Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

2 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ң тағайындалуы, мақсаты және функциялары

Кез-келген автоматтандырылған басқару жүйесінің тағайындалуы, оның қажетті функционалды мүмкіндіктері, қажетті техникалық сипаттамалары мен басқа ерекшелеліктері нәтижелі дәрежеде берілген жүйе құрылатын объектімен анықталады. ТП АБЖ үшін басқарылатын объект болып технологиялық басқару объектісі (ТБО) деп аталатын объект болады, ол өзінше технологиялық жадықтардың жиынтығы мен онда сәйкес нұсқамалармен немесе регламенттермен іске асырылған мақсатты өнімді өндірудің технологиялық процесті береді. ТБО түсініктемесіне келтірілген анықтама бір жағынан, процестер мен жабдықтар біртұтастығын, және екінші жағынан – кіріс ресірстарының ақырғы өнімге (металл, электрлі немесе жылу энергиясы, химмиялық заттар, бұйымдар және т.б.) түрленуінің аяқталуын атап өтеді.

ТБО-ін басқара отырып, ТП АБЖ тікелей кез-келген жабдықтау элементтеріне әсер етеді; дроссельдік және қыршу (отсечный) клапандары, задвижкалар, жапқыштар (заслонки) дозалау құрылғылары және т.б. Бұл басқарушы әсерләрдің пайдалану кезіндегі қарқындылығын, технологиялық жабдықтуда іске асырылатын кіріс материалдары мен энергетикалық ағымдарды қайта өңдеу процесі аса мақсатқа сай түрде жүзеге асырылатындай етіп таңдап алынады.

ТП АБЖны өңдеу кезінде басқару объектісін кәсіпорынның жалпы өндірісті-технологиялық ан дұрыс таңдап алу маңызды. Ол үшін жеке аппараттардың, агрегаттардың және қондырғылардың тағайындамасы мен ролін, олардың жұмысының көршілес басқа өндіріс учаскелерінден тәуелділік дәрежесін, олардың арасындағы бөлгіш (буферлі) сиымдылықтардың бар болуын, және ең ақырында, берілген өнідірісте қабылданған (немесе қажетті) басқаруды орталықтандыру дәрежесін ескереді. Осыған сәйкес ТБО ретінде мыналар қарастыруы мүмкін:

технологиялық агрегеттар мен қондырғылар;

оөзінше, аяқталған технологиялық циклді іске асыратын жеке өндірістер;

егер басқару бірінші кезекте және негізінде тхнологиялық сипатта болса, бүкіл өнеркәсіп кәсіпорынының өндірістік процесі, яғни өзара байланысқан агрегаттардың, учаскелердің және өндірістердің рационалды жұмыс істеу режимін таңдап алу мен келсіп алудан тұрады.

ТП АБЖ-ның тағайындамасын әдетте технологиялық процесті мақсатқа сай енгізу мен аралас пен жоғары басқару жүйелерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету ретінде анықтауға боолады. Бір қатар жағдайларда, жаңа жоғары қуатты объектілерді қазіргі АБЖ-сіз жұмыс істету іс жүзінде мүмкін емес болып шығады, мұндай жүйенің тағайындамасы жабдықтарды пайдаланудың жоғарғы қарқынды және экономикалық режимі кезінде технологиялық процестің әіске асырылуына және тұрақтығына жету болып табылады.

Әрбір ТП АБЖ-ны құру мен жұмыс істету әбден анықталған техника-экономикалық нәтижелерді (өнімнің өзіндік құнын азайту, шығынды азайту, еңбек өнімділігін, мақсатты өнімдердің сапасын жоғарлату, қызметкердің еңбек жағдайын жақсарту және т.б.) алуға бағытталуы қажет. Сондықтан ТП АБЖ тағайындамасын анықтағаннан кейін жүйені жұмыс істету мақсаттарын қатаң нақтылау қажет. Өнеркәсіптік технологиялық объектілер үшін осындай мақсаттарға мысалдар мыналар бола алады: оның жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кіріс ағымдар параметрлерін тұрақтандыру; шығарылатын өнімдердің берілген параметрлерін алу; объектінің жұмыс істеу режимін тиімдеу; жабдықтардың жұмыс істеу режимдерін келісіп алу.

Қойылған мақсаттарға жету дәрежесін басқару критериясы көмегімен сипаттау қабылданған, яғни технологиялық процесті енгізу сапасын толық сипаттайтын көрсеткіштер мен өнделіп шығатын басқару әсерлер жүйесіне тәуелді қабылданатын сандық мәндері. Қатаң, әдетте математикалық түрдегі басқару критериясы берілген жүйені құру мақсатын нақтылайды. Басқару критериясы жөніндегі жалпыға қойылған мәселелердің бірі алынған дайын бұйым мен шикізаттың, жұмыс күшінің және басқа шығындардың бағаларының айырымымен анықталатын ең жоғары экономикалық тиімділікті алуға алып келеді. Процесті осы айырымның максималды мәнін алуға мүмкіндік беретін басқару ең тиімді.

Критерияға қарағанда, ш е к т е у л е р де аз роль ойнамайды, олар басқарушы әсерлер таңдап алу кезінде қадағалануы тиіс. Не меньшую роль, чем критерий, играют ограни­чения, которые должны соблюдаться при выборе уп­равляющих воздействий. Шектеулер екі түрде болып келеді: физикалық, тіпті басқарушы әсер дүрыс емес таңдап алынған кезде де бұзыла алмайды, және шартты, бұзылуы мүмкін, бірақ бұзылуы критериямен ескерлімейтін едәуір шығындалуға алып келеді. Басқару кезінде аса маңызды факторлар критериялармен емес, дәл осы шектеулермен ескеріледі.

