
- •1.Глоссарий
- •2.Дәрістер
- •1 Дәріс. Эмр теориялық астары мен оның объектісі
- •Реттеу негізі
- •2 Дәріс. Эмр-дің әдістемесі жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3.Дәріс. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •5. Дәріс. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.
- •6. Дәріс. Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау.
- •8. Дәріс. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.
- •Монополияның негізгі түрлері
- •11. Дәріс. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу.
- •12. Дәріс. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу.
- •13. Дәріс. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •14. Дәріс. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу.
- •15. Дәріс. Аграрлық сектор экономикасының мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру.
- •16. Дәріс. Шағын кәсіпкерлікті жүйелі қолдау.
- •2.2.Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •3. Сарамандық сабақтар
- •4.2 «Экономиканы мемлекеттік реттеу »
- •4.3 Тесттер
Реттеу негізі
1. Реттеуді талдау 2.Ғылыми болжам жасау 3.Артықшылықтады қамтамасыз ету
Реттеу концепциясы
принциптер
әдістер
Білу қажет негізгі түсініктер :
Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз жалпы мемлекеттік түрғыдағы экономикада (макроэкономика) біртұтас табыс псн шығынды салыстырудағы үкіметтің шаралары.
Экономикалық саясат дегеніміз үлттық экономиканың қалпын, келелі мәселелерін, шешу жолдарын ұсынуды көрсететін білім.
Шаруашылық механизм
Қоғамдық игіліктер
Сыртқы әсерлер
СӨЖ: 1)Экономикаға мемлекеттік ықпалдың өзгеруінің тенденциялары қандай?
2) Экономикада мемлекеттің роліне жаңа технологиялар қалай ықпал етеді?
2 Дәріс. Эмр-дің әдістемесі жөніндегі ұғым және оның элементтері
Дәріс мазмұны
1.Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы.
2.ЭМР әдістемесі және оны әрдайым жетілдіріп отырудың қажеттілігі.
3.Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері.
4.Мемлекеттің экономикалық қызметтері.
басқару үшін не кажет екенін аныктау қажет. Біздің пікірімізше, бұл үшін мәселелердің үш блогын шешу керек.
ел нарығыньң тұжырымдамасын жасау;
нарықты басқарудьң негізгі бағыттары мен экономикалық теориясын тандап алу;
нарықтың ұйымдьң-экономикалық тетігін, оның критерийін анықтау.
Болашақта прогрессивтік қоғам құру үшін не істеу керек?
Ең алдымен өзгерістердің теориялық түғырнамасын әзірлеу қажет. Егемендікке қол жеткізуге байланысты экономикалық жағдайдың өзгеруі, жаңа нарықтық жүйелердің қалыптасуын талап етеді, олар өздерінің кеңею жэне экономикалық күрылым-дарының қалыптасу есебінен көптеген қайшылыктарды шешу тэсілдерін табады. Мұның салдарынан «мемлекет-нарық» жүйесінде қатьшастардың эволюциясы болады, мемлекеттің нарық атқарымын мемлекеттік реттеу үлгілері өзгереді.
Нарық экономикалық реформалар жағдайында пайда болды жэне дамиды, сондықтан экономикада пайда болғанның барлығы да нарық диалекгакасының эсер етуімен пайда болады жэне дамиды. Алайда оның даму деңгейі, мазмүны мен теориялык-эдіснамалық қағидалары нақты сэтпен анықталады, мысалы, 1992-2002 жылдардағы сияқты нарықтың экономикалық өсуі мен карқынды дамуын атап өтуге болады.
Республикада нарық жүйесін қалыптастырған кезде өзіндік ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Қазақстан нарығының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
1. 1991—1993 жылдары. Нарық жүйесінің негізгі қүралдарын қалыптастыру. Ең күшті соққы халыққа нарықтық баға бірнеше есе өсіп, жалақы, зейнетақы, жэрдемақы бірнеше айға кешіктірілгенде тиді; акша реформасы өтті — қаржы қарыздары, есепке алу, баспа-бас айырбастар енгізілді, төленбеген төлемдер пайда болды, жеткізу-шілер тек өзінің меншікті өнімдерімен есеп айырысты. Мұның нәтижесінде республикада баспа-бас айырбастау ұлесі 45%-ға жетті.
