағы Техникалық тапсырмадағы жеке талаптарға сәйкес келетіндей етіп таңдап алынады.

ТП АБЖ мыналарды орындауы тиіс:

- технологиялық объектіні қабылданған жұмыс істеу критериясына сәйкес басқару;

  • басқару тағайындамасы мен мақсатына сәйкес оған жүктелген барлық функцияларды орындау;

  • қажетті көрсеткіштер мен дәлділік сипаттамалары, сенімділігі болуы және жылдам әрекет етуі тиіс;

- ақпараттарды операторға ұсыну тәсілдеріне, түрлеріне, техникалық құралдарды орналастыруға және т.б. қойылатын эргономикалық талаптарға жауап беруі;

- аралас иерархия деңгейіндегі басқару жүйелермен және басқа ТП АБЖ-мен өзара байланысып жұмыс істеуге бейімделуі, яғни техникалық пен ақпараттық үйлесімдік қасиетке ие болуы және кейін модернизациялау мен дамытуға мүмкіндік беруі.

Кез-келген ТП АБЖ құрамына келесі ірі компоненттерді (жүйе бөлшектері) кіргізу қабылданған: оперативті қызметкер, ақпараттық, ұйымдастыру, программалы және техникалық қамтамасыздану. Сонымен қатар, программалық қамтамасыздануды өңдеу ТП АБЖ құрамына кірмейтін математикалық қамтамасыздану негізінде жүргізілетінін айтып өтейік. Жүйенің осы басты компоненттерінің өзара әрекеттесуінің жеңыл схемасы көрсетілген.

Жоғарыда айтып өткендей, ТП АБЖ-ны жұмыс істету процесі (кез-келген басқа басқару жүйесі сияқты) шындығында кіріс ақпараттарды шығыс ақпараттарға мақсатқа сай түплендіру болып табылады. ТП АБЖ-да бұл түрлендіру екі компонентпен бірлесіп орындалады; оперативті қызметкер мен техникалық қамтамассызданумен (техникалық құралдар кешені); атап айтқанда дәл солар кіріс ақпараттарды объектіден және бсқа қорек көздерінен жинайды, оны өңдеп, талдайды, ал содан кейін басқару жөнінде шешім қабылдап, объектіге деген сәйкес басқарушы әсерлер құрып және шығыс ақпараттарды жүйенің өзінше бір өнімі ретінде алып жүретін басқа сигналдарға жібере отырып, оны іске асырады. Сондықтан оперативті қызметкер мен техникалық құралдарды ТП АБЖ-ның адам-машиналық сипатын толығымен анықтайтын басты компоненттері деп санауға болады

Сурет 4.1 Негізгі компоненттердің өзара әрекет ету схемасы

ТП АБЖ-ны жұмыс істету процесінде оның көрсетілген компоненттері арасында қарқынды өзара әрекет бар (сур 4.1); ұйымдастыру және программалық қамтамасыздану сәйкесінше оперативті қызметкер мен ЭЕМ-нің мінез-құлқын анықтайды; одан бөлек, қызметкер техникалық қамтамасызданумен активті түрде өзара әрекет етеді және қажет болғанда программалық қамтаамсыздануды түзетеді. Жүйе ішіндегі барлық осы өзара әрекеттер, және де оның сыртқы ортамен өзара әрекеті негізінде және ең алдымен ақпараттық сипатта болып келеді, өйткені ақпараттарды әртүрлі сигналдар, деректер, хабарламалар, мәтіндер және т.б. түрінде беруге және қабылдауға алып келеді. Мұндай ақпараттық алмасу кез-келген ақпараттық элементтердің қабылданған түрі мен мүмкін болатын мәндері жөнінде нақты келісімдердің бар болуын талап етеді. Бұл келісімдердің жиынтығы, яғни қолданылатын сигналдардың кодтардың және олардың мағынасын ашу ережелер құжаттарының, тізімдерінің және шкалаларының қабылданған массив түрлерінің мөпмүшелігі ТП АБЖ-ның тағы бір шартты түрде бөлінетін компонентін түзеді, ол ақпараттық қамтамасыздану деп аталады. Бұл компоненттің басты ролі, дәл ол арқылы (сур. 4.1), ал дәлірек айтсақ – оның көмегімен ТП АБЖ ішіндегі және сыртқы ортамен ақпараттармен алмасу процесі жүзеге асырылады.

ТП АБЖ-ның оперативті қызметкері объектінің бақылануы мен басқарылуын жүзеге асыратын технолог-операторлардан (диспетчер) және жүйенің барлық техникалық пен программалық құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдалану қызметкерінен тұрады.

ТП АБЖ-ның ұйымдық қамтамасыздануы өзінше берілген жүйенің оперативті қызметкерінің жұмыс істеу тәртібі мен ережелерін бекітетін құжаттар жиынтығын береді. Мұның құрамына процестің жүргізілуін анықтайтын технологиялық нұсқамалар мен регламенттер, жүйені пайдалану жөніндегі нұсқамалар, оның функционалды, ұйымдастыру және техникалық құрылымдарының бейнеленуі, және қажет болғанда осыған ұқсас мазмұндағы құжаттар кіреді. Қазіргі ТП АБЖ-ғы ұйымдық қамтамасызданудың ролі көбінесе бағаланбайды, сонда да ол өте маңызды: анығында ұйымдық қамтамасыздану жүйедегі адамның барлық қызметін қарапайым операциялардан оның ағымды қызмет етуден ең күрделі де, жауапты әрекеттеріне дейін регламенттейді, мысалы процесті тиімдецу бойынша немесе апаттан алдыңғы жағдайды анықтап алу мен оны жою бойынша әрекеттер.