Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекции ТСП1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Түзілістерді жинақтау процесі қанша топқа бөлінеді және олар қандай?

2. Тасымалдау процесі қандай операциялардан тұрады?

3. Дайындау процесіне қандай операциялар жатады?

4. Қандай операциялар жинақтау процесін құрайды?

5. Жинақтау әдістері деп нені атайды?

6. Жинақталатын элементтердің ірілендіру дәрежесіне байланысты жинақтау әдістерін атап шығыңдар.

12-ші Дәріс. Жинақтау механизмдері. Жинақтау кранды таңдау

Құрылыс түзілістерін жинақтау кешеді процесін құратын барлық жұмыстарды орындау үшін пайдаланатын машиналарға үлкен мән беріледі.

Жинақтау крандары келесі негізгі топтарға бөлінеді: стационарлы, өздігінен жүретін жебелі, мүнарлы, төрттағанды және арнайы.

Стационарлы жинақтау машиналарына жинақтау жебелері, жинақтау діңгектер, шеврлер, діңгекті-жебелі крандар жатады, олар қатал шектелген аланда түзілістерді жинақтау үшін қолданылады. Сонымен олардың пайдалануы жинақтау тәсілдерімен шектеледі, тек қана тік көтеру, бұрма, астынан өсіру, сығым тәсілдеріне рұқсат етіледі.

Оларды ең алдымен жинақтау жұмыстарының көлемі едәуір және кішкентай ауданда шоғырланған немесе көп санды емес және салмағы жеңіл крандар көмегімен жинақталатын элементтердің массасынан шұғыл асып кеткен жағдайларда пайдаланады.

Бұл машиналардың негізгі құндылығы – конструкциясының жеңілдігі, салыстырмалы массасы, шамалы құны және үлкен жүк көтергіштігі.

Өздігінен жүретін жебелі крандар өзінің жылжымалығы арқасында жинақтау және арту-түсіру жұмыстарында кең пайдаланылады. Бұл крандар объект территориясы бойынша, тұрақтан тұраққа және бір жинақтау учаскесінен келесіге еркін ауысып отырады. Бұл крандар қозғалу жабдықтарына байланысты автомобиль, жыланбауыр табанды, пневмодоңғалақты және теміржол крандарына бөлінеді.

Автомобиль крандары ең жыжымалы болады, олар объектіден объектіге тез жүре алады. Бұл крандар арту-түсіру жұмыстарында, ірілендіріп құрастыру, қосалқы операуияларда және біршама жеңіл түзілісті биіктігі аз өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтық үймереттерді жинақтағанда кең пайдаланады.

Жыланбаур табанды крандардың едәуір жылжымалы қабилеті болатындықтан өнеркәсіптік құрылыста кеңінен колданылады. Бұл оларға биіктігі әр түрлі үйметтерді жинақтауға, әр түрлі салмағы бар элементтерді көтеріп және оларды ілмектің әр түрлі құлашымен орнатуға мүмкіндік бере отырып әмбебап қоса береді.

Пневмодоңғалақты крандар жыланбауыр табандылардан гөрі жылжымалылық және ауыспалылық үлкен шапшандыққа ие, бірақ қосымша түрақсыз орнықтылықтан біраз үтылады. Шығарма тұрақтарду орнату жұмысқа дайындағанда қосымша уақыт шығындарын қажет етеді. Бұл крандар өнеркәсіптік және азаматтық үймереттердің түзілістерін жинақтағанда және түзілістер қоймаларымен ірілендіріп күрастыру алаңшаларында істеуге кең пайданылады.

Темір жол крандарын құрылыста шамалы пайдаланады, көбінесе арту-түсіру жұмыстарында және темір жолдары бар қоймаларды ірілендіріп құрастыру алаңшасында істегенде ғана.

Мұнаралы крандар арнайы рельс жолы бойынша жүреді және тұрғын және көп қабатты өнеркәсіптік үймереттердің, ТЭЦ, ГРЭС үймереттерінің, домна конвертор және басқа цехтар мен ғимараттардың түзілістерін жинақтағанда кең пайдаланады.

Мұнаралы крандар атқаратын міндеті бойынша былай бөлінеді: тұрғын құрылыс үшін – жүк көтергіштігі 3-тен 10 т дейін, ілмек көтерілу биіктігі 66м дейін және ілмек құлашы 25 м дейін; өнеркәсіптік құрылыс үшін – жүк көтергіштігі 20-дан 75 т дейін, ілмектің ең үлкен көтерілуі 116 м дейін және оның ең үлкен құлашы 50 м.