2. 1994-1998 жылдары. Үкімет нарық механизмдерінің элементтеріне қатысты тіркелген бағам енгізді, меншіктің дамуынының жаңа нысандарын құрды. Нарық нысандарының қарқынды дамуы меншік иелерінің жаңа таптарыньщ құрылуына, жеке меншіктің нығаюына әкелді. Мұнда баға өсуінің қарқыны айтарлықтай төмендеді.
3. 1998-2006 жылдары. Нарық жеке меншіктің кеңею жағдайьшда дамыды.
Мемлекеттік және жеке меншіктің арақатынасы республика бойынша 1:5, ал ТМД елдері бойьшша тұтас алғаңда 1:3. Нарықтың қалыптасуыңда шешуші рөлді шетелдік инвестициялар атқарды. Нарықтың молықтырылған кезеңі болды, нарықта іс жүзінде наннан бастап автомобильге дейін бәрін сатып алуға болатындай мұмкіндік туды. Алайда нәтижесінде ауыл шаруашылығьшың құлдырауы болып өтті.
Қазақстанның азық-түлік нарығының даму ерекшеліктері:
«талыксытпалы ем» жүргізу;
өнімді қайта өңдеу үшін жеткілікті қуаттардың болмауы: нәтижесінде енімнің 50%-ы қайта өндеуге шетелге тасылады;
баланстандыруды кұрделендіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бір жақты мамандануы - нарық жағдайларында болатын мұндай жағдай нарық үдерісіндегі тежейтін факторлардың бірі;
аграрлық нарықтың дамуына мүмкіңдік жасайтын шетелдік инвестицияларды жүргізу. Елдің иңвестициялық нарық жағдайы оның экономикалық дамуының, бірлескен кәсіпорындардың тендігі мен өзара тиімділігінің ең маңызды индикаторы болып табылады. Республикада нарық элементтерін енгізу шетел капитальш пайдалану тиімділігін арттырды және шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанды бұрынғыдан да тартымды ете түсті;
нарық жағдайында шаруашылық жүргізудің осы за-манғы технология әдістерін жақсы меңгерген жоғары білікті мамандардың болмауы; 1991 жылға дейін мамандарды даярлау тек бір мамандыктың шеңберінде жүргенін атап өтейік. Бүгінгі күні нарық нарықтық ойлау қабілеті бар әмбебап мамандарды талап етеді. Көптеген жас мамандар нарықка даяр болмай шықты, олардың нарықтық тэжірибесі жоқ, олар нарық үдерісінен шет қалған;
коммунициалдық модернизм элементтерінің болуы;
мүлдем жаңа нарықтық қатынастарды тудыратын ТМД елдерімен бірігу. Қазақстан Республикасы бірігу (интеграциялык) арқылы нарықты багындыруға тырысады. Бүл қазақстандық нарықта шетелдік компаниялардың (Түркия, АҚШ, Қытай, Жапония) өнімдерін қайта өңдеу үшін жағдай жасайды жэне бәсекелестік есебінен нарық қызметтерінің тек құнын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге азық-түліктік жағьшан қауіпсіздік тудырады.
Аймақтық ерекшеліктері:
шетелден әкелінген азық-түліктің молығуы;
арзан еңбек ресурстарының артылуы (қазіргі кезде өндіріс үдерісінде кызмет істемейтін еңбек етуге қабілеттілердің саны 655 мың адамды құрайды);
Ресей Федерациясы және Қытаймен шекаралас орналасуы әрі олардың байланыстар белсенділігі. Ғасырлық тарихы бар компаниялар жүмыс істейтіндіктен бүгінде әлемдік рыноктың аясы тарылды, ал Қазақстанға әлі де болса халықаралық деңгейде өзін-өзі танытуын жеңіп алу міндеті түр;
революциялық жолмен жүзеге асатын меншік пен шаруашылық жүргізудің алуан түрін қалыптастыру, яғни ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қайта құру, ал ол әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан ұйымдық құруды бұзбай-ақ эволюциялық жолмен өтті. Демек, нарық жаһандану үшін қажетті стратегиялық жағдайды құра отырып, өзі экономикалык дамудың объектив мақсаттарының бірі бола бастайды, біртұтас республикалық экономиканың калыптасуына және оның тиімділігін арттыруға еркіндік туғызады.
