Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байыту каз1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

7 Дәрістің тақырыбы: Металлургиялық өндірістегі тп абж-ның ақпараттық қамтамасыздануы

7.1. Ақпараттық қамтамасыздануды жұмыс істету алгоритмдері мен тағайындалуы

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ТП АБЖ функцияларын ақпараттық және басқарушы деп ажырату қабылданған. Ақпараттық функциялар (ақпараттық режим) ақпараттық ішкі жүйелермен қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық ішкі жүйенің негізгі функциялары мыналар:

ТБО күйін сұрау;

ТБО күйін талдау, және де мәдердің, параметрлердің регламенттіден ауытқуы жөнінде сигнал беру, технологиялық ақпараттардың дұрыстығын бақылау, апаттан алдыңғы жағдайды бақылау және болжау;

технологиялық параметрлердің нақты мәндерін периодты (технологиялық журналдар жүргізу, рапорттар басып шығару және т.б.) да, сайлау (оператордың қалауы бойынша ақпараттарды беру) режимдерінде де кұзбен шолу және тіркеу;

бақыланатын технологиялық процестің техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

қызмет көрсетуші ішкі жүйенің басқарушымен салыстырғандағы функциясын орындау – жүйенің деректер қорын құру мен оперативті енгізу.

Алдымен ақпараттық қамтамасыздану принциптерін қарастырайық. Логикалық деңгейде ол екі бөліктен – программалар мен деректерден тұрады.

Деректер ТП АБЖ деректер қоры (ДҚ) түрінде ұйымдастырылады. Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деректерге программалы және операторлы кіруді қамтамасыз етеді. ТБО күйі жөніндегі оперативті ақпараттар ОЕҚ (ОЗУ)-де сақталады – деректер қорының резидентті бөлігі (ОБД), басқа ақпараттар ДҚ-гі дискілі жады құрылғысында (ДБД) сақталады. ДҚ-гі ақпараттар мына екі типтің біреуіне жатуы мүмкін: шартты тұрақты (логикалы-белгілі) және айнымалы (технологиялық).

Бірінші түрдегі ақпараттар ТБО-ден келіп түсетін деректер программаларын өңдеу нұсқамаларынан құралған. Екінші түрдегі ақпараттар ағымды (лездік) немесе нақты уақыт аралығындағы интегралданған технологиялық параметрлердің мәндерін сипаттайды. ДҚ-де сақталатын барлық деректер жиынтығы деректер жинағы немесе файлдарға бөлінеді. Файлдар тұрақты үзындықтағы жазбалардан құралған.

ДҚБЖ (СУБД) функцияларының толық екі топқа бөлінеді:

  1. деректерді хабарландыру мен қызмет көрсету;

  2. дерекетрге кіру рұқсатын қамтамасыз ету.

Функцияның бірінші тобы оператордың командалар жтнағы мен оператормен байланысу программалары түрінде, ал екіншісі – ішкі программа кітапханасын пайдаланып іске асырылуы мүмкін. Мысал үшін, аналогты сигналдар файлының құрылымын жеке-жеке қарастырайық. Бұл көпжазбалы файл, оның жазбалар саны аналогты бергіштер санына сәйкес келеді. Жазбадағы ақпараттар буып түйілген, яғни бір ұяшықта бірнеше элементтер болуы мүмкін.

Ақпараттық ішкі жүйенің ұлғайтылған схемасы 7.1-суретте берілген.

Ақапараттарды УЕК-ге енгізу программалары:

аналогты-сандық түрлендіргішті (АСТ) сұрау программасы, оның кірісіне жеке немесе топтамалы түрлендіргіштер арқылы аналогты сигнал бергіштері қосылған; бұл программаның жұмыс істеу нәтижесінде технологиялық параметрлер мәндерінің кодтары УЕК-ге енгізіледі және олар ДҚ-ге орналастырылады;

санды-импульстік ақпараттардың түрлендіргіштерін (СИТ) сұрау программасы, оның кірісіне санды-импульстік сигналдардың бергіштері (негізінде шығын бергіштері) қосылған; программа осы ақпараттардың ДҚ-ге енгізілуі мен орналасуын жүзеге асырады;

Ақпараттарды өңдеу программалары:

ақпараттарды алғашқы қайта өңдеу (ППИ) программасы, оның көмегімен параметрлер кодтарын нақты мәндерге түрлендіру, параметрлердің кодтары мен нақты мәндерін шекті мәндерге тексеру, және де параметр мәндеріне қажетті түзетулерді білдірмеу, масштабтау және енгізу жүзеге асырылады;

техника-экономикалық көрсеткіштерді (ТЭП) құру программасы, ол кезекте және

дискретті (екіпозициялы) ақпараттар түрлендіргішін (ДАТ) сұрау программасы; бұл программаның көмегімен ДҚ-ге технологиялық жабдықтардың күйі жөніндегі мәліметтер енгізіледі;

тәулігіне жинақталған ТЭК-ті есептейді;

бергіштерден ДҚ-ге келіп түсетін ақпараттардың нақтылығын логикалы-технологиялық бақылау программасы.

Сур. 7.1 Ақапарттық ішкі жүйенің ұлғайтылған функционалды схемасы.

Ақпараттарды басып шығару прораммалары:

технологиялық параметрлердің мәндерінің нақтылығы мен сағатына (шығын бойынша) орташаланғаны жөнінде ақпарат беретін технологиялық бөлімшелердің кезекті рапорттарын басып шығару программасы, бұл ақпарат технолог-оператордың пультіне (ПТО) беріледі;

технологиялық тізбектің (цехтың) жұмысының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері жөнінде ақпараттандыратын кезекші және тәуліктік рапорттарды басып шығару программалары, бұл ақпарттар алфавиттік-сандық басып шығару құрылғысына (АСБҚ) (АЦПУ) беріледі;

бөлімшенің кез-келген технологиялық параметрлердің регламенттік мәннен ауытқуы мен нақты мәндері жөніндегі ақпараттарды көзбен шолу құрылғысына, сонымен қатар ПТО жабдықталған басқа да индикациялау мен сигналдау құралдарына беруге мүмкіндік беретін ПТО-ға қызмет көрсетуе программалары;