Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарты и протоколы отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
381.62 Кб
Скачать

3.Стандарты и протоколы вычислительных сетей к\о

1.Хаттамалардың стектерi. Стектердiң деңгейлерi. Мысал келтiрiңiз.

Интернет желісінің хаттамалар стегі OSI үлгісіне дейін жасалған болатын. Сондықтан Интернет желісінің хаттамалар стегінің деңгейлері OSI үлгісінің осыған ұқсас деңгейлеріне сәйкес келмейді. Интернет желісінің хаттамалар стегі бес деңгейден тұрады: физикалық, деректерді жіберу буыны, желілік, көліктік және қолданбалық.

Көліктік деңгейде стекті екі хаттама анықтайды: жіберуді басқару хаттамасы (TCP) және пайдаланушының Дейтаграммалық хаттамасы (UDP). Желілік деңгейде — желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) бас хаттама анықталады. Сонымен бірге бұл деңгейде басқа да түрлі хаттамалар болады.

Физикалық деңгейде және деректерді жіберу буыны деңгейінде TCP/IP хаттамалар стегі бірде бір хаттамаға ерекшелік жасамайды. Ол барлық кабельдер, оптоволоконды байланыс сызығымен, радиоканалмен жіберілетін стандартты және жеке хаттамаларды ұстап тұрады. Бұл хаттамалар осы деңгейдегі желілік технологиялармен (PDH — Plesiochronous Digital Hierarchy, SDH — Synchronous Digital Hierarchy, ATM — Asynchronous Transfer Mode және де басқалармен).

Каналдық деңгейде коммутациялық құрылғылар әр түрлі технологияларды пайдаланады: Ethernet, Token Ring, FDDI, PPP және басқалары. Интернет ақпарат көзінен алушыға дейінгі ақпараттың кез келген түрін жіберуге арналған.

2.OSI стек.

OSI стегі АҚШ-та емес Еуропада кең танымал, себебі Еуропада жеке протоколдарын қолданатын ескі желілер аз орнатылған. Сондай-ақ Еуропада әртүрлі елдер көп болғандықтан, мұнда ортақ стекке сұраныс үлкен. Бұл халық аралық, өндірушіге тәуелсіз стандарт. Ол корпорациялар, серіктес және жеткізуші арасындағы байланысты қамтамасыз ете алады. Бұл байланыс мәліметті адрестеу, ат беру және оның қауіпсіздігі мәселелерінен қиындықтар туғызуда. Бұл мәселелердің барлығы OSI стегінде біртіндеп шешілген. OSI протоколдары орталық процессордың есептік қуатының көп шығынын қажет етеді, бұл олардың персоналдық компьютерлер желілеріне емес, қуатты машиналарға сәйкесірек етеді. Көптеген ұйымдар OSI стегіне өтуді әзір жоспарлап қана отыр. Бұл бағытта жұмыс істейтіндерге АҚШ әскери-теңіз ведомствосын және NFSNET желісін жатқызуға болады. OSI-ді қамтитын ірі өндірушілердің бірі AT&T компаниясы болып табылады. Оның Stargroup желісі OSI стегіне толығымен негізделген, бұл қолданушыларды AT&T ішінде OSI әлемдегі ең ірі инсталляциялық база етеді. OSI стегі ашық жүйелердің өзара байланыс моделінің барлық жеті деңгейі үшін маңызы бар.

3.Osi моделі, osi моделінің үлгiсi.

OSI моделі

Стандарт бойынша халықаралық ұйымы (International Organization for Standardization – ISO) өңдеу тәжіребесі мен алғашқы есептеуіш желілеріның эксплуатацияларын жария етті және жүйенің өзара байланысты әртүрлі деңгейлеріне стандартты атаулар бере отырып, олардың әрқайсысының қандай жұмыс істеу керек екендігін нақты айқындайтын модель өңдеп шығарды. Бұл модель ашық жүйелердің өзара байланыс моделі (Open Systems Interconnection - OSI) немесе ISO/OSI моделі немесе жай ғана OSI моделі.. Бұл модель есептеуіш желілерінда стандартизациялаудың концептуальды негізі болып табылады.

OSI моделінде өзара байлыныс 7 деңгейлерге бөлінеді.

Әрбір деңгей белгілі бір аспектімен өзара байланыста болады және әрбір деңгей үшін желінің түйіндер арасында өзара байланыс ережелері, яғни протокол бар болады.

Мұндай протоколды жүзеге асыру үшін әрбір деңгей өзінен төмен орналасқан деңгейге орындау үшін тапсырма береді. Бұл тапсырманы жіберу үшін көршілес деңгейлердің өзара байланысу ережелерін анықтайтын деңгейаралық интерфейсті қолданамыз

3.1 –сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі

Мұндай протоколдар дейтаграммды протоколдар деп те аталады. Жіберуші бірінші хабарды дайын болғанда жібереді.

OSI үлгісі реттелеген жеті түрлі деңгейден құрылған: физикалық (1 деңгей), деректерді жіберу буыны (2 деңгей), желілік (3 деңгей), көліктік (4 деңгей), сеанстық (5 деңгей), көрсету (6 деңгей) және қолданбалық (7 деңгей).

Модульдер арасындағы ақпараттар алмасуы белгілі бір келісімдер бойынша іске асады. Оны интерфейс деп атайды. Хабарды жібергенде жоғарғы деңгейдегі модуль есептің өзіне қатысты бөлігін шешеді, ал өзіне ғана түсінікті нәтижені бастапқы хабардың (тақырыптың) қосымша өрісі ретінде орындап, осы өзгертілген хабарды төменгі деңгейге ары қарай өңдеуге жібереді. Бұл процесс инкапсуляция деп аталады.