Осы замандағы ғылымда нарық мәселесі мен мемлекет рөлін түсінудің жалпы ғылыми тұжырымдамасы қандай? - деген сұрақ туындайды. Заманға сай білімнің маңызды және ең қиын проблемаларының арасынан ең алдымен «экономика», «нарық» жэне «мемлекет» сиякты категориялар арақатынасы ж-ніндегі мәселе алдымызда түрады. Қазіргі уақытта алуан түрлі тәсілдемелердің көптігіне қарамастан, бұл мәселе жеткілікті зерделенбеген болып қала береді. Ал «нарық» үғымына қатысты эңгіме ететін болсақ, онда оны не «экономика» үғымымен тендестіреді, не жалпы алғанда ғылыми зерттеу тақырыбына енгізбейді. Әзірге қарастырылып отырған жүйелік қатынаста нарық пен мемлекеттің орны айқын анықталған жоқ. Белгілі бір шамада олардың арасында қандай да бір байланыс бар. Алайда мұнда нарықтың меншікті динамикасы болатынын және өзінің ерекше объектілерін болжайтынын ескерген жөн. Бүл теориялық-әдіснамалық кеңістікгі толтыру үшін не ұсынуға болады? Бұл проблемалар бойынша қиындықтар ең алдымен экономикадағы «нарық» ұғымын бір мәңді ұғындырмаудан және мемлекет эволюциясын зерттеген кезде олардың айқын қолданбауынан пайда болады.
Нарық зерттеу пәні ретінде аса және көп мәнді күрделі құбыдыс ретінде байқалады. Оны зерделеу күрделілігі сол, ол болашақта тұтастықта бола түрып, сонымен бірге қандай да бір орнықты түрақты шама бола алмайды жэне түрақты түрде өзгерістерге ұшырайды.
Қазақстанда нарық мәселесі бойынша зерттеулер салыстырмалы түрде жуырда басталды жэне оған деген қызығушылық ұдайы өсуде. Отандық экономикалық әдебиетте зерттелген проблема бойынша кейбір жарияланымдар пайда болды, алайда олардағы барлық берілген анықтамалар оны бір жақты мағынасында түсіндіреді. Бүл жүмыстарда «мемлекет», «нарық» үғым-дарының мэні және олардың өндіріс категорияларымен байланысы қарастырылған.
Бұл аспектіде, біздің пікірімізше, үш мәселені айырып көрсетуге болады:
Біртұтас нарық неге қажет?
Неге нарықтың дамуын басқару қызметін мемлекет атқаруға тиіс?
Нарық республиканың экономикалық қатьшастар жүйесінде қандай орын алады?
Нарық экономикалық жүйе ретіңде кез келген формацияға оңай үйлеседі. Оның басты кемшілігі - бұл басқарудың біртұтас пәрменді жүйесінің болмауы, сондықтан мемлекеттің нарықпен экономикалық өзара байланысы орнатылмайды. Біртұтас республикалық нарықтың дамуын тежейтін факторы болып, сондай-ақ әрі ішкі, эрі халықаралық операциялар үдерісін жүргізуді реттейтін жоғары заңдар актілерінің болмауы есептеледі. Қазіргі кезде бұл проблемамен айналысатын біртұтас орган жоқ. Сонымен бірге есеп жүргізу жағдайында іріктеп алуға білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Мүндай жағдайда Қазақстан біртұтас нарық жүмыс істеп жатқан дамыған елдердің тэжірибесі мен эдістерін пайдалануға тиіс. Оның аймақтық жэне салалық белгілері бойынша алшақтығы республика экономикасын тым артта қалдырды. Тауар өндірушілермен тығыз байланыстың болмауьшан нарық басымды жағдайға ие болмады. Басқаша айтқанда, өндіргіш куштер барлық қатысушылардың үйлестірілуін, іс-қимылдарының келісілуін талап етеді.
Мемлекет пен нарық арасындағы қатынастар жиынтығы күрделі және жан-жақты жүйені білдіреді. Бір жағынан, бүкіл жасалған өнім мемлекеттің қарауына түспейді, оның бөлінуін нарық аныктайды және республика алдында тұрған саяси міндеттерге байланысты өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір дербестілігі мен өз жүмысының залалсыздығы үшін олардьщ жауапкерітлігіне қарамастан нарық үдерісі әрбір кәсіпорында материалдық және еңбек ресурстарымен, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттармен кепілдендіріледі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, республиканың экономикалық дамуындағы нарық рөлін зерделеудің осы заманғы әдіснамалық негіздері объективтілік, өзара байланыс, жүйелілік сияқты танымның маңызды қағидаларына негізделуге тиіс, Осы мақсатпен біз «экономика-нарық-мемлекет» кұрылымының өзара іс-қимыл тетігінің жалпы сипаттамасын бердік, олардың жүйелік мэні ашылды жэне ерекшеліктері анықталды.
