Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

Глоссарий

  1. Бақылау – бақыланатын объектінің қойылған талаптармен сәйкестігін тексеру.

  2. Вискозиметр – Сұйықтар мен газдардың тұтқырлығын өлшейтін аспап.

  3. Газталдауыш– Газды қоспаның сапалы және мөлшерлі құрамын анықтайтын талдауыш.

  4. Градустеу – Өлшеу құралдарының градустелген сипаттамаларын тәжірибе түрде анықтау.

  5. Заттың тығыздығы – заттың массасының оның көлеміне қатынасымен анықталатын физикалық шама.

  6. Код – ақпараттарды беруге немесе өңдеуге қолайлы түрде беру үшін кодтау ережередегі шартты белгілердің, символдардың немесе сигналдарыдң жиыны.

  7. Кодтау– кодтарды пайдалану; түрлендіргіштің шығыс кодын құру.

  8. Компаратор – өлшенетін шама үлгілімен салыстырылатын өлшеу аспабы.

  9. Концентрация – берілген компоненттің көпкомпонентті термодинамикалық жүйедегі мөлшерін сипаттайтын шама.

  10. Қасиет – объектінің сапалы ерекшелігі.

  11. Қысым – дененің қандай да бір бетіне, осы бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күштің әсері; күш бетінің бойымен осы беттің ауданына қалыпты, бірыңғай түрде үлестірілген қатынаспен беріледі.

  12. Метрология – өлшеу, олардың бірігіуін қамтамсыз ететін әдістері мен құралдары туралы, сонымен қатар қажетті өлшеу дәлдігіне жету тәсілдері жөніндегі ғылым.

  13. Модуляция – физикалық процестерді сипаттайтын сигналдардың, шамалардың параметрлерінің берілген заңдылықтары бойынша өзгеруі.

  14. Өлшем бірлігі– нәтижелері көрсетілген бірлікте берілген өлшеудің күйі және өлшеу бірлігі біртекті өлшеу құралдарының көмегімен қамтамасыз етіледі; өлшеу қателіктері дәл ықтималдықпен белгілі

  15. Өлшеу – физикалық шаманың мәнін арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжіриби түрде табу.

  16. Сипаттама – нәрсенің, құбылыстың немесе олардың жиынтықтарының ерекше, сапалы және/немесе мөлшерлі белгісі (немесе белгілері).

  17. Талдау – заттардың құрамын, құрылымын және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу әдісі.

  18. Талдауыш- қатты, сұйық және газтәріздес заттардың физика-химиялық қасиетін, құрамы мен құрылымын анықтайтын аспап.

  19. Тәжірибе(эксперимент - тізбекті үрде сынау кезіндегі объектілер жөніндегі ақпараттарды алуға бағытталған операциялар, әсерлер және/немесе бақылау жүйесі.

  20. Температура–термодинамикалық жүйенің теңәсерлі күйін сипаттайтын және жүйені құраушы бөлшектерінің хаостикалық қозғалысының орта кинематикалық энергиясына пропорционалды физикалық шама.

  21. Тензорезистор – иактивті кедергінің өзгерісіндегі сызықты деформациясының өлшеу түрлендіргіші; оның әрекеті тензорезисторлы әсерге негізделген.

  22. Тұтқырлық– Сұйықтар мен газдардың бір бөлігінің басқа бөлігіне қатысты орын ауыстырылуынакедергі келтіретін қасиеті (ішкі үйкеліс).

  23. Түрлендіргіш – ақпаратты сигналдардың физикалық түрінің түрлендірілуін немесе ақпараттың берілу түрінің түрлендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

  24. Физикалық шаманың бірлігі – Анықталғаны бойынша 1-ге тең сандық мән тағайындалған физикалық шама.

  25. Шама – сапалы түрде ерекшеленетін және мөлшерлі түрде анықталатын дененің, заттың құбылыстың, процестің немесе ақпараттардың сипаттамасы; шкаланы пайдалану арқылы беріледі.

  26. Эталон – физикалық шаманың бірліктерін өлшеу техникасының берілген даму деңгейі үшін оның өлшемін өлшеу құралдарының сынап тексерілген схемасы бойынша төмендегілерге аса дәлдікпен көрсетілуін және/немесе сақталуын қамтамасыз ететін өлшеу құралдары.

МАЗМҰНЫ