
- •Пәннің оқу бағдарламасы – sillabus
- •1.7 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Білім бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға дайындалу сұрақтары.
- •1.9 Курстың саясаты мен үрдісі
- •2 Негізгі таратылатын материалдардың мазмұны
- •2.1 Курстың тематикалық жоспары Кесте 4 Оқу сабағының түріне қарай сағат бөлу
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы: Типтік құрылымдар мен тпабж құралдары
- •2 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ң тағайындалуы, мақсаты және функциялары
- •3 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның түрлері
- •4 Дәрістің тақырыбы: тп абж құрамы. Негізгі компоненттері. Техникалық қамтамасыздануы
- •4.1. Негізгі компоненттері
- •2.2. Техникалық қамтамасыздану
- •5 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның математикалық қамтамасыздануы. Тпабж-ны математикалық қамтамасыздандыру жөніндегі түсініктемелер, негізгі жобалау кезеңдері.
- •6 Дәрістің тақырыбы: тп абж-ның программамен қамтамасыздануын (пқ) жобалауды автоматтандыру
- •6.1 Қолданбалы программалы модульдер пакеті
- •7 Дәрістің тақырыбы: Металлургиялық өндірістегі тп абж-ның ақпараттық қамтамасыздануы
- •7.1. Ақпараттық қамтамасыздануды жұмыс істету алгоритмдері мен тағайындалуы
- •7.2. Ақпараттық ішкі жүйелердің негізгі міндеттемелері
- •8 Дәрістің тақырыбы: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде талдау. Автоматтандыру есебінің қойылымы. Техникалық автоматтандыру құралдар кешенін таңдап алу
- •8.2 Автоматтандыру есебінің қойылымы
- •9 Дәрістің тақырыбы: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде бейнелеу. Технологиялық басқару объектісін теңдестіру
- •10 Дәрістің тақырыбы: Автоматтандырылған өндірістегі cals –технология.
- •12 Дәрістің тақырыбы: Басқару жүйесінің, scadа-жүйесінің микропроцессорлары мен птк (ек) таңдап алу әдістемелері. Тп абж-ны өңеудің тт-сын өңдеу кезіндегі технологтың міндеті.
- •13 Дәрістің тақырыбы: Ұсақтау процестеріндегі тығыздықты және түйіршіктік қасиетін, ағыны мен қорын автоматты тұрақтандыру
- •14.1. Қойыртпақтың түйіршіктік құрамын өлшеу
- •14.2 Қойыртпақ тығыздығын өлшеу
- •15 Дәрістің тақырыбы: Жіктелген аппаратты тұйық циклде жұмыс істейтін диірмен
- •15.2 Ұсақтау процессін Аумақты басқару
- •15.3 Қойыртпақты сорапты станцияның жұмысын автоматты бақылау
- •2.3 Практикалық сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің оқытушы жетекшілігіндегі өзіндік жұмысы сабақтарының
- •2.5 Студентің өзіндік жұмысы сабақтарының жоспарлары (сөж)
- •Дұрыс жауаптар кілті
- •2.8 Өтілген курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – sillabus...................................................................................3
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер.......................................................................................3
- •050709 – «Металлургия»үшін студенттік пәндік оқу-әдістемелік кешені
3 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның түрлері
Қазіргі ТПАБЖ өте алуан түрлі және бір-бірінен функционалды құрамы, техникалық құралдарды пайдаланатын объектіні автоматты басқару дәрежесіне және көптеген басқа белгілері мен сипаттамалары бойынша ерекшеленеді. Әйтседе, ТПАБЖ қандай болатыны жөнінде түсінік алу үшін негізгі ақпараттық және басқарушы функцияларын орындау тәсілдерімен ерекшеленетін жүйелердің сипатты түрлерін қарастырған жөн.
а) Есептеу кешенісіз жұмыс істейтін ТП АБЖ
Ұқсас адам-машиналық жүйелер әдетте жеке біркелкі қарапайым технологиялық агрегаттарды, қондырғыларды немесе аппараттар тобын (учаскелерді) басқару үшін қолданылады. Өндірісті басқарудың жалпы құрылымында мұндай жүйелер иерархияның төменгі сатысында орын алады және сондықтан да объектімен тығыз байланыстығымен, «мінез-құлқының» кейбір автономдығымен (иерархияның басқа сатыдағылардан кішкене тәуелдігімен салыстыра отырып), бақылау мен басқарудың ең үлкен оперативтігімен сипатталады.
