Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекции ТСП1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Қадалар қайда және қандай жағдайларда қолданылады?

2. Қадалы іргетастарының артықшылықтары неде?

3. Қадалар топыраққа батыру тәсілі бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

4. Жұмыс өзгешілігі бойынша қадалар қандай болады?

5. Қадалар материал түрі бойынша қандай болады?

6. Көлденең қима пішіні бойынша қадалар қандай түрлерге бөлінеді?

7. Ростверк дегеніміз не?

10-ші Дәріс. Тұтас құймалы бетон және темірбетон процестерінің технологиясы

Бетоннан және темір-бетоннан жасалған түзілістер жұмыс өндіру тәсілі бойынша: ширатылған және ширатылмаған арматурасы бар құрастырмалы, тұтас құймалы және құрастырмалы-тұтас құймалы болады.

Құрастырмалы түзілістер арнайы зауыдтарда және полигондарда жасалады, сонан-соң көлікпен саланатын объектіге жеткізіліп, жинақтау механизмдерімен жобалық қалпына орнатылады.

Құрастырмалы-тұтас құймалы түзілістер зауытта жасалған құрастырмалы элементтерден және оларды, бір бүтінге біріктіретін тұтас құймалы бөлігінен тұрады.

Тұтас құймалы түзілістер алдын ала дайындалған қалыпқа арматура мен бетон қоспасын салу арқылы тікелей түрғызылатын объектіде жасалады. Бұл жағдайда құрылыс алаңына қалып, арматура және бетон қоспасы жеткізіледі.

Кей жағдайларда құрастырмалы темір-бетонмен салыстырғанда тұтас құймалы бетон мен темір-бетон қолдану тым ұтымды, әсіресе сейсмикалық аймақтарда, энергетикалық және су шаруашылық құрылысында, биік үймереттер мен ғимараттар түрғызғанда.

10.1-сурет Темір-бетон жұмыстарын өндірудің технологиялық жүйелілігі

10.2-сурет Тұтас құймалы темір-бетонды өндірудің тасқынды әдісінің үлгісі

Тұтас құймалы бетон және темір-бетон жұмыстарын өндіру кешенді процесі шапшаң-тасқынды әдісі бойынша жұмыстардың барлық процестерін өзара үйлестіріп орындаудан тұрады және өзіне келесі процестерді енгізеді: қалыпты тасымалдау және орнату, соңынын оны ажырату; арматураны тасымалдау және орналастыру; бетон қоспасын тасымалдау, төсеу және тығыздау; тұрғызу процестерінде және қату процесінде бетон қоспасының сапасын бақылау.

Жеткеші процесс бетон қоспасын төсеу болады, оған барлық қалған процестер бағынады.

Негізгі әдебиет: 1 [128-130]

Бақылау сұрақтары:

1. Бетоннан және темір-бетоннан жасалған түзілістер жұмыс өндіру тәсілі бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

2. Құрастырмалы түзілістер қайда жасалады және қалай орнатылады?

3. Құрастырмалы-тұтас құймалы түзілістер неден тұрады?

4. Тұтас құймалы түзілістер қалай және қайда жасалады?

5. Құрастырмалы темір-бетонмен салыстырғанда тұтас құймалы бетон мен темір-бетон қолдану қай жағдайларда ұтымды?

6. Тұтас құймалы бетон және темір-бетон жұмыстарының өндіру кешенді процесіне қандай процестер кіреді?

11-ші Дәріс. Құрылыс түзілістерін жинақтау процесі, оның құрамы және құрылымы

Түзілістерді жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерден немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді процесі.

Түзілістерді жинақтау процесі жай процестер мен операциялардан тұратын кешенді процесс болады, ол өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі.

Тасымалдау процесі түзілістерді жеткізу, олардың элементтері мен бөлшектерін, қосалқы материалдар мен бекіткіштерді түсіру, жайып немесе үйіп қою бойынша операциялардан тұрады.

Дайындау процесіне түзілістердің геометриялық мөлшерін және сапасын және олардың орнатылатын негіздерін тексеру; түзілістерді ірілендіру және күшейту; түзілістерді көтеруге әзірлеу, төсеніштер мен сатыларды ілу және бекіту, түзілістерді дәлдеу және уакытша бекіту үшін құралдар орнату операциялары жатады.

