Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

8.2 Автоматтандыру есебінің қойылымы

Есептің қойылымы процестің техника-экономикалық сипаттамаларын аса толық бейнелейтін қандай да бір тиімділік көрсеткішін жақсарту есебі түрінде басқару мақсатынан тұрады. Одан бөлек, басқа да көрсеткіштер келтіріледі, олардың мәндеріне технологиялық шектеулер қойылады. Кіріс пен режимдік айнымалылардың процестің таңдап алынған сапа көрсеткіштерін әсерін талдау жүргізіледі және әрбір айнымалыны бақылау мен реттеу бойынша нақты есептер анықталады. Әрбір реттелетін шама үшін басқару әсері дәлелденеді.

8.3 Техникалық автоматтандыру құралдар кешенін таңдап алу Автоматтандыру құралдарының дұрыс таңдап алынуы автоматты бақылау мен реттеу жүйесінің барлық эементтерінің сенімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Техникалық құралдар мыналарды анықтаумен дұрыс таңдап алынады:

- өлшеу аспаптары мен реттеу құрылғылары және дистанциялы басқару құрылғылары үшін қосымша энергияның бар болуымен;

  • автоматты өлшеу аппаратураларын (өлшенетін ортаның агрессивтілігі, абразивтілігі, кристалданушылдығы, ластануы және т.б.) пайдалану жағдайларымен;

  • автоматтандыру құрылғыларының қажетті дәлділігі мен жылдам әрекетімен.

Электрлік жүйелерде пневматикалық пен гидравликалықпен салыстырғанда бір қатар артықшылықтары бар. Олардың басты артықшылығы алуан түрлі шамаларды электрлік өлшеу әдісінің жан-жақтылығы, өлшеу мен түрлендіру құрылғыларының кішкене инерттілігі, сигналдарды едәуір ара-қашықтыққа беру мүмкіндігі болып табылады. Электрлік құрылғылардың кемшіліктеріне орындаушы механизмдердің қолайсыз үлкендігі мен инерциялылығын, оларды жарылыс қаупі бар жағдайларда пайдалану қиындығын жатқызуға болады.

Пневматикалық жүйелер жеткілікті қарапайым және салыстырмалы түрде арзан құрылғылар көмегімен агресивті, ылғалды және жарылыс қаупі бар орталарда автоматты бақылау мен реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Автоматтандыру құралдарын пайдалану мүмкіндігі кейбір реттелетін параметрлерді түрлендіру қиыншылығы мен оларды едәуір ара-қашықтыққа беру күрделілігімен шектеледі.

Гидравликалық жүйелердің негізгі ерекшелігі орындаушы механизмдердің қарапайымдылығы, сенімділігі, тұтастығы, жіне де гидро қозғалтқыштарда едәуір күштерді алу мүмкіндігі болып табылады. Кемшіліктеріне кейбір реттелетін шамалар үшін түрлендіруші құрылғылардың қиындығын және реттеуші әсерлер берілетін ара-қашықтықтың шектелуін жатқызуға болады.

Бергіштерді (технологияық параметрлердің өлшеу түрлендіргіштері мен басқа да ақпараттарды алу құралдары) таңдап алу кезінде метрологиялық және режимдік сипаттағы бір қатар факторларды ескерген жөн:

  • автоматтандыру жүйесі үшін бергіштің дәлділік класын анықтайтын мүмкінді қателік;

  • бергіштің инерттілігі;

  • өлшеу шектері;

  • бергішті өрт- және жарылыс қаупі бар талаптарға сай көзқараспен пайдалану мүмкіндігі;

  • бергішпен бөлініп шығатын ақпараттарды беруге болатын ара-қашықтық;

  • өлшенетін шама мен ортаның басқа параметрлерінің шекті мәндері.

Бергіштерді, заң бойынша, екі кезеңде таңдап алады. Бірінші кезеңде бергіштің түрі беріледі (мысалы, температураны өлшеу кезінде – манометрлік термометр, кедергі термометрі, термопара). Екінші кезеңде таңдап алынған бергіштің түрі мен өлшемі анықталады (мысалы, мысты кедергі термометрі, градуировкасы 100м, типі ТСМ-0193 немесе Метран-204-02, басы судан қорғалған).

Келесі сәттерге назар аудару қажет: бергіш сигналдарды автоматты немесе автоматтандырылған басқару жүйесінің тізбекті элементтеріне беруін ескере отырып таңдап алынады. Бұл, бергіштің шығыс сигналы жобаланатын жүйеде қабылданған байланысқа сәйкес келуі; бергіштің шығыс сигналдарының саны (шығыс түрлендіргіштерінің саны) автоматтандыру схемасының қабылданған құрамымен анықталуы; бергішті таңдап алу кезінде дұрыс жұмыс істету мен оның паспорттық параметрлерін болжап алынған орнату орнында іске асыру жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндігін орнату қажет екенін білдіреді.

АРЖ-ң (АСР) қосымша аспаптарын таңдап алу кезінде келесі ережелерді басшылыққа алады:

1. Қосымша аспаптың типі бергіштің өзі бірге жұмыс істейтін (өлшеу түрлендіргіші) шығыс сигналымен анықталады: активті кедергі – электронды автоматтық көпірлер, логометрлер, кедергі дүкендері; тұрақты токтың кернеуі – автоматты потенциометрлер, милливольтметрлер; тұрақты токтың біркелкі сигналы (0-5мА, 4-20мА, 0-20мА, 0-50мА) – автоматты миллиамперлер. Қосымша авпаптардың әрекет ету аралығы бергіштің (өлшеу түрлендіргіші) әрекет ету аралығында, реттелетін шаманың мүмкінді өзгеру шектерімен анықталады.

2. Қосымша аспап жұмыс істейтін бергіштің санына байланысты бір нүктелі немесе көп нүктелі аспаптарды таңдап алады. Егер реттегіш сигналы қосымша аспапатан келетін болса, әдетте бір нүктелі аспаптар қолданылады. Егер реттегіш сигналды тікелей бергіштен алатын болса, ал қосымша аспап тек қана өлшеу және тіркеу үшін (автоматтандыру схемасымен анықталатын) қолданылатын болса, онда қосымша аспаптар мен басқа АРБ санын қысқарту мақсатында көпнүктелі аспаптар қолданылуы мүмкін.

3. Қосымша аспапатар аспаптың барлық шкаласының көрсеткіші өтуге кеткен уақыт бойынша бағаланатын динамикалық қасиеттерін ескере отырып таңдап алынады.

Әдебиет 2 қос. [69-82]

Бақылау сұрақтары:

  1. Байыту үшін басқару объектілерін атап беріңіз?

  2. Процеспен басқару тапсырмаларына не кіреді?

  3. Автоматтандыру өнімдері қалай таңдалады?

  4. Датчиктерді таңдау кезінде қандай ескерулерді анықтау қажет?