Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГРЭ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
652.29 Кб
Скачать

2.Дәрістер

1 Дәріс. Эмр теориялық астары мен оның объектісі

Дәріс мазмұны

1.Экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік экономикалық саясат туралы түсінік

2. ЭМР мәні, ғылыми және әдістемелік сұрақтары.

3.Мемлекеттік реттеу мәні және оның объективті қажеттілігі

4.Экономиканың мемлекеттік реттеу міндеттері

1. XIX ғасырдың ортасына дейін экономикалық ілім танымалы ағылшын ғалымдарының барлық шаруашылық жағдайлары ақикаты заңдылыққа байланысты өзгереді деген тұжырымына негізделіп, А.Смиттің шаруашылық барысын мемлекеттік реттеу кажет| екендігін ескертуіне карамай, меншікті иелену, шешім кабылдаулардағы тәуелсіздік өзгермеді.

Экономикалык ілім мен саясаттың арасын айкындауға талаптанып Джон Н. Кейнс (атақты Джон М. Кейнстың әкесі) «Саяси экономика» пәнінің мәні мен тәсілі деген кітабында халық шаруашылығы туралы ілімді үшке бөледі.

Біріншісі экономикалык ілім (теория), онда экономикалық заңдылықтар мен олардың байланысын талдайды;

екіншісі - экономикалық саясаттың шеберлігі мен әлеуметтік әрекеті, сол арқылы шаруашылық пен әлеумсттік жағдайларға әсер ету;

үшіншісі - лайықтап қолдану саясаты (басқару тосілі). Кейінгісі ілімді өндірісте қалай пайдалануды қарастырады, ал саясат ғылымға негізделеді.

Экономикалық саясат дегеніміз үлттық экономиканың қалпын, келелі мәселелерін, шешу жолдарын ұсынуды көрсететін білім. Әрбір шаруашылықпен шүғылданушы өзінін экономикалык саясатын жоспарлап, жүргізеді. Мысалы, зейнеткер өз жиғанын мемлекеттік кұнды қағазға салады, шаруа жылыжай (теплица) салады. Дүниежүзілік банк мемлекеттерге қарыз беруді шешеді.

Экономикалық саясаттың негізгі бөлігін мемлекеттік экономикалық саясат (МЭС) кұрайды. Ол жоғарғы (макро) және төменгі (микро) деңгейдегі шаруашылық барысына максатты әсер ету. Оған әлеуметтік, қорғаныс, сыртқы жағдай, экология тағы басқалары жатады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) (немесе экономикалық саясат) - арнайы әрекет, демек көлемі мөлшерлі, әрқилы. Мысалы, қоғам игілігін туғызу, тек дүниемен қамтамасыз ету емес. кең көлемді қамтиды. Ол жеке бастың бақытты болуы. жайлылық. жүмысына разылық, түрмысына ризашылығы. Қазіргі заманда әлеуметтік - экономикалық жағдайларға ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, каржыландыруға. әлеуметтік қамсыздандыруға, ағарту жұмысына, ортаны қорғауға мемлекеттін араласпауы мүмкін емес. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында ЭМР және МЭС пара-пар.

ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) дегеніміз күқықтық үкімет орындары мен қоғамдық ұйымдардың қалыптастқан әлеуметтік-экономикалық жүйенің түрақтануы мен өзгерістерге тиімделуіне арналған құқықтық, орындаушылық, бақылау сиякты әрекеттерінің үлгілі жүйесі.

Салалық, жалпы шаруашылықтық күйзелістер, жалпылай жұмыссыздық, ақша айналымын бұзу, дүниежүзілік нарықтағы ;келелстіктің шиеленісуі жалпымемлекеттік экономикалық саясатты кажет етеді.

