
Бақылау сұрақтары:
1. Топырақты қысқы жағдайда өңдегенде топырақтарға қандай талаптар қойылады?
2. Топырақтың дымқылдығын кеміту үшін суды бұрып немесе төмендету арқылы құрғату тәсілі қашан орындалады?
3. Жібіген топырақты кейіннен тырмалап қопсыту, жырту және қыс басында қар тоқтау тәсілін қандай жерлерде орындау тиімді?
4. Жібіген топырақты полиэтиленді қабыршақпен немесе пенопластпен жабу тәсілі қалай орындалады?
5. Химия реагенттерін енгізу тәсілін не үшін қолданады?
6. Қатқан топырақты жібіту тәсілін қай жағдайда қолданады?
8-ші Дәріс. Ыстық климат жағдайларында топырақты өңдеу процестерінің ерекшеліктері
Ыстық климат жағдайларда топырақты өндеу процестерінің негізгі ерекшеліктері: топырақтың өте құрғауын немесе өте дымқылдануын ескеру және қорғау, майда құмды және отыратын сары топырақты (лесс) бекіту, жаңбыр суын есепке алу және өткізу.
Жер жұмыстарын өңдеу жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес жүзеге асырылады, оны жасауға бастапқы негізгі мәліметтер мыналар болады: инженерлік-геологиялық іздеулер материалдары және құрылыс аймағының гидрогеологиялық және гидрометеорологиялық сипаттамалары.
Топырақты өте құрғатып және дымқылдатып алу жұмыс өндірісіне теріс әсерін тигізеді. Аз дымқылдықта байланысты топырақтар үлкен беріктікке ие болады, оның нәтижесінде оларды алдын ала копсыту қажет болады, шаң пайда болуы көбейеді, тығыздылығы төмендетіледі.
Байланыссыз құрғақ топырақ өңдегенде олардың «аққыштығы» салдарынан шөміштің аз толуынан және тасымалдағанда (бульдозермен немесе скрепермен) жоғалтудан жер қазатын машиналардың өнімділігі төмендейді. Байланысты топырақтардың өте сулануы оларға аққыштық-созымды қасиеттер береді, олар көтергіш қабілеттілігін жоғалтады, көлемдері ұлғаяды және жабысқақ болады.
Өте құрғатылып кетуден сақтау үшін үстіне аз ғана қорғаныш топырақ қабатын сеуіп, су, ауа өткізбейтін пленкалы жабын қолдану тиімді.
Топырақты өте суланып кетуден сақтау үшін дер кезінде субұрғыш орлар жасайды, үстіңгі суағарлар ұйымдастырылады, жаңбыр және тасқын суларды инфильтрациядан сақтау ұшін пленкалы жабындар жасалады.
Ыстық климатты аймақтарда сары топырақ (тез ергіш тұздары бар) және еспе құмдар кең тараған. Сары топырақтарда майда фракциялар 95%-ға жетеді. Топырақ ішіндегі тез ергіш тұздардың жоғары ергіштігі, жылжымалылығы және физика-химиялық белсенділігі олардың әр түрлі инженерлік жер ғимараттарындағы физика-механикалық қасиеттеріне және тұрақтылығына едәуір әсер етеді.
Сары топырақ, құмдақ, еспе, майда және уақ құмдарды, тұздалған топырақтарды пайдаланып және ғимараттарын немесе іргетас негіздерін жасағанда топырақты ішкі (терең) бекіту (битумдау, цементтеу, силикаттау, шайырлау және т.б.) және көтергіш қабілеттілігін көтеру, деформатимвтілігін және сүзгіш қабілеттілігін төмендету, жер астындағы агрессивті судан қорғау мақсатымен сыртқы бекітуді жиі қолдануға тура келеді.
Негізгі әдебиет: 1 [97-98]
Бақылау сұрақтары:
1. Ыстық климат жағдайларда топырақты өндеу процестерінің негізгі ерекшеліктері қандай?
2. Жер жұмыстарын өңдеу процесін жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес жасағанда оның бастапқы негізгі мәліметтеріне не жатады?
3. Байланыссыз құрғақ топырақты өңдегенде оның қандай кемшіліктері шығады?
4. Байланысты топырақтардың өте сулану салдарынан олардың қандай кемшіліктері шығады?
5. Топырақты өте құрғатылып кетуден сақтау үшін қандай шара жасайды?
6. Топырақты өте суланып кетуден сақтау үшін қандай шара жасайды?
9-ші Дәріс. Қадаларды батыру және құру процестерінің технологиясы
Қада жұмыстары өнеркәсіптік және азаматтық ауыл шаруашылық және көлік құрылыстарының үймереттері мен ғимараттарының қадалы фундаменттерін құрғанда орындалады және кешенді-механикаландырылған технологиялық процестердің жиынтығы болып табылады.
Қадалар үймерет немесе ғимарат жүгін топыраққа беру және әлсіз топырақтардың көтергіш қабілеттін арттыру үшін және су кіруді, жер асты және жер үсті откелдер салғанда топырақтың құйылуын немесе мүжіліп құлауын болдырмау үшін жағалар қабырғаларын қоршау және басқа жағдайларға арналады.
