Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TRPO.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
64.53 Кб
Скачать

17 Полиморфизм дегеніміз не және ол қалай орындалады.

ОББ үшінші принципті полиморфизм ( «көпформалылық») болып табылады. Плоиморфизм ( операцияларды қайта жүктеу, функцияларды қайта жүктеу, кластар мен функциялардың мүшелері) операцияның, кластың немесе функцияның бір аты деректердің түрлі типтері үшін қолданылады.

Виртуалды функция (virtual fuction) базалық кластың ішінде жарияланады және туынды класта қайта анықталады. Негізінен, виртуалды функция полиморфизм негізінде жатқан «бір интерфейс», «көптеген әдістер» ойларын жүзеге асырады. Виртуалды функция базалық кластың ішінде осы функцияның интерфейс түрін анықтайды.Әрбір виртуалды қайта анықталуы туынды класта оның спецификациясымен байланысты жүзеге асырылуын анықтайды.Сөйтіп қайта анықтау нақты әдісті құрады.

Егер екі немесе одан да көп түрлі кластар виртуалды функуия құрамына енетін базалықтан туындылар болып табылса онда, егер базалық кластың көрсеткіші осы тунды кластардың түрлі объектілеріне сілтеме жасаса, виртуалды функциялардың түрлі нұсқаларын орындайды, себебі компилятор көрсеткіш сілтеме жасайтын объект типіне негізделе отырып виртуалды функция нұсқасын анықтайды! Бұл процесс динамикалық полиморфизм принциптерін жүзеге асыру болып табылады.

Полиморфизм – бір нәрсе көп, формада жүзеге асатынын білдіреді, бұл нәрсе программалаудың объекті бағытталған тілінде қайсыбір әдіспен жүзеге асуын білдіреді. Полиморфизм әдісі бір сөзбен айтқанда көрсеткіштің көпшілік нұсқасында орындалуы мүмкін екендігін білдіреді.

Әдісті қайта жүктемелеу – полиморфизм жүзеге асуының мүмкіндігі.

Операциялар мен функциялардың олардың қолданып тұрған шамалардың типтеріне байланысты әр түрлі қызметтерді атқаруы полиморфизм деп аталады. Егер, мысалы, +, = операцияларын басқа жаңа типті операндалармен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен қматамасыз етсек, онда бұл операцияларды асыра жүктелген операциялар деп атайды.

18 Параметрлер тізімі мен аргументтер тізімі арасындағы айырмашылықтар

19 Таратылған жүйенің негізгі 6 сипаттамасы.

Өзіңнің мақсатына жету үшін- қолданушының сұранымының орындалуын жақсарту үшін - үлестірілген жүйе бірнеше қажетті талаптарды қанағаттандыруы керек. Келесідей талаптар жиынтығын тізбектеуге болады, яғни жақсы жағдайларда, үлестірілген есептеу жүйесін қанағаттандыру қажет.

Ашықтық. Барлық өзара әрекет етуші компоненттер протоколдары үлестірілген жүйенің ішінде жалпы жағдайда қол жетерлік стандартқа негізделген болуы керек. Бұл компонентті әртүрлі өідеу құрылғылары мен ақпараттық жүйеде құру үшін мүмкіндік береді. Әрбір компонент өзінің сервисінен анық және толық спецификацияға ие болуы қажет. Мұндай жағдайда үлестірілген жүйенің компоненттері өңдеушілерге тәуелсіз құрылуы мүмкін. Бұл талаптарды бұзған жағдайда, бірнеше тәуелсіз мекемелерді алып жататын үлестірілген жүйені құру мүмкіндігі мүлдем жоғалуы мүмкін.

Масштабталатын. Масштабталатын есептеу жүйесі бірнеше аспектіге ие. Берілген курс үшін ішіндегі өте қажеттісі- үлестірілген жүйеге жүйенің кеңейтілімі үшін, жаңа компьютерлерді қосу мүмкіндігі (load balancing). Сонымен қатар масштабталуға клиент сұраныстарына қызмет ететін сервер ресурстарының тиімді орналастыру сұрағы да қатысты.

Мәліметтердің логикалық бүтіндігін қолдау. Үлестірілген жүйеде пайдаланушы сұранысы қатесіз орындалуы керек немесе мүлдем орындамауы керек. Жүйе компонентінің бөлімі келіп түскен сұранысты қатесіз өңдеу жағдайы, ал бөлімі жоқ болса, ең жаманы болып табылады.

Тұрақтылық. Тұрақтылық арқылы бірдей бірнеше компьютермен екі еселеу мүмкіндігі түсіндіріледі және тура сол функциялар немесе компьютерден шығару жағдайында, жүйе ішіндегі автоматты түрдегі орналастыру мүмкіндігі. Жалпы жағдайда уникалды тоқтату нүктесінің жоқ екендігін білдіреді, яғни кез келген компьютердің қатардан шығуы пайдаланушы сұранымы үшін қызмет көрсету мүмкіндігіне әсер етпейді.

Қауіпсіздік. Үлестірілген компонентте көрсетілген әрбір компоненті оның функциясының осы компоненттермен және қолданушымен орындалуына сенімді болуы керек. Компоненттер арасында жіберіліп жатқан мәліметтер сығылудан және үшінші жағынан көрінуінен сақталуы қажет.

Тиімділік. Тар мағынада үлестірілген жүйеге тиімділік арқылы үлестірілген жүйе мінездемесіне байланысты жазылған шығынды минималдау түсіндіріледі. Берілген тар мағынада қаншалықты тиімділігін қауіптілік шешуі мүмкін, жүйенің ашықтығы мен сенімділігін ескеруіміз қажет, яғни берілген контекстте тиімділікке талап өте жоғары дәрежеде болып табылады. Мысалы, үлестірілген жүйеде мәліметтердің логикалық бүтіндігін қолдауға уақыт ресурсы мен жады шығындалуы мүмкін, дегенмен, сенімсіз мәліметті жүйенің қолданушыға қажеттігі шамалы. Керекті қасиеттерімен өтпелі орта мәліметтер алмасудың егер өзара әрекет етуші бағдарламалық компоненттер бір компьютерде орналасқан болса, тиімді ұйымдастыру мүмкіндігі болып табылады. Тиімді өтпелі орта TCP/IP стегін шығындамай, олардың өзара әрекетін ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Бұл үшін жүйелік сокет (unix sockets) POSIX жүйесінде қолданылуы мүмкін немесеат берілген каналдар (named pipes).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]