
- •1.Глоссарий
- •2.Дәрістер
- •1 Дәріс. Эмр теориялық астары мен оның объектісі
- •Реттеу негізі
- •2 Дәріс. Эмр-дің әдістемесі жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3.Дәріс. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •5. Дәріс. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.
- •6. Дәріс. Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау.
- •8. Дәріс. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.
- •Монополияның негізгі түрлері
- •11. Дәріс. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу.
- •12. Дәріс. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу.
- •13. Дәріс. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •14. Дәріс. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу.
- •15. Дәріс. Аграрлық сектор экономикасының мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру.
- •16. Дәріс. Шағын кәсіпкерлікті жүйелі қолдау.
- •2.2.Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •3. Сарамандық сабақтар
- •4.2 «Экономиканы мемлекеттік реттеу »
- •4.3 Тесттер
12. Дәріс. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу.
Дәріс мазмұны
1. Қазақстанның табиғатты қорғау органдарын мемлекеттік басқаруы
2. Қ-ның қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға арналған заң шығарушылық базасы
3. Табиғатты пайдаланудағы экономикалық инструменттер
4. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ұйымдар
1. ҚР-да табиғатты қорғау істерімен басқаруды мемлекеттік заң шығару, атқарушы және билеуші, құқықтық тармақтар азаматтарлың бірлемтігін және басқа да қоғ-қ ұйымдар іс әрекеттерді реттеп отырады. ҚР-ң Конст-сы мен табиғатты қорғау сұрақтарымен заң шығарушы функ-ры ҚР-ң Парламентіне жүктелген. Жер және оның қойнауын, орманын, суын, өсімдік және жануар әлемдерін және т.б. табиғат ресурстарын игеру құқықтарын белгілейді. Қоршаған оратаны қорғауға және блосфераның жекелей бөлімдерін қорғауға арналған заңдарын құрастырады және дамытады. Мем-ң экологиялық саясатын және ресурстарды қолдану мен қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық қатынастарды орнатады.
ҚР-ң министрлер кабинеті атқарушы орган ретінде ауылшаруашылықтың басқару салалары мен т.б. заңдардың орындалуы және т.б. мем-т қоршаған ортаны қорғау және табиғатты дұрыс пайдалану актілердің орындалуын және дұрыс бағытта жүлгізілуін қадағалайды. Сонымен қатар мемлекеттік комитеттердің және осы сұрақтарға б-ты облыс әкімшіліктердің істерін басқарады. Мемлекеттік орган білім беру және ғылыми министрліктері табиғатты пайд. саласында алты техника мен технологияларды жасау және енгізу, табиғи ресурстарды қорғау, оны сақталуы мен қайта қалпынр келтіоһру сұрақтарын басқарады.
Денсаулықты сақтау министрлігі-қоршаған ортаның жағд-н адам денсаулығына зиянды келтіру мақсатында ведомствалық бақылауды жүргізеді. Ауыл шару-қ химиялық жабдықтарды қолдануы, өсімдіктер мен миниралды ресурстарға зиян келтірмеуі, «Жер кодексі» б-ша сақталуына бақылау жүргізеді.
Ішкі істер министрлігі. Атмосфералық ауаның және су қойнауларын тұрақты техникамен қорғалуын, ережелердің сақталуын қадағалайды. Практикалық табиғатты қорғау ісінде мемлекеттік басқару және табиғат орталарын қорғау органдарымен қатар бұл істе маңызды орынды халықтық ынталы көмегіне сүйенеді.(жасылдар, табиғат достары, Green peace және т.б.) табиғатты қорғау ұйымдары бүгінгі таңда үлкен күшіне айналуда.
2. Қ-ның парламенті мен бұрынғы жоғарғы Кеңесімен «Табиғатты пайдалану, қорғау және қайта қалыптастыру және табиғатты қорғауға б-ты» келесі заңдар мен кодекстері қабылданған:
1. 1980ж. «Атмосфералық ауанын қорғау жағд-ғы заң»
2. 1990ж. «Жер кодексі»
3. 1991ж. «Қоршаған ортаны ұорғау туралы заң»
4. 1992ж. «Халықтың денсаулығын қорғау заңы», «Жер қойнауы мен миниралды шикізатты қайта өңдеу Кодексі»
5. 1993ж. «Орман Кодексі», «Су Кодексі», «Жануарлар әлемін қорғау, қолдану, қайта қалпына келтіру заң»
«Қоршаған орта Заңы», «Табиғатты қорғау» заңын бұзғаны үшін қоршаған ортаға залал келтірсе немесе оның болуына шынайы қауіп тудырса әкімш. және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қоршаған ортьа заңдарының тәртіптерін бұзған жауаптылар (қызметшілер), басшылар, ұйымдар, мекемелер дисциплинарлық жауапқа тартылады.
