
- •1 Объектті-бағытталған жүйелерді тестілеу
- •2 Гибкие технологии: экстремалді жобалау және пқ орындалуының унифицирленген процесі
- •3 Программалық қамтаманы құрастыру процесі
- •4 Талаптарды талдау. Талдау әдістері
- •5 Архитектуралық жобалау. Моделдер, каркастар, паттерлі жобалау және компоненттер.
- •6 Бөлшектік жобалау
- •7 Объектті-бағытталған жоба
- •8 Қолданушы интерфейсін жобалау
- •9 Программалық қамтама модернизациясы және мұрегерленген жүйелер
- •10 Мұрагерлік дегеніміз не? Мұрагерлік типтері.
- •11 Кластың статистикалық және статистикалық емес мүшелерінің арасындағы айырмашылық.
- •12 Енгізілген функция. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •13 Конструкторлар,деструкторлар және мұрагерлік.
- •14 Абстрактілі класс. Полиморфты класс.
- •15 Ассоциативті контейнер мен тізбекті контейнер.
- •16 Архитектура және оның моделі түрлері.
- •17 Полиморфизм дегеніміз не және ол қалай орындалады.
- •18 Параметрлер тізімі мен аргументтер тізімі арасындағы айырмашылықтар
- •19 Таратылған жүйенің негізгі 6 сипаттамасы.
- •20 Объекті – бағытталған жоба процесінің негізгі кезеңдері.
7 Объектті-бағытталған жоба
Объектті-бағытталған жобалау – операциялар мен функциялардың орнына жүйенің өңдеушілері объектілер түсінігін қолданылатын стратегия. Объекттің күй-жағдайын анықтайтын операцияларды орындайтын және өзінің жеке күй-жағдайы бар объектілер байланысының программалық жүйеден құрылған.
Объектті-бағытталған жобалау үрдісі – объекттер класстарының жобалауы мен осы класстар арасындағы байланыстарды анықтайды. Жоба орындаушы бағдарлама ретінде көрсетілсе, барлық керек объектілер динамикалық класстар анықтамалары арқылы пайда болады.
Объектті-бағытталған жобалау – жүйені өңдеу объектті-бағытталған үрдістегі объектінің тек бір бөлігі, осында программалық қамтаманы құру үрдісі кезінде объектті-бағытталған әдіс қолданылады. Осы әдіс үш кезеңдердің өтуін талап етеді.
Объектті-бағытталған талдау – заттық облысының сөздігін құрайтын класстар мен объекттердің талдау әдісі болып табылады. Осында талдау объектілері нақты объектілер – мәндерді көрсетеді, сонымен қатар объектілердің орындалатын операциялар анықталады.
Объектті-бағытталған жобалау – объектті-бағытталған декомпозиция үрдісі және жүйенің логикалық және физикалық, статикалық және динамикалық жобалау модельдерін байланыстыратын жобалау әдістемесі болып табылады. Жүйенің түсіндірмесі класстар, объектілер, модульдер және үрдістер диаграммаларынан құрылады.
Объектті-бағытталған бағдарламалау – жүзеге асыру әдістемесі, қандай да бір класстың данасы болып келетін объектілердің жиынтығы, ал класстар мұрагерлік иерархиясын құрайды. Осы жағдайда әдетте динамикалық байланыс мен полиморфизммен мадақталатын класстар статикалық, объекттер динамикалық болады.
Объектті-бағытталған декомпозиция – заттық облысына кіретін класстар мен объектілеріне сай жүйені бөліп тастау үрдісі. Объектті-бағытталған декомпозиция практикалық қолдану әдістері объектті-бағытталған декомпозицияға келтіреді, осы жағдайда біз дүниені талапқа сай күй-жағдайларды қамтамасыз ететін объекттердің жиынтығы ретінде қарастырамыз.
Объектті-бағытталған жүйелер – автономиялық және тәуелсіз объектілердің жиынтығы.
Объекті-бағытталған жобалау үрдісі
Жобалаудың кез-келген үрдісіндегі бірінші этап, жүйенің функционалдығын қамту және жүйнені қалай құру екендігін түсіну үшін, жобаланатын программалық қамтама мен оның жанындағылар арасындағы өзара қатынасты анықтаудан тұрады. Осылайша, біз бірін-бірі толықтыратын екі модел құруымыз керек:
Жүйені қоршау моделі – бұл жасалып жатқан программалық қамтама жанындағы басқа жүйелерді жазып отыратын статикалық модель.
Жүйені пайдалану моделі – берілген жүйенің өзінің жанындағылармен өзара әрекетін көрсететін динамикалық модель.
Жүйе жанындағы моделді, жүйенің жалпы архитектурасының жай блок –схемасын беретін байланыс схемасы көмегімен көрсетуге болады (7.1 сурет).
мүше болып табылады
басқарылады
басқарады
7.1-сурет. Байланыс моделі.
UML[16] тілінің пакеттері көмегімен оны ішкі жүйелердің жиынтығы секілді төнкерілген түрде ұсынуға болады. Пакет – бұл модел элементтерін үлкенірек блоктарға ұйымдастыру әдісі, яғни бірыңғай бүтін ретінде манипуляциялауға рұқсат етеді.
Жақсы жобаланған пакет, бірігіп өзгеретін тенденциялары бар семантикалық жақын элементтерді топтастырады, мұнда құрама пакетке қатынау сырттан қатал бақыланады.
7.2 суретте мысал ретінде пакеттер көрсетілген. Олар классикалық үшдеңгейлі архитектураны ұйымдастырады.
“import” “import” “import”
7.2-сурет. Элементтер тобын моделдеу.
«Тұтынушы сервисі» пакетінің элементтері ақпараттардың кірісі мен шығысы үшін визуалды интерфейсті ұсынады. Ең жақсы технологиялық сипаттама болып, жүйені жобалау нұсқалары болып табылады. Мұнда әрбір пакет берілген пакеттің барлық ресурстарының жазбаларын құрайтын интерфейсті қосады және пакеттердің өзара әрекеті тек қана бұл интерфейс арқылы іске асады. Пакет ресурстардың жүзеге асу өзгерісі бұл жағдайда басқа пакеттерді жоғалтпайды. Тек қана интерфейстегі өзгеріс, берілген пакет ресурстарын қолданатын пакеттер өзгерісін қажет ете алады.