ТП АБЖ функциясы – бұл жеке басқару мақсатына бағытталған жүйе әрекеттерінің жиынтығы. Бұл кезде әрекет ретінде жүйе бөлек-бөлек орындайтын операциялар мен процедуралар тізбегінің пайдалану құжаттамасында жазылған және алдын-ала анықталған әрекеттер қарастырылады. Көп жағдайларда «ТП АБЖ функциясы» деген терминмен жүйенің өзінен тыс әрекеттерінің соңғы жиынтығын түсінеміз және сондықтан да оның нақты тұтынушылық құндылығы бар.

ТП АБЖ функцияларын толығымен адам-машиналы жүйе ретінде жүйенің техникалық құралдар (сонымен қатар есептеу техникасының құралдар) кешенімен орындалатын функциялардан ажыратып алған жөн. Барлық жүйе (адамды қосқанда) функциясының орнына оның техникалық құралдарымен автоматты түрде жүзеге асырылатын әрекеттер жиынтығын ғана қаиастырған дұрыс емес. Ең болмағанда адамның қатысуысыз іске асырылатын осыған ұқсас әрекеттердің мәні өте зор, алайда ол барлық ТП АБЖ-ның мүмкіндіктері мен қасиеттерін толығымен сипаттап береді. Ереже бойынша, жүйеде адам (оператор, диспетчер) аса күрделі және жауапты функционалды міндеттемелерді орындаудағы басты, анықтаушы рольді атқарады. Сондықтан ТП АБЖ-ның тіпті қызметкердің қаытсуымен жің қатысуымен жүзеге асатын функциялардың бүкіл кешенін қарастыру қажет.

ТП АБЖ функциялары ақпараттық және басқарушы болып ажыратылады.

Ақапараттыққа ТП АБЖ-ның орындалу нәтижесі жүйе операторына немесе басқарылатын процестің жүрісі жөніндегі ақпараттарды кез-келген сыртқы алушыға көрінетін болып табылатын функциялар жатады.

ТП АБЖ-ның ақпараттық функцияларына сипатты мысалдар болып табылады:

- негізгі параметрлерді бақылау, яғни процестің параметрлерінің мүмкінді мәндерге сәйкестігін үздіксіз тексеру және қызметкерді сәйкессіздік пайда болған кезде дереу хабарландыру;

- оператордың шақыруымен өзін объектіні басқару барысында қызықтыратын параметрлерді өлшеу немесе тіркеу;

- операторды (өзінің сұранысы бойынша) басқару объектісінің кез-келген участогындағы сол сәтте болған өндірістік жағдай жөнінде хабарландыру;

- процестің мүмкінді шектегі кейбір параметрлердің ауытқу уақытын тіркеу;

- оператордың шағыруымен тікелей өлшеуге жатпайтын және өнімнің сапасын сипаттайтын кейбір кешенді көрсеткіштерді немесе технологиялық процестің басқа көрсеткіштерін есептеу;

- технологиялық объекті жұмысының қол жеткізілген технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеу; өлшенетін параметрлер мен есептелетін көрсеткіштерді периодты түрде тіркеу;

- қауіпті (апаттан алдын, апатты) жағдайларды тауып алу және пайда болуына сигнал беру.

Осы негізгі ақпараттық функцияларды орындай отырып, ТП АБЖ өзінің операторын (диспетчерді) немесе жоғарыдағы жүйені технологиялық процестің күйі мен қалыпты ағымнан кез-келген ауытқуы жөніндегі мағлұматтармен өз уақытында қамтамасыз етеді.

ТП АБЖ-ның басқару функциялары басқару объектісіне деген басқару әсерлерін өндіру мен іске асыру бойынша әрекеттерден тұрады. Мұндағы өндіру дегеніміз рационалды әсерлерді анықтап алу (алынған ақпараттар негізінде), ал іске асыру –өндіріп алғаннан кейінгі шешімдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әрекеттерді айтамыз.

Негізгі басқарушы функцияларға жататындар: технологиялық процесс айнымалыларын өндіріс регламентімен анықталатын кейбір тұрақты мәндерге тұрақтандыру; процестің режимін алдын-ала берілген ережелер бойынша программалы өзгерту; жабдықтарды апаттан қорғау; технологиялық немесе техника-экономикалық критерия бойынша тиімді режимге жету немесе оны қадағалануын қамтамасыз ететін басқару әсерлерін құру немесе іске асыру; материалды ағындар мен жматериалды ағындар мен жүктемелерді технологиялық агрегаттар арасында тарату; агрегаттардың қосылуы мен тоқтап қалуын басқару және басқалары.

ТП АБЖ-ның функционалды құрылымындағы элементтер болып жоғарыда қарастырылған жүйе функциялары ен оның бөлшектері (операциялары, процедуралары) болып табылады, ал элементтер арасындағы байланыстар оларды іске асыру тізбегі мен бағыныштылығын көрсетеді. ТП АБЖ-ны құруды мағыналы бейнелеу және түсіну үшін мұндай құрылымның мәні өте маңызды: күрделі құрылғының әрекет ету принципі ашылатын принципиалды схеманың роліне ұқсас рольді атқарады.

Әдебиет 1 нег. [26-30,]

Бақылау сұрақтары:

  1. ТПАБЖ-ның басқарылатын объектісі дегеніміз не?

  2. ТПАБЖ тағайындамасын қалай анықтауға болады?

  3. ТПАБЖ функциялары.

  4. ТПАБЖ-ның басқарушы функцияларына не жэатады?