Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

15 Дәрістің тақырыбы: Жіктелген аппаратты тұйық циклде жұмыс істейтін диірмен

Екі аппараттың – диірмен мен классификатордың әдеттегі үйлесімі оларды бірге қарастыруға алып келеді, және де осы аппараттардың жиынтығы жаңа қасиеттерге ие болады: арналары бойынша экстремалды сипаттамасы – даяр класс саны - айналдырушы жүктеме. Осы экстремумның бар болуы диірмен жұмысын тиімдеу міндеттемесін берілген іріліктегі дайын кластың максималды шығысын қамтамасыз ету сияқты міндеттемеге түрлендіруге мүмкіндік береді:

qr max ; dиз=dиз (15.1)

Сур. 15.1 классификаторлтұйық циклде жұмыс істейтін диірменнің беріліс функциясын алу:

1 — диірмен; 2 — диірменді классификатормен қосатын құбыр; 3 — классификатор; 4 – құмдарды тасымалдаушы құрылғы

Әрине, кез-келген аппарат үшін, автоматтандырудың бірінші кезеңі шығыс көрсеткіштердіө кез-келгенін тқрақтандыру есебін қою және шешу болып табылады.

Мұндай комбинациядағы объектінің беріліс функциялары, классификаторлы немесе гидроциклонды диірмендегідей, күрделене түседі.

Құрылымды түрлендіру әдістерін қолдана отырып, арна бойынша беріліс функциясын – классификатордың ағысының түйіршіктік құрылымын – диірмендегі кен шығынын жазамыз (сур. 15.1):

(15.1)

Тек бір ғана – ірілік арнасын ескерген кездегі беріліс функциясы осы түрде алынады. Егер де ірілік, шығын, тығыздық арналарының өзара әрекетін ескерсек, онда мұндай объект динамикалық қатынаста күрделі болып табылатыны анық.

15.2 Ұсақтау процессін Аумақты басқару

Қарастырылған ұсақтап басқару жүйелерін пайдалану ұсақтау желісінің жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді, бірақ кеннің қасиетінің лезде өзгерген кезде немесе аса инерциялы ұсақтау циклдерінде жүйе жұмысы тқрақсыз болуы мүмкін, немесе тиімді нүктеде жұмыс істеу мүмкін емес.

Мұндай жағдайларға Канададағы Brenda Mines фабрикасы екі кезеңдік ұсақтауды автоматтандыру кезінде кезікті. Кеннің қасиетінің бірден тербелуі уатқыш бөлімшесінің жұмыс істеу режимін профилактикалық жөндеу жұмыстарына байланысты өзгерткен кезде болады. Бұл кезде жөндеу жұмысы кезінде, мысалы, бірінші уату кезеңінде, тек қана екінші кезең жұмыс істейді, және де керісінше, ол ұсақтауға келіп түсетін кеннің түйіршіктеік құрамының лезде нашарлануына алып келеді. Бастапқы кеннің ірілігін ұлғайтқан кезде тар орын болып стерженьді диірмен, майда кен түске кезде - шарлы болады. Бұл ірі кен келіп түскен кезде диірменнің өнімділігін стерженьді диірменді жүктен түсіру күйі бойынша, ал майда кен түскен кезде – гидроциклондардың қоректендіру тығыздығы бойынша реттеуге алып келеді. Оператор өзінің ауысымында ұсақтау бөлімінің жұмысын жақсартатын оқиғаны дұрыс бағалау кезінде қолмен 3-4 басқару әсерлерін жасауға үлгереді.

Каскадты реттеуді (гидроциклонды қоректендіру тығыздығын бергіштің кен шығынын стерженьді диірмендегі шығынын тұрақтандыру жүйесінің қондырғысына деген әсері) енгізу сәтсіз болды, өйткені

Сур. 15.2. Ұсақтау процесін аумақты басқару жүйесінің құрылымы

/ — кен шығынын бергіш; 2,3 — су шығынын бергіштер; 4 — тығыздықты бергіш; 5 — түйіршіктік құрамын бергіш; 6, 8 — дыбыстық бергіштер; 7 — деңгейді бергіш

жүйе ірі кеннен майдаға өткен кезде өте баяу әрекет етті, ал майдадан іріге өтуі стерженьді диірменде ірі бөлшектердің бастапқы жинақталуы салдарынан тіпті жүйенің дұрыс емес реакциясына алып келді.

Сақтандырғыш сигналдар ретінде диірмен шуының сигналдары, зумпфтегі қойыртпақ деңгейі, және де гидроциклонның қоректену мен ағыс тығыздығы мен ағыстың түйіршіктік құрамын пайдалану ұсынылған болатын. Осы сигналдарды бергіштер негізгі функциясы жіберіп бақылау болып табылатын есептеу құрылғысымен қосылған болатын. Ұсақтау процесін осындай аумақты басқару жүйесінің құрылымы 15.2-суреттер көрсетілген. Көрсетілген сигналдар орналасуы қажет бекітілген жіберулердің бұзылуы болмаған кездегі басқару гидроциклон қорегінің тығыздығы бойынша қондырғыны өзгерте отырып өнімділікті АБЖ / тұрақтандыру жүзеге асырылады.

Гидроциклонның қоректену тығыздығының немесе айнымалылардың төменгі немесе жоғарғы шегі бұзылған кезде басқару аумақтық басқаруды жүзеге асыратын, кен шығынын реттеу тұрақтысының шамасы мен таңбасы бойынша әртүрлі өсімшелерін қарастыратын матрицалы жады блогына беріледі. Осындай блокпен шешімді қабылдау уақытының аралығы – 1 мин-тан аспайды, ол жүйенің қажетті жылдам әреткетін қамтаамсыз етеді. Жады матрицасының элементтері диірменді асыра жүктемеу шарттары үшін оң және асыра жүктеу шарты үшін теріс. Шарттар периодты түрде өзгеріп тұрады, яғни іс жүзінде интегралды реттеу заңдылығы іске асырылады.

Шығарып тастау зумпфтегі деңгей асып кеткен кезде ғана қарастырылады. Бұл кезде жіберілуді бұзы кен шығынын кез-келген жоғарлатуда рұқсат етілмейді.

Одан бөлек кен – су қатынасын реттеу жүйелері, АРЖ // және судың АРЖ шарлы диірменге берілуін реттеу жүйелері /// және АРЖ зумпфі IV жүйелері жұмыс істейді, сонымен қатар АРЖ ережесін өзгерту /// шарлы диірменнің шу бергішінің сигналы бойынша жүзеге асырылады, ал АРЖ ережесін өзгерту IV - ұсақтау цикліндегі судың алдын-ала анықталған тиімді мен фактілі шығыны арасындағы айырым бойынша жүзеге асырылады.

Бейнеленген жүйені сынап көргенде оның жоғары динамикалық тиімділігін көрсетті және диірмен өнімділігінің өсімін 4%-ға жоғарлатты.