Біздің қоғамдық өмірде нарықтық орта құрылды, ол бізді экономиканың қызмет етуінің нарықтық тетіктеріне үлкен еркіндік бере отырып, нарықтың экономикадағы орнын қайта қарауға мәжбүр етті. Бұл үшін ұйымдық жэне экономикалық жағдайлар жасау қажет. Мемлекеттік тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта аз іс жасалған жоқ. Дағдарыстық құбылыстардан өтіп, экономикалық түрақтылық пен әлеуметтік дамуға қол жеткізілді. Қазіргі кезде нарықтық үдерісті басқарудың жаңа формаларын, үлгілерін, технологияларын, үйымдастыру әдістерін белсенді іздестіру жүргізілуде. Бүгінгі күні жоғары және тез өзгеретін талаптар тек техника мен технологияға ғана емес, сонымен бірге ең алдымен нарыққа да қойылады. Нарық пен экономика жүйесі арасында сәйкессіздік айтарлықтай күшейе түседі, өйткені нарықта барлық экономикалық мүдделер біліне бастайды, мұнда олардың өзара байланысы байқалады, нарық адамдарды біріктендіретіндіктен олардың қарама-қарсы тұруы бәсендейді.
ЭМР басты максаты экономикалық, әлеуметтік түрактылық, ел ішіндегі қүрамды нығайту, жетілдіру, оны өзгерістерге бейімдеу. Одан басқа да өзара байланыстағы нақтылы мақсаттар бар, олар бірігіп, "мақсаттардың еменін" ("дерево целей") құрайды. Оның тарауы:
экономикалық дамуды тегістеу;
акша айналымын түрақтандыру;
бәсекелестікті көтеру;
мемлекеттік жүйені нығайту, бейімделуі;
халықшаруашылығының қүрамын жетілдіру,
жүмыспен қамтамасыз етуді қолдау;
әлеуметтік әлем;
коршаған ортаны қорғау.
Максат өлшемді (жүмыссыздықты қысқарту), сапалы (білімді жоғарлату), әртүрлі мерзімді (жақын арадағы, қысқа, орта,үзақ мерзімді) болады.
Мақсатгардың топтары:
Жағдайды сақтауға арналған (жүмыспен қамтуды қолдау, ақша айналымын түрақтандыру, қалыс қалғандарды тарту, т.б.).
Өскелеңді ынталандыру (жоғарғы өндіріс әдісі, ғылыми үсыныс,елсізді қоныстандыру).
3. Жаңа әдіс, жүмыс түрін енгізу (жалға беру, жаңа қуат көздерін орнату, берілген қүнды қағаздармен сайлауға қатысуға рүқсат ету).
4. Жанама әсер етушілер (ғылыми-зерттеу орындарын ашу, орталықтар күру, кәсіпкерлерге көмек, шет елдегі үлттық көрмелер).
5. Оңды нәтиже беретін қалыптаскан күрылымға үйлесиейтін қысқа мерзімді шаралар.
Бір - біріне қатынасына байланысты мақсаттар ұласқан (гармоничные), мысалы экономиканың өсуін ынталандыру жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасайды, қайшы, мысалы, ақшаның қүнсыздануымен күрес жүмыссыздықтың өсуіне және керісінше эсер етеді, ығыстыратын, мысалы қорды жинақтап, орталықтандыру, біріккен үйымдар (картели) ашуды қолдау тәуелсіз бәсекелестікті ығыстырады, болып бөлінеді.
Мақсатты орындау қосымша әсер әкелуі мүмкін (оңды, кері). Мысалы, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-ондірістік жацалықтар өндірген өнімнің бағасын арзандатып, өмір деңгейін жогарылатады. Сонымен қоса кері әсері бар, ол жүмыссыздық, қалаға көшу, ондағы жүмысшы күшін арзандату. Оңды тағы әсері сырттан сатып алуды азайтып, шет елге өнім шығару.
