
- •Пәннің оқу бағдарламасы – sillabus
- •1.7 Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Білім бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға дайындалу сұрақтары.
- •1.9 Курстың саясаты мен үрдісі
- •2 Негізгі таратылатын материалдардың мазмұны
- •2.1 Курстың тематикалық жоспары Кесте 4 Оқу сабағының түріне қарай сағат бөлу
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы: Типтік құрылымдар мен тпабж құралдары
- •2 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ң тағайындалуы, мақсаты және функциялары
- •3 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның түрлері
- •4 Дәрістің тақырыбы: тп абж құрамы. Негізгі компоненттері. Техникалық қамтамасыздануы
- •4.1. Негізгі компоненттері
- •2.2. Техникалық қамтамасыздану
- •5 Дәрістің тақырыбы: тпабж-ның математикалық қамтамасыздануы. Тпабж-ны математикалық қамтамасыздандыру жөніндегі түсініктемелер, негізгі жобалау кезеңдері.
- •6 Дәрістің тақырыбы: тп абж-ның программамен қамтамасыздануын (пқ) жобалауды автоматтандыру
- •6.1 Қолданбалы программалы модульдер пакеті
- •7 Дәрістің тақырыбы: Металлургиялық өндірістегі тп абж-ның ақпараттық қамтамасыздануы
- •7.1. Ақпараттық қамтамасыздануды жұмыс істету алгоритмдері мен тағайындалуы
- •7.2. Ақпараттық ішкі жүйелердің негізгі міндеттемелері
- •8 Дәрістің тақырыбы: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде талдау. Автоматтандыру есебінің қойылымы. Техникалық автоматтандыру құралдар кешенін таңдап алу
- •8.2 Автоматтандыру есебінің қойылымы
- •9 Дәрістің тақырыбы: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде бейнелеу. Технологиялық басқару объектісін теңдестіру
- •10 Дәрістің тақырыбы: Автоматтандырылған өндірістегі cals –технология.
- •12 Дәрістің тақырыбы: Басқару жүйесінің, scadа-жүйесінің микропроцессорлары мен птк (ек) таңдап алу әдістемелері. Тп абж-ны өңеудің тт-сын өңдеу кезіндегі технологтың міндеті.
- •13 Дәрістің тақырыбы: Ұсақтау процестеріндегі тығыздықты және түйіршіктік қасиетін, ағыны мен қорын автоматты тұрақтандыру
- •14.1. Қойыртпақтың түйіршіктік құрамын өлшеу
- •14.2 Қойыртпақ тығыздығын өлшеу
- •15 Дәрістің тақырыбы: Жіктелген аппаратты тұйық циклде жұмыс істейтін диірмен
- •15.2 Ұсақтау процессін Аумақты басқару
- •15.3 Қойыртпақты сорапты станцияның жұмысын автоматты бақылау
- •2.3 Практикалық сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің оқытушы жетекшілігіндегі өзіндік жұмысы сабақтарының
- •2.5 Студентің өзіндік жұмысы сабақтарының жоспарлары (сөж)
- •Дұрыс жауаптар кілті
- •2.8 Өтілген курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – sillabus...................................................................................3
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер.......................................................................................3
- •050709 – «Металлургия»үшін студенттік пәндік оқу-әдістемелік кешені
2.2 Дәріс сабақтарының конспектілері
1 Дәріс тақырыбы: Типтік құрылымдар мен тпабж құралдары
Автоматтандырылған басқару жүйелері
Автоматтандырылған басқару жүйелерінде қолданылатын негізгі түсініктемелерді қарстыруға өтуден алдын, жүйе деген терминді анықтап алайық, ол соңғы кезде ең ауқымды мағынада жиі қолданылуда. Бұл ұғымның жалпы түрде қабылданған бірыңғай анықтамасы әлі күнге анықталған жоқ. Сонда да көптеген монография, анықтамалар мен сөздік автоарлары мынадай жорулар мен анықтамаларды пайдалануда: жүйе – бөл үзара ірекет етушә элементтердің жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда, кез-келген жүйе жай ғана тек элементтер жинағын ғана емес (ең болмағанда жалпы белгісі бар), ал элементтер арасындағы байланыс пен ұзара әрекетті қамтамасыз ететін нақты тұтастықты береді. Сонымен қатар көптеген техникалық, әлеуметті және биологиялық жүйелерге сипатты маңызды аерекшеләктер де жиі атап көрсетіледі.
