
- •1 Объектті-бағытталған жүйелерді тестілеу
- •2 Гибкие технологии: экстремалді жобалау және пқ орындалуының унифицирленген процесі
- •3 Программалық қамтаманы құрастыру процесі
- •4 Талаптарды талдау. Талдау әдістері
- •5 Архитектуралық жобалау. Моделдер, каркастар, паттерлі жобалау және компоненттер.
- •6 Бөлшектік жобалау
- •7 Объектті-бағытталған жоба
- •8 Қолданушы интерфейсін жобалау
- •9 Программалық қамтама модернизациясы және мұрегерленген жүйелер
- •10 Мұрагерлік дегеніміз не? Мұрагерлік типтері.
- •11 Кластың статистикалық және статистикалық емес мүшелерінің арасындағы айырмашылық.
- •12 Енгізілген функция. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •13 Конструкторлар,деструкторлар және мұрагерлік.
- •14 Абстрактілі класс. Полиморфты класс.
- •15 Ассоциативті контейнер мен тізбекті контейнер.
- •16 Архитектура және оның моделі түрлері.
- •17 Полиморфизм дегеніміз не және ол қалай орындалады.
- •18 Параметрлер тізімі мен аргументтер тізімі арасындағы айырмашылықтар
- •19 Таратылған жүйенің негізгі 6 сипаттамасы.
- •20 Объекті – бағытталған жоба процесінің негізгі кезеңдері.
8 Қолданушы интерфейсін жобалау
Прототиптеу(prototyping)-талаптарды анықтаудың қазіргі заманғы түрі.Программалық прототиптер жүйенің визуализациясы немесе тапсырыс берушінің ескертулерін алу үшін оның бөлігі үшін құрастырылады.
Прототип қолданушы интерфейсін ұсынатын және қолданушымен белгіленетін түрлі оқиғалар болғанда жүйе әрекетін моделдейтін «жылдам және шала» алдын ала нұсқаны білдіреді.Прототиптер жүйе орындалғанға дейін оның мүмкіндіктері мен пайдаларын бағалауға өте ыңғайлы,сондықтан ол программалық қамтаманың міндетті бөлімі болып саналады.
Қолданушы интерфейсінің моделі
Қолданушы интерфейсін құру осы интерфейске қойылатын талаптарды зерттеуден және осы талаптарды орындайтын прототипті құрудан, өңдеуден, талаптарға сәкестікке бағалаудан тұрады.Қолданушы интерфейсіне қолданушы интерфейсінің мәндік прототипі мен қолданушы интерфейсінің ағындар диаграммасы жатады.
Қолданушы интерфейсінің мәндік прототипі экран/бетке қойылатын талап мазмұны болып табылады және интерфейс туралы толық мәлімет көрсетілген жүйенің қолданушы интерфейсінің прототипі немесе «шала» моделі болып келеді.Осылайша, жүйенің қолданушы интерфейсіне қойылатын талаптарын зерттеу оған тәуелсіз әдістермен жүргізіледі.
Қолданушы интерфейстер ағыны диаграммасы интерфейстің негізгі элементтерінің арасында жоғарғы деңгейлі қатынастарды моделдеуге мүмкіндік беріп, жүйенің қолданушы интерфейсі туралы толық «бір көріп» шығады. Осылайша, жоғары деңгейлі архитектуралық шолу жасалады,қолдану вариантын немесе кадрлар тізбегі деп аталатын қодану сценарийлерін қолдау үшін қолданушы интерфейсінің жоғары деңгейлі жобалануы жасалады.
Қолдану вариантының негізгі күй ағынын «дұрыс жол» деп атайды,себебі бұл барлығы дұрыс жұмыс істейтін логикалық жол.
Қолдану вариантының негізгі күй ағынының логикасын нақтылау берілген қолдану вариантының қолданушы интерфейсінің мәндік прототипінің жұмысымен парллель жүретін «тізбекті кадр» ағыны оқиғасының орындалу сценарийлерінің толық спецификациясы түрінде жүреді.Қолданушы интерфейсінің мәндік прототипі қолдану вариантының негізгі күй ағынының оқиғаларын орындау үшін жүйенің нені қосу керектігін анықтайды.Қолдану вариантының сценарийі жобалау немесе талдау кезінде шешілетін техникалық сұрақтарды ескермей тұруы керек.
Қолдану варианттары үшін тізбектер кадры жүйенің қолданушы интерфейсімен қолдану варианты қолдап отырылатынын көрсетеді.Унифицирленген процесте қолдану варианттарына арналған тізбекті кадрларды құруды және талаптарды моделдеу тапсырмасы сияқты қолданушы интерфейсі протоипін құрумен байланысты жұмысты жіктеу керек.
Тізбекті кардларды құруда және қолдану варианттарының логикасын талдауда пайдалы артефакт ретінде орнықтылық диаграммасы қолданылады (Розенберг пен Скотт). Бұл диаграммалар қолданылу сценарийіне сәйкес актердің жүйемен өзара әрекетін орындауда қатысатын негізгі объектілер (шекаралық,мәндік және басқару объектілері) көрсетіледі.
Интерфейстің шекаралық объектілері қолданушы интерфейстерінің элементтерін ұсынады- экрандар, есеп берулер, актерлар әрекеттесетін HTML беттер немесе электронды хаттар,мысалы,іздеу беттері мен сатып алу себеттер беті.Объект-мәндер – пән аймағының моделіне кіретін объектілер,мәселен, «Тапсырыс» не «Тауар». Процесті басқару объектілері әртүрлі объектілерді және олардың арасындағы әрекетті басқаруға қажетті логиканы дамыта отырып, объект-мән және шекаралық объектілер арасын байланыстыруға керек.
Орнықтылық диаграммасын құрғаннан кейін берілген қолдану вариантын орындау үшін шешілетін барлық тапсырмаларды бағалауға болады.Әрине, бұл есепті жоғары деңгейлі бағалау,ал егер де біз бөлшектік жоболау мен орындауға келгенде есеп көлемі айтарлықтай артады.
Қолданушы интерфейстерінің мәндік прототиптерін құрумен қатар, интерфейстің түрлі шекаралық кластарының арасындағы өара әректтесуді қарастыру керек.Бұл жерде бізге қолданушы интерфейсінің негізгі шекаралық объектілерінің арасындағы байланыстарды зерттейтін қолданушы интерфейсінің ағындар диаграммасы көмектеседі.Өзара байланыстарды зерттеу жаңа талаптардың анықталуы мен жүйенің алға жылжуына әкелуіне септігін тигізетін қолданушы интерфейсіне «жаңа қырынан қарауға» мүмкіндік береді.