Осы басқару жүйелерінің негізгі функциялары келесідей:
- технологиялық процестің параметрлерін бақылау;
- технологиялық процесті өндіріс регламентімен анықталатын берілген режимде тұрақтандыру;
- программалық басқару (процестің іске қосылуы мен тоқтауын қосқанда); жабдықтарды апаттан қорғау; басқарудың жабдықтарды апаттан қорғау; басқарудың жоғары сатыларымен оперативті түрдегі байланысы.
б) Ақпараттық функцияларды орындайтын есептеу кешені бар ТП АБЖ
Осы түрдегі жүйелер алдыңғы жүйе тиісті барлық функционалды және аппаратуралық элементтерден түрады, бірақ одан орталықтандырылған есептеу кешені (ЕК) бар болғанымен ерекшеленеді, олар орталықтан бақылау, кешенді техникалық пен техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу, және де жабдықтардың жұмысы мен күйін бақылау функцияларын орындайды.
Есептеу кешені объект жөніндегі, сонымен қатар реттелетін және басқарылатын шамалар жөніндегі барлық ақпараттарды алады. Қарастырылып жатқан жүйенің сипатты ерекшелігі келіп түсетін ақпараттарды талдау, шешімдерді қабылдау міндеттемелері, және де басқару әсерлерін жүзеге асыру алдыңғы жүйедегідей операторға жүктелуі болып табылады.
ЕК көмегімен алынған объект жөніндегі деректер, орталықтағы ақпараттарды бейнелеу құралдарына шығарудан бөлек, не әрі қарай тікелей өңделуі үшін жоғары АБЖ-ға берілуі мүмкін, не осы мақсатта сыртқы жинақтаушыларға (перфоленттер, перфокарталар және т.б.) берілуі мүмкін. Деректерді технологиялық процесті әртүрлі жағдайларда үйрену мақсатында да жинайды. Нәтижеде басқарылатын процестің математикалық моделін құруға және (немесе ) анықтап алуға мүмкіндік беретін ақпараттар жинақталады. Деректерді жинақтау процеске әсер тигізбейтіні анық; алайда тіпті ЕК-ні пайдалана отырып ең күрделі басқару әдістерін ендіргеннен кейін модельді талдау мен анықтап алу үшін деректерді жинақтау пайдалы болып келеді және әрқашан да есептеу машинасы міндеттемелерінің бірі ретінде алдын-ала қарастырылады.
в) Басқару функцияларын «ақылшы» режимінде орындайтын есептеу кешені бар ТП АБЖ
Алдыңғы жүйедегі ЕК орындайтын функциялардан бөлек оған келіп түскен ақпараттарды талдау мен оператор-технологқа басқару бойынша ұсыныстар (ақыл) беретін тиімді шешімдер іздеп табу міндеттемелері жүктеледі. Ақырғы таңдау мен басқару әсерлерін жүзеге асыру бұрынғыдай оператордың мойнында болады. Мұндай АБЖ келесі түрде жұмыс істейді. ЕК-де алынған объектінің күйі жөніндегі декретер мен кешенді техникалық және техника-экономикалық көрсеткіштер нақты уақыт аралығы сайын (нақты шарттарға тәуелді, әдетте 10-15 минут сайын) басқарылатын процестің математикалық моделінің көмегімен талданады. Модель бойынша есептеу жолымен процесті оптмумға келтіруге қажетті әсерлер анықталады; нәтижелер реттегіш қондырғыларын өзгерте отырып немесе басқа әрекеттерді ЕК-да өңделіп шығатын ұсыныстарға сәйкес орындай отырып, процесті басқарушы операторға беріледі. Мұндай жүйедегі реттегіштер процестің технологиялық параметрлерін тек қана тұрақтандыру ғана емес, сонымен қатар программалық өзерту құралдары болып табылады, ал оператор қадағалап, үйлестіруші бөлімінің ролін атқарады және өзіне технологиялық процесті тиімдеуге үздіксіз көмек көрсететін ЕК кеңестері бойынша өзгерістер енгізеді.
Алайда бұл түрдегі басқарудың артықшылықтары да бар. Ол жаңа басқару тәсілдеріне епті түрде жақындау талаптарын қанағаттандырады және сондықтан әлі де ТП АБЖ-да жиі қолданылады. ЕК-ні ақылшы режимінде пайдалану сонымен қатар процестің жаңа модельдерін тексеру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді; бұл кезде оператор ретінде процесті анық сезетін инженер-технолог шығады.
