
- •1.Хаттамалардың стектерi. Стектердiң деңгейлерi. Мысал келтiрiңiз.
- •3.Osi моделі, osi моделінің үлгiсi.
- •1 Сурет - osi ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі
- •2 Сурет – osi салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі
- •4.Tcp/ip стегінің хаттамаларының архитектурасы.
- •6. Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде?
- •7.Osi моделін не стандарттайды? Неге osi-сi үлгiсінде жеті деңгей?
- •1 Сурет - osi ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі
- •2 Сурет – osi салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі
- •8.Tcp/Ip хаттамалары стегі бойынша деректер қалай инкапсуляция жасайды?
- •9.Ip барлық жиынының қанша бөлігінің адресін а класының, в класының, с класының адрестері құрайды?
- •10.Желілік деңгейдің мақсаты не?
- •11. Көліктік деңгейдің мақсаты не?
- •12.Unix файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi.
- •13. Тор аралық жұмыс iстеудiң құралдары.
- •14. Торлық хаттамалар. Торлық хаттамалардың стегi.
- •16.Файлдар тапсыруының хаттамалары.
- •17. Желiнiң басқару құралдары.
- •20.Электрондық почта Internet. Пошталық транзакцияның ұйымы. Поштаның берiлуiнің қарапайым хаттамасы. Smtp.
- •Sender: data
- •Receiver: 250 ok
- •19.Tcp хаттамасы мен rtp хаттамасын салыстырыңыз.
10.Желілік деңгейдің мақсаты не?
Желі желіаралық байланыстар топологиясы туралы ақпарат жинайтын және соның негізінде желілік деңгейлердің дестелерін қажет желіқа жеткізетін шлюздармен немесе маршрутизаторлармен байланысады. Бірінші желіде орналасқан жіберушіден екінші желіде орналасқан қабылдаушыға хабар жеткізу үшін желілер арасында қандай да бір транзиттік алмасулар жүргізу керек. Ең жақсы жол таңдау проблемасы маршрутизация деп аталады, ал оны шешу желілік деңгейдің басты мәселесі болып табылады. Желілік деңгейде протоколдың екі түрі анықталған. Бірінші түрі соңғы түйіндердегі мәліметтерден құралған пакетті түйіннен маршрутизаторға жіберу ережелерін анықтауға арналған. Желілікдеңгейдің протоколдары туралы айтқан кезде дәл осы протоколдар ескеріледі.Соған қарамастан желілік деңгейге маршруттық ақпаратты алмастыру (ауыстыру) протоколдары деп аталатын протоколдардың басқа да түрі қатысты. Осы протоколдардың көмегімен желіаралық байланыс топологиясы туралы ақпараттар жинау үшін маршрутизаторлар бір-бірімен қарам-қатынаста болады.
11. Көліктік деңгейдің мақсаты не?
Көліктік деңгей (Transport Layer — TL) желімен пакеттерді жеткізу ережелерін анықтайды. Көліктік деңгей жеке пакеттедің бір шеттен екіншісіне жеткізуді бақылайды. Ол пакеттер арсындағы байланыстарды есепке алмайды (ол тіпті бір хабардан болса да). Ол әр пакеттің бөлігін өңдегенде, бөлек хабарды өңдегендей орындайды, яғни ол іс жүзінде ондай болмаса да осылайша өңдейді. Көліктік деңгей барлық хабарлардың соңғы орнына бүлінбей жетуіне және олардың бастапқы тәртіппен орналасып жетуіне кепілдік береді. Ол ақпараттың бұзылуын және қателерді бақылайды, сонымен бірге барлық "шығу — жету бекеті" жолы бойындағы ағынды басқарады.
Көліктік деңгей қолданба программа мен желілік деңгейдегі программалар арасындағы қосылуды қамтамасыз етеді. Қолданба программа көліктік деңгейге деректер ағынын жібереді. Көліктік деңгейге арналған программалар жиыны екі хаттамамен беріледі: UDP және TCP. Көліктік деңгейде TCP бірнеше байттарды бір пакетке топтайды, ол сегмент деп аталады. Сегмент инкапсуляцияланады да, IP-дейтаграммасына беріледі.
TCP — ол сенімді көліктік хаттама. Ол келіп жеткен деректердің қалыпты жағдайда жетуін және сақталуын тексеру үшін бекіту механизімін пайдаланады.
12.Unix файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi.
Әр бір операциялық жүйе бір түсініктемеге қолданылады оның бірі болып үрдіс табылады. Ал екінші түсінік, олда өте маңызды – ол файл түсінігі.
Файлдық жүйе – бұл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.
Файлдың негізгі қасиеттері.
1. Файл – бұл аты бар және осы атқа сілтеп файл мазмұнымен әрекеттесуге мүмкіндік беретін бір объект. Әдетте файл аты – ол тізбекті бір символдар, оның үзындығы операциялық жүйеге байланысты.
2. Орналасудан файлдың тәуелсіздігі. Нақты файл жұмыс орындау үшін файлдың сыртқы құрылғыда орналасуы жайында ақпараттың қажеті жоқ.