ЭМР даму кезеңдері.
Бірінші кезеңде нарықтық экономиканы енгізуге мемлеке жалпы жағдай туғызады. Атап айтсақ, тәртіп орнату, шекзран күзету, қорғау, кедендік төлемдер сияқтыларды заңдандырып тәртіп бүзушыларды жазалайды.
Екіншіден әлеуметтік қайшылықтар, экономикалық күйзелістер шиеленіскенде мемлекет шаруашылық жағдайына араласады. Мысалы, әскери, саяси, экономикалық мақсатта қызмет көрсететін қүрылыстар салу, яғни өзен, теңіз қатынастарын салу, байланыс тораптары және басқалар. Мүндайда жеке менші қаржыларын ынталандырып өскери тапсырмалар береді.
Үшіншіде қаржы иелерінің дамуына жеңілдіктер беріліп, еңбек, салық, сауда, әлеуметтік жағдайларды қамтитын зандар жасалынып аяқталады. Шикізат пен қызмет атқаратын қүрылымдар (инфраструктура) мемелекет меншігіне сатып алынып, қосымша жаңадан салынады. Шаруашылықты реттеуде тәжірибе ретінде ақша-қарыз және қаржы шаралары қолданылады. Орталық каржы орны қарыз қайтарудағы үстеме өтемді (учетная ставка) өзгертіп саясатын жүргізеді. Ел ішінде үкімет қзрыз беретін ірі орынға айналып, халықарапық қарыз беруші болады. Сыртқа тауар, каржы шығаруды ынталандыру саясаты жүргізіледі.
Дамыған елдер үлттық табыстың мүдддесі үшін дүниежү3ін, аймақтық және экономикалық ықпалдылыққа бөледі.
Төртінші кезеңде бір-бірімен байланыссыз күйзеліске қарсы құрылымдарға бағытталған шаралар жүргізіліп, жұмыспен қамту, бағаға әсер етуге талпынады. Мемлекет каржы жинақтап, орталықтандыруды қолдайды. Тікелей байланыс, кәсіпкерлер одағы, ғысқандар жиыны арқылы біріккендер үкімет іиііндегі саясатқа күшті ықпал жасайды. Олар мемлекеттік тапсырмалдар мен құрылыстар арқылы байып, бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы күйге келтірген.
Бесінші кезең Еуропадағы төңкеріс, Ресейдегі төңкерістің жеңісі соғыстан кейінгі тоқырау, 1929-1931 жылдардағы ұлы күйзеліспен сипатталады. Бүл жағдай жогары деңгейдегі жалпы экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілінімен ойландырады. Дж. М. Кейнс ЭМС белсенді араласу бағытын жасайды. Нарықтық қатынастың тарауына шектеу қою туралы қадамдар жасалады.
Алтыншы кезеңдегі МЭС негізгі табыстық жаңарып, молайып, жинақталуын ынталандыруга бағытталған, сыртқа шығаруды қолдайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ЭМР шаралары жасалады. Мемлекет негізгі қорларды кысқа мерзімде жарамсызға жатқызу арқылы қор салудағы өзін-өзі қаржыландыру саясатын жүргізеді. МЭС шаралары әрқилы, жиі, бірақ бәтуасыз. ЭМР ілімдері мен тәжірибелерінде Кейнс, босаңшылық (либерализм) ағымдарына қарсы күрес жүргізіледі.
Әскери - өндірістік кешендер қүрылады. Шаруашылык басқарудағы мемелекеттік орындар , әскери басшылық, қару-жарак өндірушілер, екі жақты пайдаланылатын өнімдер, ғылыми-қүрастыру орталықтары біріктіріледі.
Социалистік қүрылым мемлекетаралық қатынастағы қосылымдар жасайды, мысалы, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ). Онда еңбекті бөлу орталықтандырылған нүсқау, жоспарлау негізінде жүргізіледі.
Батыс Еуропаның экономикалық ынтымақтастығыны алғашқы қадамдары жасалады.
Жетінші кезеңде соғыстан кейінгі үзақ мерзімде экономиканың көтерілуі дамыған елдердің экономикасында жаңа келелі мәселелер туғызады. ЭМР ойлаушылары мен іске асырушылары оның шешімін сала, аймақтық орта мерзімді бағдарлар жасаудан таппақшы болады. Дамыған елдердің кейбіреулерінде улершде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жеңілдікпен сату, халыққа тарату сияқты түрлері жүргізіледі. Сегізінші кезеңде ЭМР ілімдері мен тәжірибесінде ақша айналымын қадағалау (монетаризм) ағымы әйгілі болады.