Шаруашылық механизм - бұл экономикалық заңдылықтардың негізінде қоғамдық ұдайы өндіру процесін ретеудің формасы және құралдардың жиынтығы. Шаруашылық механизмнің дағдарысы ұзақ мерзімді сипатта болады және ол экономиканы реттеу модельдерін жетілдіруді талап етеді. Қазіргі заманғы шаруашылық механизмнің негізгі нарықтық бәсекелесті реттеу құрайды. Оның тарихы тауар өндірісінен бастап оның ұйымдастырушылық функциясын тауарға өндірушілер мен тұтұнушылардың еркіндігін және сапасына қатысы іске асырылады. Олар нарықтық бағаның құрылуы бойынша шаруашылық механизм жұмысын ақырғы нәтижесін білдіреді. Бұл механизм белгілі бағытта қоғамдық өндірістің реттеуші функциясын орындай алады. Монополияның пайда болады. Бәсекелес нарықты механизмінің қалыпты қызмет жасау процесін бұзады. Алайда, бірыңғай шаруашылық механизмінің қалыптасуына әкелетін экономикалық күрделілігі келесі 2 звенодан тұрады:

1.1873 жылдан бастап, 1929 ж уақыт аралығында әрекет етеді.

2.1929-1933 ж. аралығы (Ұлы дағдарысы)

2. Экономиканы реттеу дегеніміз жалпы мемлекеттік түрғыдағы экономикада (макроэкономика) біртұтас табыс псн шығынды салыстырудағы үкіметтің шаралары. Мемлекеттің экономикалық саясаты (МЭС) үш бағытты қамтиды

1. Ел байлығын (жер, қазба, қуат көздері, тасымалдау, жүмысшы күші т.б.) тиімді пайдалану.

2. шаруашылық (өндірістің түрақтылығы, тиімділігі, кәсіпкер, кәсіпорын, салалардың дамуы) пен әлеуметтік (халықтың өсуі, өмір деңгейінің жоғарылауы, саяси тұрақтылық т.б.) мәселелер.

3. сыртқы экономикалық саясат (халықаралық, мемлекетаралық ) қарым-қатынас, дүниежүзілік түрақты ақша-тауар қатынасының жүйесін пайдалану т.б.).

МЭС жүйелі іске асыру: қалыптасқан жағдайды талдау, мүмкіндікті бағдарлау (табиғи-экономикалық, күш-қуат, зиялылық), болашақтағы сыртқы экономикалық қатынас, халықаралық экономикалық саясаттың өзгеруін болжау. Қазақстанның экономиканы мемлекеттік реттеудегі ғылыми ағымы:

1. экономиканың жоспарлы және нарықтық тәсілдерін жүйелі пайдалану.

2. мемлекеттің араласуы (ауқымды мәселелерді шешу, т.б.).

3. жалпы экономикалық жағдайдың тиімділігін арттыру.

4. шетелдік салымдар (иностранная инвестиция), оны негізінен ғылымды дамытуға, жаңа өндіріс әдістерін енгізуге пайдалану.

5. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік аймағына енуі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары (принципы):

  1. Негізгі бөлігін оқшаулау (алғашқыларын анықгау).

  2. Халық шаруашылығын басқару жүйесіндегі теңдестік пе сәйкестендіру.

  3. Шешетін мәселелердің әдістері мен жолдарын тандау.

  4. Жалпы экономикалық шешімдердегі жан-жақтылық.

ЭМР шараларын жүзеге асыру жолдары:

  1. Бағдарлау, ұзак мерзімді маңызды жоспарлау.

  2. Қаржы-қаражаттың реттелуі.

  3. Салықпен реттеу.

  4. Ақша-қарыз арқылы реттеу.

  5. Бағамен реттеу.

  6. Кеден, баж салығымен реттеу.

  7. Мөлшерлі тариф белгілеу.

  8. Әкімшілік, құқықтық рұқсат беру (лицензия) арқылы реттеу.

  9. Нарықтық реттеу.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз әлеуметтік шаруашылық жағдайына, оның ұымды теңдік пен жоғары деңгейдегі экономикалық тұрақтылығын қолдау үшін мемлекет негізгі экономикалық-әкімшілік және ұйымдастыру-құқықт тұрғыда араласу түрлері.