Қадалы іргетастар табиғи негіздегі іргетастармен салыстырғанда жер жұмыстар көлемін шұғыл азайтуға, бетон шығынын кемітуге, жер асты бөлігін тұрғызудың еңбек сыйымдылығын және тұтас алғанда объект құрылысының мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қадалар топыраққа батыру тәсілі бойынша: дайын түрінде топыраққа әр түрлі тәсілмен қағылатын – қағылмалы және тікелей топырақта жобалық жағдайда дайындалатын – толтырмалы болуы мүмкін (9.1-сурет, 9.2-сурет, 9.3-сурет).
9.1-сурет Қаданы кран-экскаватор негізінде қада қағатын құрылғымен батыру үлгісі
1 – қада қағатын құрылғымен жабдықталған машина негізі; 2 – тоқпақ мұнарасы;
3 – балға; 4 – батырылатын қада
Жұмыс өзгешілігі бойынша: дінгек-қала және аспалы қадаға бөлінеді. Діңгек-қадалар ғимарат жүгін өздерінің төменгі үштарымен тікелей тығыз топырақтарға береді, ал аспалар – ғимараттың жүгін ең алдымен топырақта өздерінің бүйір жақ беттерінің үйкелу кедергісімен береді.
9.2-сурет Толтырылған қадалар
а) – бетон; б) – цилиндрлік темір-бетон; в) – конус; г) – кескінделген бүйір
беттері бар; д) – бір кеңейтумен; е) – бірнеше кеңейтумен
9.3-сурет Бұрғылап толтырылған қадаларды құрудың технологиялық үлгісі
І – скважина бұрғылау; ІІ – скважинаның қазымын тазалау немесе тығыздау;
ІІІ – қалып (опалубка) және арматура қаңқасын орнату; ІV – бетон құятын шлангісі бар бункерді орнату; V – қаданы бетондау және басын қалыптастыру;
1 – бұрғылау құрылғысы; 2 – скважина; 3 – скважина қазымын тазалайтын құрылғы;
4 – инвентарлы қалып; 5 – автомобиль краны; 6 – бетон құятын шлангісі бар бункер;
7 – арматура қаңқасы; 8 – діріл-қауға
Қадалар материалдар түрі бойынша: ағаш, бетон, темір-бетон, металл және қиыстырылған болады.
Көлденең қима пішіні бойынша: шаршы, тік бүрышты, көп қырлы, денгелек, жаппай қималы және қуыс құбырлы, қабықша-қада, үзындығы бойынша бір қалыпты және ауыспалы (пирамида тәрізді) қималыға бөлінеді.
Ростверк – қадаларды біріктіретін тұзіліс және топырақ негізіне ғимарат жүгін біркелкі беру үшін қызмет етеді. Ростверктер құрамалы, құрамалы-құймалы және түтас құймалы арқалық және тақта түрінде болады (9.4-сурет).
Шпунтты қадалар түтас қатармен – қаданы қадағаөзара тығыз қосумен батырылады. Оларды жер астындағы сулардан оймаларды қорғау, қазаншүңқырлардың тік жақтарын бекіту және жағалар, айлақтар және т.б. жасау ұшін пайдаланады. Ең көп тараған металл шпунтты қадалар, олар өзара беріктігін және су өтпеушілігін қамтамасыз ететін құлыпты қосумен жинақталады.
Металл шпунтты қадалардын ұзындығы 12 м-ден 25 дейін болуы мүмкін.
Ағаш қадалар қазіргі уакытта шамалы қолданылады және әдетте әр түрлі уакытта ғимараттар түрғызғанда пайдаланады.
9.4-сурет Толық құрастырмалы ростверктің конструкциясы
1 – ростверктің арқалығы; 2, 3 – дәнекерленген торлар; 4 – пирамида тәрізді қадалар
Құрылыста ең көп қолданылатыны темір-бетонды қадалар. Олардың көлденең қимасының пішіні және ұзындығы әр түрлі болады. Қабылдайтын жүгіне және топырақтың тұріне байланысты дағдылы арматуралы жаппай шаршы қималы қадалар үзындығы 3-16 м, қимасы, 20×20-дан 60×60 дейін, ал алдын ала ширатылған арматурасы барлады ұзындығы 9-20 м, қимасы 25×25-тен 40×40 см дейін жасап шығарылады.
Құбырлы темір-бетон қадаларының сыртқы диаметрі 50-ден 80 см дейін, үзбелер ұзындығы 4-10 м болады, оларды қосу арқылы ұзындығы 30м дейін қадалар жасауға болады.
Өнеркөсіптік және көлік құрылысында терен салынатын фундаменттер және негіздер жасау үшін диаметрі 1,2-ден 14 м-ге дейін, секция ұзындығы 4-8 м темір-бетонды қабықша-қадалар қолданады, оларды батыру барысында қоса отырып қажетті; ұзындылықты қабықша-қадалар алуға болады.
Балға қимылының бүзу әсерін азайту үшін қаданың үстінгі бөлігі тормен арматураланады, ал қағып батырарда басына ағаш сынасы бар металл қаптамасың кигізеді.
Негізгі әдебиет: 1 [104-106]