Тоғызыншы кезеңде Батыс Еуропа , Солтүстік Америка, Шығыс Азияда халықаралық экономикалық қатынастардың нәтижелі дамуына байланысты ЭМР міндеттері Үлттық орындарга беріледі. Дүниежүзілік қатынастарда Дүниежүзілік каржы орны, ССБК (салым, сауда басты келісімі) (ГАТТ - генеральное соглашениение по тарифам и торговле), тағы басқа халықаралық ұйымдар шешуші маңыз атқарады.
3. Шаруа-қ жүргізудің нарықтық жүйесі бар елдерде мемлекеттік басқару 2 бағытқа бөлінеді:
- экономикалық
- әкімшілік
Әкімшілік басқару мемлекет меншігіндегі объектілер мен мемлекеттік ұйымдарға жүргізіледі. Мемлекет объектілерге қатысты мынадай құқықтарға ие:
• олардың қызмет етуі мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізілуін талап ете алады
• басшыларын жалдап, тағайындап және ауыстыра алады.
• Объектілерді құру және жою, сатып алу және сату, оның табысын бөлуге, үйлесіне үміткер бола алады
• өзінің объект басқаруда өкілдікті мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар мен құрылымдарға табыстай алады.
• басты басқару құқығын өзіне қабылдай отырып, мемлекет тиімді жағдайда белгілі бір кезең аралығында сенімгерлік басқаруды енгізу.
• тікелей мемлекеттік басқаруындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тексеру және бақылау.
1) Тікелей мемлекеттік басқару объектілеріне мыналар жатады:
А) мемлекеттік бағдарламалар
В) мемлекеттік ұйымдар
С) мемлекеттік бюджет қаржылары
Д) мемлекеттік акция пакеттері
Е) аса маңызды объектілер мен ресурстар ( қарулы күштер, пайда қазбалары, ұлттық қорлар, тарихи ескерткіштер және т.б.)
2) Әкімшілік мемлекеттік басқару субъектілері
А) мемлекеттің, биліктің атқарушы органдары
В) заң шығарушы және сот органдары
Экономикалық әдістер. Экономикалық басқару субъектілерге кәсіпорынға, компанияларға, кәсіпкерлерге, ұйымдарға, мемлекеттің бекітілген ережелер, нормалар, шектеулер арқылы ықпал етуі және ол бұл ережелердің мүлтіксіз орындалуы мемлекет тарапынан талап етіледі.
Экономикалық немесе жанама мемлекеттік реттеу ретінде ақшалай-несиелік инструменттер. Ақшалай-несиелік құралдар 2 түрге бөлінеді:
1) Ақшалай эммисиясы, ірі қаржылық мөлшерлемесін орнату, Орталық банкте қаржылық құралының, резервті қорының минималды көлемін орнату және де бағалы бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізу. (бағалы қағаздар нарығында)
2) Экспортты, импортты квоталар, лицензиялар, кедендік баж салықтар, салықтық тағайындамалар, салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер.
Мемлекеттің экономикаға араласуы мүмкін бағаның тең жайылған болып:
1) нарық экономикасы субъект (ойыншықтарын) жасап шығару
2) мемлекеттік секторды жасау және оны басқару
3) табыстарды қайта бөлу
4) экономикалық дамуын қарастыру
5) табиғи монополияны басқару, монополиялармен күресу
6) бағалар мен еңбекақыны қадағалау
7) есеп мөлшерлемесін қадағалау
8) эммисиялық қызметті жүргізу
9) салықтарды қадағалау
10) фирмалар мен компаниялардың сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру
ЭМР-ң негізгі формаларын қатастырсақ оның мұндай әсер етуінің бір аспектісінде баға қалыптастыруын біле аламыз.
Тура әдістер |
Жанама әдістер |
1) Бағалық субсидиялар 2) Акциздер 3) Қосылған құнға салық салу 4) Салықтан босату 5) Экспорттық субсидиялар |
1) Сыртқы саудадағы үлесі 2) Кедендік баж салығы 3) Эмиссия 4) қайта қаржыландыру 5) Кейбір салықтар
|