Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

13 Дәрістің тақырыбы: Ұсақтау процестеріндегі тығыздықты және түйіршіктік қасиетін, ағыны мен қорын автоматты тұрақтандыру

Ұсақтау технологиясының негізгі талаптары дайын өнімнің қажетті түйіршіктік қасиетін тқрақтандыру, өнімділігін (энергетикалық пэк) көбейту. Екінші талабымыз дайын өнімнің ағымын тұрақтандыруға алмасытырылады, егер тізбекті байыту жабдығы айнымалы қоректендіру ағынына икемделген болса, мысалы, реттелмейтін аэрациялы флотомашиналар. АБЖ-ны құру принциптері осы талаптарға сәйкес келуі тиіс. Бірінші талапты ұсақтаудың біркезеңдік тұйықталған циклдерінде орындау үшін классификатордың (немесе гидроциклонның) ағызу тығыздығын классификатордағы (немесе гидроциклон алдынағы зумпфтегі) жаңа судың шығынын манипуляциялаумен тқрақтандырылатын АБЖ қолданылады (сур. 13.1 қара). Тығыздықты өлшеу үшін әртүрлі тығыздық өлшеуіштер олданылады: цезиел дерект жне сцентилляциялы санағышты радиоизотопты ПР-1024В, салматы, ареометриялы, пьезометриялы, гидростатикалы (6-тарауды ара). Тығыздық жөніндегі міндеттемелер түйіршік өлшегішпен түзетуге болады.

Іске асыру мысалдары Зырянов ОФ-гі жиілікті-ферродинамикалық аппаратурадағы гидроциклонның ағу тығыздығын каскадты АБЖ-сы (сур 13.1,а) Iшкі қосалқы контур судың QB шығынын класстфткаторда манипуляциялау классификаторының ағу тығыздығын рк тұрақтандырады; өлшеу жүйесі ӨЖ1 (пьезометриялық тығыздық бергіші, дифманометр МДП, ферродинамикалық түрлендіргіш ПФ-4, көмекші тіркегіш аспап ВФСМ) мен Р1 реттегішінен (ПИ-реттегіші, РФ-ПИ, тапсырғыш БУР-4, басқару блогы БУС, ИУФ кері байланыс бергіші бар орындаушы механизм МЭК-ЮБ, реттегіш су клапаны) құралған. АБЖ-ң сыртқы негізгі контуры көмекші контур жөніндегі рк міндеттемелерді манипуляциялап гидроциклонның ағу тығыздығын тұрақтандырады; ӨЖ2 өлшеу жүйесі (пьезометриялық тығыздық бергіші, «сақиналы таразы» түріндегі дифманометрлер, ВФСМ қосалқы сапаптар) мен Р2 реттегішінен (ішкі контурмен секілді, рко міндеттемелерді түзету сигналы үшін ПФФ-2420 түрлендіргішінің бар болуымен ерекшеленеді) құралған. Автоматты түйіршік өлшегіштері (6-тарауды қара) судың ағынын классификацияға манипуляциялаудың түйіршіктік құрамын тұрақтандыратын бірконтурлы АБЖ-да, тығыздықты тқрақтандыру контурының ішкі АБЖ міндеттемелерін манипуляциялайтын каскадтық АБЖ-да қолданылуы мүмкін. Түйіршік өлшегіштердің жеткіліксіз сенімділігінің салдарынан жіктеу процесіндегі бөлу кесектерін тұрақтандыру қойыртпалық тығыздығын ағын жылдамдығы бойынша (үдемелі) түзете және қойыртпақ (пульпа) тұтқырлығын тұрақтандыратын АБЖ жүзеге асырылуы мүмкін.

Cур. 13.1. Гидроциклонның ағу қойыртпалығының тығыздығын тұрақтандыратын каскадты АБЖ (а), ұсақтау циклінің көпбайланысты АБЖ-сы (б): М — диірмен; Кл — классификатор; Гц — гидроциклон

Майда тесікті (доғалы) електермен ұсатаудың тұйықталған циклдерінде де (стержденьді) тозу әсерән автоматты жою мен елеуіштегі қойыртпалық аынының қалыңдығын манипуляциялау немесе жаңа суды қосу торын бітеп қою қажет болады.