Негізінде бұл бұзушылықтар жеке және глобалды қатерлікті туғызбайды. Соның ішінде жаза түрлері: байқау, ескерту, қатаң ескерту, төмен жалақылы жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату. Бұл салалар көбінесе тәрбиелік мәнде өткізіледі. Қызметшілер және азаматтар табиғатты қорғау заңдарын және оған келтірілген залалдары үшін материалдық жауап-кершілікке тарталады. Қызметшілерге сыйақы бермеуімен шығынды төлеумен, ал азаматтарға штрафтарды төлеумен жазаланады. Бұл шаралар броканиерлермен табиғат қолдану ережелерін бұзу шараларға бағытталған. Әкімшілік жауапкершілікке қызметшілер мен азаматтар ластанған ортада стандарттардың жоғалуына рұқсат етсе броканиерлікті тартса және табиғатты, ресурстарды дұрыс пайдаланса осы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен табиғи ортаның тұтастық даму заңдарын ескеруде сапалы жана сипаты қажет. Қажетті кешенді шаралар бүгіннің өзінде жүзеге асырылуда. 2001-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны сактау жэне табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудьщ мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, онда табиғи ортаның қазіргі күй-жайына бағалау берілген. Табиғатты ұтымды пайдаланудьщ стратегиялық мақсаттары мен міндеттері белгіленген және жақын арадағы жылдарға қоршаған ортаны сауықтыру шаралары анықталған. Нарық жағдайында табиғи ортаның элементтері сатып алу-сату объектілерімен анықталады, шаруашылық қызметі өнімінің кұн формасы болатыңдықтан, оларды бағалау кажеттілігі бар, ал табиғат ресурстарының кептеген түрлері тек еңбек заттары ғана болып қалмайды, сонымен бірге оньщ нәтижесі де болады.
Ғасырлар тоғысында (XXI ғасырдың табалдырығында) Қазақстан экологиялык дағдарыс аймағында болып шықты. Арал Қазақстан табиғатын «экологиялық инфаркке» әкелді. Кәсіпорындар мен табиғат арасындағы байланыс жүйесін ашу тек адамды қоршаған ортаның өзгеруін болжап қана қоймайды, сонымен бірге оған парасатты әсер етуге мүмкіндік береді. Егер кәсіпорынның дамуы нарыктық қатынастарды ойдағыдай шешумен баштанысты болса, онда бүл процесте кәсіпорын деңгейімен қатар экологиялық проблемалар басынды орындардың бірін алады. Бүгінгі экологиялық жағдай экологиялық мәдениеттің төмендігін, біліксіздігін, адамның сезіну санасының таяздығын корсетеді. Қазіргі кезде биосфера табиғи тепе-теңдікті сақтай алмайтын жағдайда. Адам экологиялық факторларды реттеу атқарымын бірте-бірте өзіне алуда. Табиғатқа келтірген зияны үшін ешкім де дербес жауап бермейді.
Адам мен табиғат арасындағы қатынас үдерісі ең алдымен кәсіпорынның еңбек қызметімен реттелуге тиіс. Табиғи ортаның жағдайы нарыктық қатынастардың дамуын киындатады немесе тездетеді. Неғұрлым табиғи орта жақсы болса, солғұрлым нарық-тық қатьшастарды дамыту жағдайы жақсара түседі жэне өндірістің шапшаңдатылған түрде алға басуына әсер етеді. Кәсіпорынның өнім өндірудегі көлемі белгілі бір шамада қандай табиғи ортада өтуіне де байланысты болады. Сондыктан кәсіпорындар мен табиғи орта арасындағы қатынастардың нарыктық негізі болуга тиіс. Мұнда кәсіпорын тек өз мүдделерін ескеріп қана қоймай табиғи ортаға әсер етеді және оның ресурстарын ұтымды пайдаланады.