Кез-келген жүйе өзінше емес, өзімен тұтас немесе оның жеке элементтерімен өзара әрекет ететін сыртқы ортада әрекет етеді. Жүйе эементтерінің өзара, сыртқы ортамен өзара әрекеті жүйе шекарасы деген түсініктемеге белгілі белгісіздік тудырады және оның шектелуін күрделендіреді. Сондықтан әдетте ескерәлетән өзара әрекеттер санын, маңыссыз, аз әсер ететіндерді алып тастап, жүйені жұмфс істету мен алынатын модель дәлділіктерінде шектеуге тура келеді. Жүйе жөніндегі білімді кеңейтіп, анықтаған сайын, оның модельдерін барынша нақты құрған сайын жүйе шекарасы, оның сыртқы ортамен өзара байланысы жөніндегі сұрақтарға, бастапқы түсініктемелерді түзете отырып, қайта оралу қажет.
Шексіз көптеген алуан түрлі жүйелердің ішінен әрі қарай олардың тек бір класы ғана қарастырылатын болады - өнімдерді өнеркәсіп салаларында өндәру процестерән басқару жүйелері. Материалды өндіріс процестерінің өзін де (жабдықтар немесе солардың көмегімен жүзеге асатын жабдықтармымен бірге) жүйелер деп санауға болады. Алайда әрі қарай олар бізді тек басқару объектілері ретінде ғана қызықтыратын болады.
Қазіргі барлық өндіріс процестері іс жүзінде нақты нұсқамаларға, заңдарға, регламенттік органдарға сәйкес орындалуы қажет екенін атап өтейік. Оларды технология жөніндегі мамандар, технологтар таңдап алады, яғни әртүрлі еңбек бұйымдарын өндіріс барысында айналдыру тәсілдерімен. Сәйкесінше, бастапқы материалдарды (шикізаттар, жартылай өнімдер, дайындықтар және т.б.) дайын өнімге айналдыру процесі технологиялық процестер деп аталады.
Сур. 1.1. Технологиялық объектілерді басқару жүйесін құру принциптері.
Кез-келген технологиялық процесті материалдық өндірісте жүзеге асыру, бір қарағанда, көмекші, бірақ оларды басқару бойынша, яғни процесті қажеттіі бағытта өзерту бойынша өте маңызды әрекеттердің орындалуын талап етеді. Міне, сондықтан технологиялық өндіріс процестері басқару объектілері ретінде қарастырылуы мүмкін және тиіс.
Қазіргі технологиялық объектілерді басқару жүйелерін жөмыс істетудің ерекшеліктері мен сипаттары жөнінде түсініктемелер алу үшін олардың 1.1-суретте көрсетілген жалпы құрылымдық схемасын қарастырайық. Басқарылатын объектіде ағып өтетін технологиялық процестердің күйі жөніндегі ағымды ақпараттар ақпараттарды жинаудан бастап және басқару объектісіне өзара әрекет етумен аяқталатын бірқатар әрекеттерді орындайтын басқару жүйесіне келіп түседі. Объектіден келіп түскен ақпараттар басқару жүйесінің тапсырмасымен салыстырылады, ол тапсырма жүйені жұмфс ічтету мақсатын ескере отырып одан тыс құрылады. Салыстыру нәтижелері талданып, содан кейін даярланады және шешім қабылданады. Суретте сонымен қатар шешімді бақылау мен талдау нәтижелері негізінде қабылдау мүмкіндігі көрсетілген.
Тиімді басқару әсерлерін құру үшін қабылдау және оперативті түрде қайта өңдеу қажет болатын ақпараттар саны өндірісті басқарудың қазіргі жүйелерінде өсті, ол тіпті бір адам мүмкіндігінен де асып түседі. Күрделі объектіні басқару міндеттемесін адамдар коллективіне артуға тура келеді, олардың саны тиісті басқару сапасын бәрі бір жүзеге асыра алмайды. Критикалық сәт туды, жеке басқару әрекеттерін келісу және координаттау үшін, бір адамдармен қабылданған шешімдерді екінші тұлғаларға жеткізу үшін басқару жүйелері ішінде қарқынды ақпараттар ағыны қажет болды.
Одан бөлек, өнеркәсіп объектілерінің үздіксіз өсіп жатқан саны мен қуаты өндірісте ірі материалды, еңбек, қаржы және энергетика ресурстарының айналуына алып келуде. Басқару сапасының пайыздық қатынаста біршама азаю үлкен көлемдегі ақпараттарды адамдар коллективімен қолмен қайта өңдеу кезінде іс жүзінде сөзсіз болады, әрбір өнеркәсіп салалары мен бүкіл халық шаруашылығы масштабында абсолютті шығындар тудырады.