Q исх Q0 қоректендіру циклінің өнімділігін тқрақтандыратын АБЖ-да өлшеу жүйелері ретінде конвейерлі таразылар пайдаланылады; тұрақтандырушы реттегіш кенді қоректендіруші өнімділігін манипуляциялайды; басты кемшілігі – кеннің және цикл жабдығының күйінің ұсақтануы өзгерген кезде жүгі жетпей немесе жүгі асып кеткен диірменнің жоғары жұмыс істеу ықтималдығы. Qo тапсырмасын қолмен оперативті түрде түзету қажет болады.

Диірмендегі материалдар М М0 қорын (тотырылуын) Qисх өнімділікті манипуляциялап, не каскадтық басқарудың ішкі контурының ролін орындайтын алдыңғы АБЖ-ң Qo тапсырмасын манипуляциялап тқрақтандыратын АБЖ өте тиімді.

М Қоры микрофонмен немесе басқа акустикалық бергішпен өлшенетін шу бойынша (немесе класификатордың электр қозғалтқыш тогы бойынша, немесе диірмен подшипнигіндегі майдың қысымы бойынша) немесе диірменнің электрқозғалтқышының активті қуатының орташа тербеліс амплитудасы бойынша жанама өлшенеді. Мұндай АБЖ диірменнің кенмен апаттық артық жүктелуіне кедергі жасайды, және әйтсе де М0 Мкрит тапсырмасының қолмен түзетілуін қажет етеді. Диірмендегі материалдар қорын шу сигналы бойынша тұрақтандыру кеңінен тараған, сондықтан шу бергіштердің көптеген түрлері бар: диірменнен тыс (микрофонды диірменге түсіргіш цапфа арқылы консолды тіреуіш арқылы орналастырады) қарапайым микрофондар (немесе қатты сөйлегіш); диірмендегі немесе оның тіреуіштеріндегі тербелмелі бергіштер; жиілік өлшегіштер; райсты (орташа) жиілікті; жіңішке долақты бергіштер; жіңішке бағытты бергіштер және т.б.

Алдыңғы екі тәсілдердің комбинациясын QИСХ + rM = С= const еселігінің қосындысын тұрақтандыратын АБЖ жүзеге асырады. Статикалық басқару заңдылығының к және С тізбектелген коэффициенттері Qncx және М координаттарындағы Qисх = = C-rM сызығы мүмкіндігінше Qисх = Qгот = Qmax—kn (М—Мкркт)2 жылжымалы статикалық экстремальды сипаттаманың төбелері арқылы тайғанйтында (сырғанайтындай) таңдап алынуы қажет.

Диірменге ағатын су ағынын QB,M автоматты басқару әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: QB.M–ді тұрақтандырып; алғашқы кен ағынына QHCX пропорционалды (немесе кен мен құмның соммалы ағынына пропорционалды) QB.M ағынды манипуляциялап; диірменнің жүк түсіру тығыздығын су ағынын өзгерте отырып тұрақтандырып.

Сонымен қатар, диірмендегі Мш Мш.о шарлар массасын тұрақтандыру міндеттемесі де маңызды; Мш шамасы диірменнің электрқозғалтқышының орташа активті қуаты бойынша немесе диірмен подшипниктерінің майлы сынасындағы қысым бойынша жанама түрде бағаланады. Шарлар автоматты түрде немесе қолмен олардың тозу уақыты бойынша үстеме жүктеледі.

Барлық қарастырылған тәсілдер «объектінің кірісі-шығысы» деген арналар бойынша өзара байланыспаған үш бірконтурлы АБЖ комбинациясында негізделеді: су шығыны мына жіктемеге - дайын өнімнің тығыздығы немесе түйіршіктік құрамы (сапасы); диірменге деген кеннің ағыны – оның материалдармен толтырылуы; диірмендегі судың шығыны – диірмендегі материалдың тығыздығы.