Оның қажеттілігін тарихи деректер дәлелдейді. Өткен кезеңдердегі (1929-1933 жж., 1948-1949 жж, 1973-1975 жж., 1980-1982 жж.) терең күйзелістерден шығу мемлекеттердің экономикаға араласуымен қамтамасыз етілген.

Нарықтық экономиканың асқан білгірі, Нобель сыйлығының иегері Д. Леонтьев ұлттық экономиканың құбылу теңіздегі желкенмен теңестірген. Желкен жылжу үшін жел керек ол қажеттілік. Тұтқа - мемлекеттік реттеу, онсыз жел оны қүзға соғып күл-талқанын шығарады.

Тімді экономиканың шведтік түрін шығарушы, ірі мам Клас Эклунд ретке келтірілмейтін нарық жоқ, болған емес, он мемлкеттік реттеу қажет деген қорытынды жасаған. 1929-1939 жж. күйзелістерден шығудың жалғыз жолы қор тарту деген ағылшынның түлғалы экономисі Дж. М. Кейнс (1883-1946 жж.)- Кейнстің көзқарасы жоспарлы және нарықтық экономиканың үйлесуінің қажеттілігіне иландырады. Оны тиімділігі әр елдердің табиғи-тарихи, әлеуметтік-модениет, табиғат, экономика, ұлт, халық құрамы, орналасу жағдайына байланысты түсіну үшін әрқилы экономикалық сөздердің (атаулардың) іргетасын білу қажет.

Қоғам игілігі (общественное благо)- халықтың мұқтажын қамтамасыз ететін, заңды құқығын қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау, түбегейлі ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, нәтижесін пайдалану, біріңғай қуат, тасымалдау, байланыс жүйелерін құрып, пайдалану, жалпы мемлекеттік табиғатты корғау тиімділігі, төтенше жағдайлардан алдын-ала ескерту сияқтыларды мемлекеттік деңгейде шешіп басқару. Сыртқы әсер - кәсіпорын мен тұтынушылардың өнім өндіріп, қызмет көрсетуінен тигізетін

ықпалы. Мысалы, өндірушінің мақсаты сұранысты қанағаттандырып, көп пайда табу. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ұқыпты пайдаланып, сақтау сияқтылар көлеңкеде қалуы мүмкін. Мұндайда сыртқы кері әсер туады. Өндірістен тыс шығын (трансакционные издержки) - карым-қатынасты шешу, оны орындауға байланысты шығындар. Оны мемлекет өзіне алуы мүмкін, немесе мекеме, косіпорынды көндіреді. Әлеуметтік шығындар - әлеуметтік жағдайға байланысты қиыншылықтардын туындауы, шиеленісуі мемлекеттің араласуын қажет етеді. Мысалы, жұмыссыздықтың өсуі, ақшаның құнсыздануы тұрмысы төмен қауымға қосымша қарастыруды (жалпы табысты бөлуді) мәжбүр етеді. Сол сияқты еңбек құқығын жүзеге асыру, халықаралық экономикалық қатынаста ұлт мүддесін қорғауда әлеуметтік шығындар жүмсаумен байланысты.

ЭМР қажеттілігі әртүрлі себептермен байланысты:

1. Мемлекеттік және нарықтық реттеулердін мақсатынын, бірлігі. Мысалы, мемлекет жалпы экономикалық деңгейді (макроэкономика) дамуын көздейді, оның ішінде түбегейлі ғылымның (фундаментальные науки). Оның жетістігін пайдаланып өнім өндірушілер пайда тауып, экономикасын нығайтады, онда нарықтық қатынастарды қолданады. Екеуінің ортақ нәтижесі ел экономикасын нығайту, халықтың әл-ауқатын жақсарту.

2. Сыртқы әсердің тасада қалмауын ойластыру. Ол үшін орталықтандырылған қаржы есебінен табиғатты қорғау арналған жұмыстар жүргізіледі, әкімшілік-қүқықтық шектеулер қойылады, табиғатты қорғауға ынталандырады.