3. Енгізу–шығару функцияларының жиынтығы. Әр бір операциялық жүйе файлмен алмасуды қамтитын функциялар жиынтығын анықтайды. Көбінесе функциялар жиынтығы келесі сұраныстардан тұрады:
– файлды жұмыс жасау үшін ашу. Бар немесе жаңа файлды ашуға болады;
– Оқу/жазу . Көбінесе файлдармен алмасу бірнеше деректер блогымен ұйымдастырылуы мүмкін. Алмасу жасалынатын деректер блогы екі түсінік көрсетеді. Бір жағынан әр есептеу жүйесіне деректер блогының мөлшері белгілі, және олар алмасуға тиімді болып табылады, ол бағдарламалы – аппаратты мөлшерлер. Басқа жағынан бұл деректер блогы шынайы алмасу кезінде программистермен өзгертілуі мүмкін. Оқу/жазу функцияларында оқитын немесе жазылатын деректердің көбісінде алмасуға арналған деректер блогының мөлшері және деректер блогының саны белгіленеді. Таңдалған деректер блогының мөлшері шынайы алмасудың тиімділігіне байланысты, мысалы бір машинаның деректер блогының тиімді мөлшері 256 Кб болып табылады, ал сіз 128 Кб алмасу орындағыңыз келеді, сонда сіз екі рет қатынас құрасыз. Бір рет алмасу орындау үшін сіз оны екі бөліп алмасу орындайсыз, бұл жағдайда операциялық жүйе тиімсіз элеметтерді өзі түзеуі мүмкін. Түзелмеген жағдайда ол сіздің қатеңіз.
3. Файлдық нұсқағышпен басқару. Әр бір ашық файлмен файлдық нұсқағыш байланысты. Бұл нұсқағыш бойынша әр бір уақытта алмасу орындайтын келесі файлдың мекені көрсетіледі. Ол блокпен алмасу орындалған соң нұсқағыш бір блоктан кейінгі орынға өтеді. Файлмен жұмыс ұйымдастыру үшін бұл нұсқағышты басқаруды білу қажет. Файлдық нұсқағышты басқару үшін арнайы функция бар. Нұсқағыш дегеніміз ол файлды ашу функциясымен байланысты бір айнымалы.
4. Файлды жабу. Бұл операция екі функция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
– ағымдағы файл мазмұнын сақтау және жабу;
– файлды жою.
Файлды жапқан соң онымен барлық байланыс тоқтатылады.
4. Деректерді қорғау. Көп стратегиялық шешімдер апараттық деңгейде және опреациялық жүйе деңгейінде қайталанады. Егер мультибағдарламалық режимді еске алсақ, онда бір қажет болып табылатын ол жадыны және деректерді қорғау. Файлдық жүйені қарастыратын болсақ, онда операциялық жүйе сияқты бірқолданбалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда деректерді қорғау проблемалары болмайды, өйткені операциялық жүйеде жұмыс жасап отырған адам барлық файлдардың иесі болып табылады. Бірқолданбалы операциялық жүйеге мысал келтірсек, ол MS–DOS, Windows 95. Машинаны іске қосып басқа қолданушылардың дискіде орналасқан барлық файлдарын жойып жіберуге болады, себебі бұл жүйелерде қорғау жоқ. Көпқолданбалы жүйе көппайдаланушылардың жұмысын дұрыс істеуіне қамтамасыз етеді. MS–DOS операциялық жүйесі мультибағдарламалық режимде жұмыс жасауы мүмкін, бірақ егер бір үрдісте қате кетсе онда операциялық жүйе жұмысы бұзылады. Көпқолданбалы жүйе ақпараттарды қорғауды қамтамасыз етеді. Негізінде қорғау проблемасы тек қана файлдық жүйемен байланысты емес. Шынайы операциялық жүйе деректердің қорғанысын барлық аймақтарда қамтиды: бұл файлдар, үрдістер және қорлар.
HPFS файлдық жүйесінің компоненттері. Бұл файлдық жүйенің негізгі мақсаттарының бірі ол үзын аттарды қолдану. (FAT – форматында 8.3, ал HPFS – жоқ). Бұл файлдық жүйе FAT жүйесінің барлық атрибуттарын қолдайды. Каталогтарды дискілік кеңістіктің орта жолдарына орналастырады және осы арқылы жүйенің шапшаңдылығы көтеріліді.
Үлестіру кестесінде картада әр секторға бір бит бөлінеді. Картадағы орын дискідегі орынды анықтайды. Бұнда 1– сектор бос емес екенін білдіретін жағдай, ал 0– бос. Бір лентада бір файл емес, каталогпен бірнеше файл орналасады.
Бұл құрылым үзілмейтін және файлдардың фрагментті құрылымдарына белгіленген. Үзілмейтін файлда көрсету үшін 4 байттан екі сан қолданылады. Бірінші сан бірінші блоктың нұсқағышын белгілейді, екінші – мөлшер (бір бірінен кейін жұретін блоктар саны).
Блок мөлшері – 1 сектор.
Фрагментті файлдар Extent– терден тұрады. Оның әр қайссына екі сан бөлінеді (2–4 байт).
Файлдық жүйелердің негізгі қасиеттері
Блокты файлдарды ұйымдастырудың файлдық жүйесі.
Иерархиялық файлдық жүйе.
Персонификация және операциялық жүйедегі мәліметтерді қорғау.