Табиғи орта кәсілорынға пайдасын тигізеді, бірақ дұрыс пайдаланбаған жағдайда ол теріс әсер етуі мүмкін. Осындай теріс жағдайды жою белгілі бір шығынды талап етеді. Қазіргі кезеңде кейбір табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін кәсілорындар төлемейді, олар ресурстарды ұтымды пайдалану мен болған шығысты үнемдеуді шарттастыратьш технологаяны әзірлеуге мүдделі емес. Мүның нәтижесінде бүгінгі күні топырақтың кұнарлылығының төмендеуі, оның құрылымыньщ нашарлауы, жүз мыңдаған гектар жерді істен шығаратын эрозияның дамуы, жердің сортаңдануы мен су айдынының ластануы сияқты үрдістер кауіп-қатер тудыруда. Қолайлы қоршаған ортаның материалдық қүндылыктарды үдайы өңдіру үдерісінде әрқашанда қажетті шарты және құрамдас элементі болды. Оның бұзылуы өндірістің шикізатпен қамтамасыз етілуін қысқартады.
3. Табиғатты пайдалану механизмі, нарықтық көзқараста ұсталуы қажет. Бірақта бұл сұрақ мемлекетпен қадағаланады. Бұл экономикалық институттар саласында: салықтық саясат, субсидиялар және жеңілдетілген несиелеу, айппұлдар, қоқыстыру, ластаумен б-ты төлемдер, «қайтарым принциптерін» қолдану керек.
Табиғатты пайдалану заңдары айппұл салу арқылы ғана емес, ол қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын техникаларды енгізуі үшін мекемелерге әртүрлі жеңілдіктерді белгіленеді (қалдықсыз технологиялар), табысы аз шығынды кәсіпорында жоғартылған толық құнын төлеуі, оларды қолайсыз тұғырыққа әкелір тіреуі мүмкін, өйткені олардың тапқан табыстары басқа салаға жұмсалады, ал ірі кәсіпкерліктер экологиялық мәселелер туралы ойламай, айыппұл төлей салғанды жөн көреді. Өйткені олардың табысы шығындарынан әлдеқайда жоғары. Бұл жерде экономикалық санкцияларға мекемелердің «сезімталдық шегі» мүмкіндігін ескеру керек. Сондықтан әр мекемеге жекелей жан-жақты талдаудан кейін, оның экономикалық жағдайына қарй айыппұлды белгілеу қажет.
Ластау құқығын сатуда нарықтық механизмнін дамуына үлкен мүмкіншіліктері бар, Бұл нарық АҚШ-та белсенді дамуда. Мұндай нарықтық басты принциптерінің бірі қоқыстар мен лақтырулардың иелену құықтары б.т. Бұларға белгіленген мем-т (норма) енгізілген.
4. Табиғатты қорғау мәселелеріне арналған 1-ші халықаралық жиналыс 1971 жылдың сәуір айында Чехия елдерінде өткен. 1972ж. Стокгольм қаласында БҰҰ-ң «қоршаған орта жөніндегі» конференциясы ұйымдастырылған. Көптеген экол-қ мәселелерді бірнеше мемлекеттер қосылып, БҰҰ және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының басшылығымен шешуге тырысады. Ондай үкіметтік емес ұйымдар: Кеңес Одағы «Бағдарлама» деген атпен жұмыс істей алады:
1. «Халықаралық ғылыми Одағы». Бұл одақ әлемнің мемлекеттердің ғылыми одақтарымен академияларының қосады және ғарыштық-кеңестік Антрактиданы, әлемнің мұхиттарын зерттеумен айналысады. Қоршаған орта мәселелерін халықаралық бағдарламаларда қарастырады.
2. «Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитеті». Осы комитет табиғи ортаны бақылау мәселелерімен айналысады және биохимиялық циклдарды, қоршаған ортаның токсикалогиясын құрастырады.
3. ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы. Тропикалық және субтропикалық эко жүйелрдің, орман ландшафтерінің, адам ісінен соң экологиялық зардаптардың күшеюін қарастырады.
4. «Халықаралық табиғатты қорғау одағы». Осы одақ табиғат байлықтарын ұтымды пайд-у және қорғау мәселелерін зерттейді.
5. «Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы». Қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөніндегі мәселелерді бағалайды және бақылайды.
6. «Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым». Жер шары ауасындағы құьылыстарды және өзгерістерді бақылайды.
СӨЖ: Қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендетумен ресурстарды ынталандарудың негізгі жолдары және мемлекеттік шаралары.
СӨЖ: Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану мен оның өндірісті ұйымдастыру технологиялық негіздермен байланысты мәселелер.