Мысал. Айрықша АБЖ-ғы біркезеңді ұсақтау циклімен СевГОК-те диірмендегі материалдар қоры {электрқозғалтқыштың активті қуатының орташа тербеліс амплитудасының сигналы бойынша} кен ағынын манипуляциялап тұрақтанады, және де диірмендегі шарлар массасы да тұрақтанады {диірменнің электрқозғалтқышының орташа активті қуатының сигналы бойынша}. Осы барлық тұрақтандырушы АБЖ-ң құрылымдық схемалары ауытқу бойынша реттеу принципіне сәйкес келеді.

Өте жоғары тұрақтандыру дәлдігі мен реттеу сапасына көпбайланысты реттеуді қолдана отырып, ұсақтау циклін көптеген кірісі мен шығысы бар объект ретінде қарастыра отырып жетуге болады.

Ашық I және тұйық II кезеңдері бар екікезеңдік ұсақтау кезіндегі дайын өнімнің (және де диірмендегі шарлар немесестерженьдердің массасын) тығыздығын (немесе түйіршіктік құрамын) тұрақтандыра отырып II кезеңді диірмендегі М М0 материалдар қорын тұрақтандыру маңызды және ерекше. Екінші кезең өзін тұрақты (M<MKViiT) және (M>Mкрит) тұрақсыз жұмыс істеу аймағы бар біркезеңдік типтік цикл ретінде ұстайды. Бірақ «QиCX — запас Малғашқы кен ағымы» арнасы бойынша I кезеңінен көп инерциялы және көлікті кешігу ерекше болып табылады; сондықтан тұрақтандырушы ПИ-алгоритмдер жұмысқа қабілетсіз болып шығуы мүмкін және аса тиімді ПИР- немесе ПИП-алгоритмдер қажет болады.

Екі тұйықталған кезеңі бар еккезеңді ұсақтау кезіндегі әрбір кезең өзін типтік тұйық цикл ретінде ұстайды. Басқару кезінде кезеңдер арасында қайта тарала жуктелу ерекшелігі бар. І кезеңнің даяр өнімінің тығыздығы (түйршіктік құрамы) ІІ кезең диірменін толтырылу сигналы бойынша манипуляцияланады: егер соңғысы толық жүктелмеген болса 22о), онда І кезеңнің даяр өнімінің ірілігін І кезең тығыздығын реттегіш есебін ұлғайта отырып көбейту керек, немесе керісінше. Тұрақтандырушы АБЖ-ң минималды комплектісі: су ағынын жіктемеге манипуляциялаудың ІІ кезеңінің дайын өнімінің тығыздығын немесе ірілігін тұрақтандыру; І кезеңнің ағын тығыздығын реттегіш тпсырмасын манипуляциялаудың ІІ кезең диірменінің материалдармен толтырылуын тұрақтандыру; сәйкес тығыздықты қадағалау АБЖ; алғашқы кен ағымын манипуляциялаудың І кезең диірменінің материалдармен толтырылуын тұрақтандыру. Ілестік жүйелер: диірмендерді шарлармен немесе стерженьдермен толтыру, диірменге су шығындау.

Бірінші M10= Мкрит мен еккінші М202крит кезеңдерді толтыру міндеттемесін дұрыс таңдаған кезде екікезеңді схема максималды үнімділігі мен максималды энергетикалық пэкөн дамытады. Бұл кезде ұсақталатын кен мен жабдықтың күйін өзгерткен кездегі кезңдер арасындағы ұсақтау жұмысының автоматты тиімді қайта үлестірілуі жүреді, тиімді және аралық даяр өнімнің берілген түйіршіктік құрамы қамтамасыз етіледі.

Әдебиет: 3нег[242-257]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұнтақтау технологиясына негізгі талаптар?

  2. Автоматты гранулометрлер

  3. Тұрақтаудың ең жоғарғы және реттеудің сапасы арқасында неге жетуге болады?

14 Дәрістің тақырыбы: Қойыртпақтың түйіршіктік құрамын өлшеу. Жіктемелі тұйық циклде жұмыс істейтін диірмен. Аппаратпен ұсақтау процесін Оқиғалы түрде басқару. Қойыртпақсораптық станцияның жұмысын автоматты бақылау.