Төрттағанды крандар ұзын бойлық және биіктігі 60 м дейін түрғын және өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау үшін және объект қасындағы қоймаларда, ірілендіру алңшаларында, бункерлі эстакадалар, домна және мартен пештерін, жылу және су электростанцияларын және басқаларды тұрғызғанда кең қолданылады. Бұл крандар қолдану жағдайын байланысты консольсіз, бір әлде екі болуы мүмкін. Бұл крандардың негізгі құндылығы: конструкциясының жеңілдігі, жұмыста сенімділігі, жоғары орнықтылығы, өзгермейтін жүк көтергіштігі.

Жинақтау крандардың негізгі жұмыс параметрлері:

  • жүк көтергіштігі QKPтұрақтылығын және биіктігін қажетті запаспен сақтағанда кранның ең үлкен массалы жүк көтеру қабілеттілігі, т;

  • ілмектің көтеру биіктігі Нілкран тұрағы деңгейінен полиспас созылған кезінде және ілмектің нақты құлашында ілмекке дейінгі қашықтық, м;

  • ілмектің құлашы Іілайналмалы платформаның айналу тік өсі және ілмек шеңберінің центрінен өтетін тік өстің аралығы, м;

  • жүк моменті Мжжүк массасы және ілмек құлашы өлшемінің көбейтіндісі, тм.

Мұнаралы кранның жұмыс параметрлері

Ілмектің қажетті көтерілу биіктігі (12.1-сурет):

Ніл=H0+hз+hэ+hc ,

мұндағы:

Н0кран тұрағы деңгейінен жинақталатын элемент тірегіне дейін арттыру, м;

hзорнату орнына түзілісті әперу немесе оны жинақталған түзілістердің үстінен тасымалдау үшін жинақтау шартымен биіктік бойынша қажетті запас (0,5 м-ден кем алынбайды), м;

hэ жинақталатын элементтің үстінен кран ілмегінің төменгі жағына жейінгі жұмыс жағдайындағы стропылау биіктігі, м.

12.1-сурет Мұнаралы кранның параметрлерін анықтау үлгісі

Ілмектің қажетті құлашы (12.1-сурет):

Ііл = a/2+b+c,

мұндағы:

а – кран жолының ені, м;

b – кран жолынан қабырғаның шығып тұрған бөлігінің проекциясына дейінгі қашықтық, м;

с – краннан ең алыс элементтің ауырлық центрінен қабырғаның ілмек жағынан шығып тұрған бөлігіне дейінгі қашықтық, м.

Мұнара кранның есеп параметрлерін анықтаған соң крандардың техникалық сипаттамасы бойынша жүк моменті шамасы моментіне тең емес біраз артық кран таңдап алады. Сонымен қоса осы кранның ілмек көтеруілінің биіктігін және жебе құлашының жеткіліктігін тексереді.

Өздігінен жүретін жебелі кранның жұмыс параметрлері

Жебе көтеруілінің биіктігі (12.2-сурет):

Нж = H0+hз+hэ+hc+ hп ,

мұндағы:

Н0кран тұрағы деңгейінен жинақталатын элемент тірегіне дейін арттыру, м;

hзорнату орнына түзілісті әперу немесе оны жинақталған түзілістердің үстінен тасымалдау үшін жинақтау шартымен биіктік бойынша қажетті запас (0,5 м-ден кем алынбайды), м;

hэ жинақталатын элементтің үстінен кран ілмегінің төменгі жағына жейінгі жұмыс жағдайындағы стропылау биіктігі, м;

hпполиспастың созылған күйіндегі биіктігі, м.

12.2-сурет Әртүрлі құралдармен жабдықталған өздігінен жүретін жебелі крандардың параметрлерін анықтау үлгісі

а) – жебемен жабдықталған; б) – қазмойынды жебемен жабдықталған

Ілмектің қажетті құлашы (12.2-сурет):

Ііл = (a+d)(Hж - hT)/(hп +hc)+c ,

мұндағы:

hTкран тұрағы деңгейінен жебенің өкше топсасының биіктігі, м;

а – көтерілетін элементтің стропылау центрінен кран жебесінің өсіне дейінгі қашықтық, м;

dкран жебесінің өсінен көтерілетін элементтің ең жақын нүктесіне дейінгі қашықтық (0,5...1,0 м-ге тең);

с – кранның айналу өсінен жебе өкшесінің топса өсіне дейінгі қашықтық, м.

Жебенің қажетті ұзындығы (12.2-сурет):

Негізгі әдебиет: 1 [207-213]