Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

8 Дәрістің тақырыбы: Технологиялық процесті басқару объектісі ретінде талдау. Автоматтандыру есебінің қойылымы. Техникалық автоматтандыру құралдар кешенін таңдап алу

Технологиялық процесті автоматтандыру жүйесін өңдеу кезінде процесті басқару объектісі ретінде талдау маңызды болып табылады. Бұл кезде кіріс және шығыс айнымалылары анықталады, технологиялық процестің жүрісін анықтайтын кіріс пен шығыс айнымалылары арасындағы тәуелділік табылады.

Кіріс материалды мен энергетикалық ағындардың күйі қандай да бір кіріс айнымалыларының (заттың, энергияның шығымы, жеке компоненттердің құрамы) жиынтығымен сипатталады. Кіріс айнымалыларын басқаратын және басқармайтын деп ажыратады.

Басқаратын кіріс айнымалысы, немесе басқарушы әсерлер деп нақты бір мақсатқа жете отырып, мысалы байыту өнімдерінің берілген сипаттамаларын өзгертуге болатын айнымалыларды айтамыз.

Басқарылмайтын кіріс айнымалылары деп ешқандай тәсілмен өзгерту мүмкін емес айнымалыларды айтамыз. Олар бақыланатын және бақыланбайтын болып бөлінеді. Бақыланатын айнымалылар – бұл сандық мәндері жөнінде кез-келген уақыт мезгілінде ақпарат алынатын айнымалылар.

Бақыланбайтын айнымалылар – бұл сандық мәні жөнінде ақпарат алу мүмкін емес айнымалылар. Бұл айнымалыларды қозу әсерлері деп атайды.

Кіріс айнымалыларына сонымен қатар технологиялық байыту процесінің өтуін сипаттайтын режимдік айнымалылар да (температура, қысым және т.б.) жатады, олар кіріс айнымалылары сияқты соларға тәуелді. Технологиялық байыту процесін автоматтандыру объектісі ретінде талдаған кезде кіріс пен шығыс айнымалылары жііктеледі және олардың арасындағы тәуелділік процесс өніндегі мәліметтер негізінде анықталады.

Технологиялық байыту процесін басқару объектісі ретінде қарастырған кезде автоматтандыру жүйесін құру кезінде ерекше талаптар жүктейтін олардың бір қатар артықшылықтарын көрсетуге болады. Бұл ерекшеліктерін мынадай:

Көптеген процестерде өздіксіз ағып өту сипаты бар. Бұл кезде технологиялық агрегаттар мен аппараттар арқылы шикізаттардың, реагенттердің, аралық өнімдердің үздіксіз материалды ағымы өзінің қозғалу процесінде, не араласып және өзара әрекеттесе отырып, не фазаларға (қатты мен сұйық, органикалық пен бейорганикалық) бөліне отырып өтеді.

Байыта отырып қайта бөлу үшін басқару объектілері ретінде келесі ерекшеліктер сипатты:

- технологиялық процестің үздіксіздігі;

  • автоматтандыру құралдарын ылғалды және шаң-тозаңды бөлмелерде, өрт- пен жарылыс қаупі бар агресивті ортада пайдаланудыың ауыр жағдайлары;

  • жоғары энергия-, су-, және ауа тұтыну;

  • өнімділікті өзгертудің үлкен аралығы;

  • көлікті технологиялық байланыс пен параллель жұмыс істейтін барабар технологиялық тізбектің едәуір саны, едәуір мөлшердегі барабар автоматтандыру құралдарын орнату қажеттілігін тудыратын рециклдердің бар болуы;

  • технологиялық процестің математикалық моделін алуды көрделендіретін және автоматты басқару жүйесінің кұрделілігін анықтайтын технологиялық процестің кұрделілігі.

Тәжірибеде алынған объект жөніндегі ақпарат қысқа ғана автоматтандырылған түрде курстық жұмыстың түсіндірме жазбасының «Технологиялық процестің басқару объектісі ретіндегі қысқа сипаттамасы»деген бөліміне жазылуы тиіс.