Бұрын атап өткендей, материалды өндірістің қазіргі басқару проблемасын шешудің негізгі құралы болып АБЖ қызмет етеді, онда адамның орталық, басқарушы роль мен творчествалық қабілеттері қазіргі математикалық әдістер мен автоматтандыру құралдарын, есептеу техникасын кеңінен пайдаланумен үйлеседі.
АБЖ-ның мемлекеттік стандартына сәйкес бұл – адам-машиналық жүйе, ол адам қызметінің әртүрлі салаларындағы басқаруды тиімдеу үшін қажетті ақпараттардың автоматтандырып жиналуы мен өңделуін қамтаамсыз етеді. Тиімдеу процесі басқару сапасын сипаттайтын қандай да бір критеридің минималды немесе максималды мәніне жететін басқару жолын болжап береді.
Кәсіпорында автоматты басқару жүйесі (КАБЖ) өнеркісәп саласының өндірісті-шаруашылық қызметін басқарудың негізгі міндеттемелерін тұтас және (немесе) оның өзінше бөліктерін экономикалы-математикалық әдістер мен есептеу техника құралдарын пайдалану негізінде шешу үшін арналған.
Жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын автоматты басқару проблемасы күрделі және қиындық тудыратын проблемаға жатады. КАБЖ-ның оны құру мен пайдалану кезіндегі ерекше қиындықтарды анықтайтын негізгі артықшылықтарды атап өтейік:
а) КАБЖ-ғы басыңқы мәнде экономикалық басқару мәндеттемелер болады: кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі тек өндіріс пен жабдықтау, өндіріс пен қаржы құралдары, дайын өнімдерді өндіру құралдары арасында үздіксіз байланыстың бар болуы кезінде ғана мүмкін;
б) кәсіпорынды басқарудағы анықтаушылар болып технологиялық шектеулер емес, ал заң жүзінде күші бар және орындалуы міндетті жоспар түрдегі директивті нұсқамалар болады;
в) Көптеген басқа кәсіпорындар (мекемелер) арасындағы тұрақты өзара байланыс пен осының салдарынан жабдықталуды, өтімді, қаржы әрекеттерін басқару, статистикалық есептеме құру, баға көрсеткіштерін, бухгалтерлік есептеу проблемаларын, экономикалық-статистикалық есептеулерді және т.б. есепке алу сияқты ерекше міндеттемелердің бар болуы маңызды;
г) маңызды рольде адамдар мен еңбек ресурстарын басқарудың алуан түрлі міндеттемелері ойнайды (бұйрықтар мен жарлықтар даярлау, қабылдау мен босауды бақылау, еңбек ақысын есептеу, оның жоспарлануы мен шығындалуын бақылау және т.б
д) КАБЖ-да ақпараттарды сақтау мен қозғалуының ерекше түрлері қолданылады – жалпы басқару міндеттемесін шешуге үлкен адамдар коллективін қатыстыруға байланысты құжат айналымы.
ТП АБЖ – бұл адам-машиналық жүйе, онда адам көп жағдайларды өндіруде; басқару бойынша шешімдерде қатыса отырып, маңызды рольді атқарады, ТП АБЖ-да маңызды орында ақпараттарды жинау, өңдеу және қайта өңдеу бойынша қиын операцияларды орындайтын автоматты құрылғылар алады (сонымен қвтвр есептеу техника құралдары);
ТП АБЖ-ны жұмыс істету мақсаты – объектінің жұмысын басқарушы әрекеттерді сәйкесінше таңдап алу жолымен тиімдеу.
Интегралды АБЖ.. Сәйкес нормативті құжаттарда бейнеленген қазіргі көзқарас бойынша ТП АБЖ тікелей кәсіпорындарды АБЖ қатарына кірмейді. Бір кәсіпорында ТП АБЖ мен КАБЖ-ны өндіру, енгізу және пайдаланған кезде олар өзара байланысқан, бірақ бір-бірі арасында, бөлігінің тұтастыққа емес, кішіге, үлкенге сияқты иерарахиялық бағынушылық қатынасы бар, жеке жүйелер ретінде қарастырылады.
Әдебиет 1 нег. [19-22, 24-31]
Бақылау сұрақтары:
Автоматтандырылған басқару жүйелері жұніндегі негізгі түсініктемелер.
Технологиялық объектілерді басқарудың қазіргі жүйелерін жұмыс істету ерекшелеіктері мен сипаттарын елестетуге мысалдар келтіріңіз.
Интегралданған АБЖ
Кәсіпорынды АБЖ не үшін арналған?