г) Орталықтан басқару құрылғысының функцияларын орындайтын есептеу кешенді ТП АБЖ (суаервизорлы басқару)
Мұндай жүйелердің сипатты ерекшелігі, ондағы ЕК автоматты басқарудың түйықталған контурына қосылады және автоматты реттеу жүйелеріне тікелей кіруге міндеттелген сигналдар ретінде келіп түсетін басқару әсерлерін өңдеп шығарады. ЕК-нің бұл жұмыс істеу режимі басқарудағы барлық өзгерістерді оператор енгізетін кеңексшіл режимінен ерекше айрықшыланады. Супервизорлы басқарудың негізгі міндеті – технологиялық процесті тиімді жұмыс істеу нүктесіне жақынырақ, оған оперативті әсер ету жолымен автоматты түрде ұстау. Бұл осы жүйенің ерекшеліктерінің бір түрі.
Есептеу кешенінің ақпараттарды супервизорлы басқару жүйесінде жинау және қайта өңдеу жұмыстары жоғарыда айтылған операторға кеңекс беру режимінен шамалы ғана айырмашылығы бар. Басқару әсерлерін анықтау есептері де ұқсас. Алайда есептерді модель бойынша орындағаннан кейін мүлдем басқа әрекеттер жүзеге асырылады. Егер алдыңғы жағдайда қондырғының табылған жаңа мәндері оператордың қабылдап алуына қолайлы түрге түрлендірілсе, онда мұнда олар реттегіш тапсырмалары мен тағайындалуын өзгерту үшін қолдануға болатын сигналдарға түрлендіріледі. Сонымен, мысалы, егер реттегіштер сигналдарды кернеу ретінде қабылдаса, онда ЕК-да өңделіп шығатын басқарушы әсерлерсәйкес деңгей мен белгідегі кернеуге айналады.
д) Тікелей (тура) сандық басқару функцияларын орындайтын есептеу кешенді ТА АБЖ
Жоғарыда қарастырылған басқару жүйесінің басты ерекшелігі, есептеу кешенін пайдалану принципінде. ЕК кеңес беруші оператордың ролін ойнайтын жүйеде процесті ЭЕМ-нен тікелей басқару жүзеге асырылмайды: басқару міндеттемелері оператор жүргізеді. Супервизорлы басқару да тікелей болып табылмайды: реттегіш қондырғылары ЭЕМ-нен беріледі, бірақ объектінің басқарушы органдарына берілетін командалар реттегіштерден келіп түседі. Есептеу кешені тікелей сандық басқару (ТСБ) режимінде жұмыс істейтін ТП АБЖ-ғы орындаушы механизмдерді қимылға келтіру үшін қолданылатын сигналдар тікелей ЕК-ден келіп түседі және сәйкес реттегіштері жүйедем мүлдем алып тасталады (немесе резерв ретінде қолданылады).
Әс жүзінде реттегіштерді де реттелетін шаманың берілген мәнне ауытқыған кезде орындаушы механизмге деген басқару әсеріне есептейтін және түрлендіретін кіші аналогты немесе сандық есептеу құрылғылары ретінде қарастыруға болады. Тағайындама параметрлерін, ал кейде құрылымында өзгерте отырып, көптеген реттегіштерді технологиялық объектінің жеке учаскелерін басқарудың ең алуан түрлі есептерін шешуге бейімдеуге болады. Алайда процесті басқарудың өте күрделі есептері толығымен өздерін шешу үшін көптеген жеке реттегіштердің өзара келісілген әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді.
е) ТП АБЖ-ның басқа түрлері
АБЖ-ның қарастырылған түрлері арасында нақты шекара жүргізуге болмайды; олардың әрқайсысында басқа АБЖ-ға тиісті жеке белгілері бар. Әртүрлі басқару деңгейлерінде бұл қасиеттері әртүрлі модификацияда кездеседі немесе үлдем боламйды. Алайда, ТП АБЖ-ны жоспарлаған, жүргізген және жалпылаған кезде , әрине, ТП АБЖ-ның нақты және дәлелденген жіктемесін алған жөн, яғни осы жүйелердің барлық түрін, ондағы ТП АБЖ барлық жақтан жақын болатындай шектегі ішкі түрлерге бөлу ережелерімен.
Әдебиет 1 нег. [26-30]
Бақылау сұрақтары:
Адам-машиналы жүйелер қандай негізгі функциялардан тұрады?
ТПАБЖ функциялары
Басқару фуекцияларына не жатады
АБЖ анықтама