Жинақтау процесі келесі операциялардан тұрады: ілу, көтеру, орнына қою, түзілісті дәлдеу және уақытша бекіту; қосылысқан жерлердің немесе түзілістердің бөлек элементтерінің дәнекерлеу бөлшектерін тоттанудан қорғау; жобалық жағдайда түзілістерді ақытық бекіту.

Құрама элементтерді жинақтау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Жинақтау әдістері деп бөлек үймереттер, ғимараттар немесе олардың кешендерін тұрғызғанда жинақтау жұмыстары өндірісінде техникалық саясатты анықтайтын ең ерекше, негізді шешімдерді атайды.

Жинақталатын элементтердің ірілендіру дәрежесіне байланысты келесі жинақтау әдістері болады.

Элементтеп жинақтау – конструктивті элементтерімен (ұстын, арқалық, ферма, тақталар және т.б.). Бұл барлық типтегі үймереттер мен ғимараттарды жинақтау практикасында қеңінен қолданылады.

Блокты жинақтау – бөлек элементтерден алдын ала жазық немесе кеңістік блоктарға ірілендірілген түзілістерді жинақтау.

Көлемді блоктармен жинақтау – үймереттің әлде ғимараттың алдын ала құрастырған бөлігін жоба орнына орнату.

Құрылыс технологиялық блоктар – деп бірлестірілген өзгермейтін көлемді-кеңістік жүйеге алдын ала мекемеде әлде құрылыс алаңында жинақталатын құрылыс түзілістері мен жинақтардың өз ара байланысқан элементтерін айтады.

Бүтін ғимараттармен жинақтау – блокты жинақтаудың ең жетілген түрі болады. Бүл үшін ғимаратты жер деңгейінде жинақтау орнында толық құрастарады, сосын қиылысқан жерлерін бітеп және орнына орнатады.

Жоба жағдайына жеке түзілістердің көтеруін және орнатуын әдетте келесі тәсілдердің біреумен жүзеге асырады: өсірумен, астынан өсірумен, бұрумен, сырғанаумен, тік көтерумен, жылжытумен, кеңістікте ауысумен (11.1.-сурет).

11.1-сурет Құрылыс түзілістерін жинақтаудың негізгі тәсілдері

а) – үстінен өсірумен; б) – астынан өсірумен; в) – бұрумен; г) – сырғанатумен;

д) – тік көтерумен; е) – жылжытумен; ж) – кеңістікте ауысумен

І, ІІ, ІІІ – жинақтау сатылары

Өсіру – үстіңгісін астыңғысына орнатумен түзілістер элементтерін астынан жоғары жүйелеп жинақтау.

Астынан өсіру – негіз деңгейінде жоғарғы элементті жинақтау, келесі элементтің биіктігінен біраз асатын биіктікке осы элементті көтеру, орнату, элементтерді біріңғай блоққа қосу, блокты келесі ярустың биіктігіне көтеру және т.с.

Бұру тәсілін – тік түзілістерді жинақтау үшін қолданады, сонымен түзіліс табаны тірек тиянағында болу керек, ал кейде оған топсамен бекітіледі. Түзіліс табаны жинақтау механизмдермен шамамен көтерген сайын орнында калады, ал оның үстін біртіндеп тік жағдайда дейін көтереді.

Сырғанау төсілін – дәл осындай тік түзілістерді жинақтау үшін қолданады. Бірақ бұру тәсілінен айырмасы түзілістің үстіңгі жағынан көтеру барысында оның табаны тек арбаша көмегімен дайындалған негізге қарай ауыстырылады.

Тік көтеру тәсілін – жинақталатын түзілісті жоба жағдайына көлденең ауыстырусыз немесе шамалы жылжытумен орнатқанда қолданады. Осы тәсілді пайдаланғанда түзілісті жобалық биіктен неғұрлым біраз жоғары көтереді, сосын астына түзіліс орнатылатын тұғырық қойылады немесе тұрақты тірек жинайды.

Жылжыту – жинақтау тәсілі, мұнда түзілістің көлденең ауысуын көлденең жұмыс істейтін домкраттар, тарту полиспастары немесе көпірлі крандар көме-

гімен түзілістерді жобалық орнату деңгейінде арнайы жасалған жолмен жүзеге асырылады.

Кеңістікте ауысмен көтеру - көтеруден, кранмен көлденең ауыстырудан және түзілісті жобалық орнына түсіруден тұрады.

Негізгі әдебиет: 1 [199-204]