Мемлекеттік реттеу қажеттлігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындард ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағантандыру және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты тиімді пайдалану мәселелрі толықтай шет қалатындыға әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдмен мемлекеттің араласуын талап етеді.

Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардң сақталуын бақылауға арналған тракжациялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді; ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.

Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін – микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро жән микро экономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық – салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болады.

Егер де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін тауарлар (қызметтер) «қозғалысының» қорытынды сипаттамасы ретінде қарастыратын болсақ, онда пирамида негізінің беріктілігі макроэкономикалық сипаттағы және нарықтық қатынастар өрісінің кеңеюі үшін барынша қолайлы жағдайлары жасауға мүмкіндік беретін, көбінесе қоғамдық тауарлардың нарықтан тыс қозғалысына тәуелді нарықтық механизм әректінің тиімділік дәрежесімен анықталады. Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тимділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеудің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелденген. Ненмесе, керісінше, егер мұндай реттеудің объективтілігі ескеретін болса, әлгі тиімділік коэффициенттің мөлшері жоғарлайды.

Осылайша, бұл қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін өндіру мен тұтынуды мемлекеттік және нарықтық реттеудің диалектикалық бірлігінен туындайды.

3. Өндірістен тыс шығындарды азайту үшін сауда -алмастырумен шүғылданушылар үкіметтің араласуын пайдаланады.

4. Әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары жүргізу. Мүнда әртүрлі иландыру, мәжбүрлік сияқты әдістер қолданып табысты бөлу жүзеге асырылады. Мысалы қайырымдылық жасау (өз бетімен иланып көмектесу), салық салудьң үлесін көбейту (пайдасын қоғаммен бөлісуге мәжбү ету), тағы басқалары.

Нарықтық экономика өзінің реттелетін және өзінің дамитын күрделі. Нарық жағдайындағы тұтынушылар нені? қанша? қашан? қайда? шешім қабылдайды. Негізгі құралдары: баға-сұраныс-ұсыныс-бәсекелестік құралдары. Мемлекет нарықтық реттеуді жетекші орын алады. Мемлекет монополияға қарсы шараларды жасау шағын және орта бизнеске қолдау көрсету. Экономикалық тұрақтылықты макроэкономикалық тепе-теңдікті және экономиканы дамытуға көтермелеулігін қамтамасыз ету. Мемлекеттің нарықтық экономиканың ролі оның функциялары арқылы анықталады: Қазіргі мемлекеттің экономикалық қызметтері:

1)Мемлекеттің басты мәселесі елдің экономикалық дамуының стратегиялық жасасу. Мемлекет осындай стратегиялық жасауынан бастамасы болып және оны нақты іске асыруы үшін жауапкершілік алады.

2)Экономиканы тұрақтандыру және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру. Бюджеттік, ақша несиелік, фискалдық саясат шаралары арқылы мемлекеттік дағдарысты өндіріс құралдарын болдырмауы инфляцияның төмендетуін көздейді.

3)Жұмыссыздық бұл тек күрделі мәселе ғана емес, сонымен қатар тұтынушының сұраным мен салық түсімдерін төмендетуге жәрдемақыға кететін шығындардың өсуі.

4)Бағаны реттеу. Бұл функцияның мәні зор, бағаның құрылуы және динамикасы экономика жағдайын өзгертеді.

5)Шаруашылық субъектінің құқықтық базасын қамтамасыз ету.

6)Нарық шеше алмайтын әлеуметтік-экономикалық мәселерді шешу (монополияға қарсы саясат жүргізу).

4.Экономиканы реттеудің міндеттері:

1)Экономиканы дамуында нарықтық механизмді тиімді қолдану мәселелерін зерттеу.

2)Экономикалық процестердеде мемлекеттің араласуын максималды және минималды шараларды анықтау.

3)Әртүрлі экономикалық жағдайларға МЭР-дің әдістері мен құралдарын анықтау.

4)Мемлекет арқылы экономикалық реттеу мәселелерін зерттеу.

5)Экономикалық дамудағы экономикалық саясаттың мәселелерін зерттеу.