Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГРЭ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
652.29 Кб
Скачать

14. Дәріс. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу.

Дәріс мазмұны

1. Сыртқы экономикалық сегментті кедендік тарифтік реттеу

2. Тарифтік емес шектеулердің түсінігі және түрлері

1. Нарықтық қатынастар қайта құрудың кұрылымдық барлық аясында жэне экономика салаларында қамтамасыз етуге мүмкіндігі мол сыртқы экономикалық байланыстар жүйесін құруды қарастырады.

Сыртқы экономикалық байланыстар рынокты әр түрлі тауарлар мен қызмет түрлерімен толтыруда үлкен маңызды орын алады. Сондықтан сыртқы экономикалық байланыс отандық экономиканы дамытудағы ынталандыру күші болып табылады. Олар тұрақты жэне өзгерісті капиталдың элементтерін арзаңдатады, бұл өңдірістің шығынын төмендетумен бірге, сондай-ақ экономиканың өсуін де тездетеді. Одан басқа, сыртқы экономикалық байланыс экономиканың құрылымын оңтайлы қалыптастыруға мүмкіңдік берумен бірге, ыңғайлы стратегияны әзірлеп, әрі оны жүзеге асырады, нарыктағы монополияның ықпалын әлсіретеді, басқарым шешімдерін тездетіп, сапаны күшейтеді жэне бәсекелестікті жоғары деңгейде ұстайды.

Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін, сыртқы экономикалық байланыс географиясы айтарлықтай кеңіп жэне олардың бағыты өзгерді. Егер, 80-жылдары Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 90 пайызы бұрынғы одақтық республикаларға келетін болса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 35 пайызға төмендеді. Қазақстан экономикасы жан-жақтағы хальщаралық қатынастарға шынайы тәуелді.

Сырткы рынокқа шығу мемлекеттің сыртқы экономикалық доктринасының қалыптасуын, дамудың үстемдік берілген бағытының белгіленуін, ұлттық экономиканың сыртқы элемдегі сыртқы экономикалык байланыстардың нақты орнатылуын талап етеді.

Бүгінгі күн жағдайында, әлемдік рынокта жеке кәсіпорындар емес, туыстас қоғамдастықтар мен түйіндес салалар өмір сүріп отырғанда, Қазақстан экономикасында кластерлерді қалыптастыру үшін мақсатты бағытталған саясат жүргізу қажет. Бұл кәсіпорындар мен ұйымдар сыртқы сауда операциясын жүзеге асыру кезінде біраз шектеулерге кездесуінен болып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорындар сыртқы рынокта өз беттерінше жұмыс істеуге әзір емес.

2003 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 14,2 млрд долл. құрап, 20 пайызға өсті. Экспорт көлемі импорт көлемінен 1,5 есе асып, көбейді. Оның құрылымын 65 пайыз минералды өнімдер. 21 пайызды металдар құрайды. 2004 жылы сәуір айында қабылданған «Сауда кызметін реттеу туралы» Заң сыртқы сауда төңірегіндегі жалпы әлемдік стандартқа тұтастай бағытталған. Ол Заң барлық мүмкін айырбас заттарын тек мемлекет ішіндегі аймақтармен ғана емес, барлық мемлекеттер арасындағы сауда қарым-қатынастарын да қарастырады. Бүгінде Қазақстанға шетелден көп жағдайда физикалық және моральдық жағынан тозған технологиялар әкелінуде. Әрекет етуші зандылыктармен инновациялық қызметтің осы саласы реттелмейді.

Сыртқы сауда мемлекетінің экономикалық деңгейі мен саяси дамуының маңызды индикаторы (көрсеткіші) өндірістің көрсеткіштерін өз көрсеткіштерімен басып озу бойынша әлемдік сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі нысандарының бірі болып табылады. Республика бэрінен бұрын экспорт-импорт (сыртқа шығару-сырттан әкелу) квоталауды (ұлестеу) ауыстырып, сыртқы сауданың ырықтандырылуы үшін маңызды қадам жасайды. Экспорт пен импортқа тыйым салу тек лиңензиялауға байланысты өте шектелген номенклатуралы (тізімдемелі) ерекше тауарларға ғана сақталған.

Сыртқы сауда өзара шарттарын тіркеу талабы күшін жойған. Импортгьщ тарифтік мөлшерлемесінің шегерім ақысы 5-12 пайыз көлемінде белгіленген, экспортқа кедендік салық күшін жойған, азық-түлік бағыттағы тауарлардың импортына кейбір жеңілдіктер белгіленген. Сырттан әкелудің кейбірі шетел инвестициясының есебінен жүзеге асады. Сыртқа шығарьшатындардьщ ішінде шикізат тауарлары, ал сырттан әкелінетіндердің ішінде түтынушыльщ тауарлар басымдыққа ие.

Бүтінгі күні республикада еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудегі тиімсіз жүйе жұмыс істеуде. Егер 80-жылдары сыртқы саудада ішкі жалпы өнімнің айналымы тез төмен түссе, соңғы жылдары Қазақстанның әлемдік саудадағы үлесі өсе түсті. 2004 жылы республиканың сыртқы саудадағы айналымы 14,2 млрд долларды құрады. Бүл еліміздің экономикадағы ашыктығын көрсетеді. Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар: - Швейцария — 17,4; Ресей Федерапиясы — 15,4; Қытай — 12,1; Италия - 11,4; Франция - 7,3; Иран — 4,3 пайыз. Негізгі шеттен жеткізілетін өнімдер: Ресей Федерациясы - жалпы импорт көлемінің 38,8 пайызын құраса, Германия — 8,5, Кытай - 6; Украина — 5,9, АҚШ - 5 , Жапония — 3,2 пайыздарды құрайды. Бұл Қазақстан экономикасының сыртқы саудаға тәуелді қиын жағдайын көрсетеді. Әлемнің барлық елдері жалпы нарық заңымен дамиды, бұл халықаралық қатынастардағы экономикалык сипаттың басымдылығымен байланыстырады. Тұтыну кұрылымы ұдайы күрделеніп, ресурстардың қашықтығы мен жеткіліксіздігі әрдайым айырбас мүмкіндігін талап етеді.

Сыртқы сауданың қажеттігі, ол отандық экономиканы дамытудың ынталандыру құралы болғандықтан, үкімет соңғы жылдары сыртқы сауданы дамытуды ынталандыру үшін бірнеше шаралар қабылдады:

  • сыртқы сауда қызметін басқаруда өзара шарт жүйесін енгізді;

  • үлттық экономикада шетел капиталын белсенді пайдалану;

  • еркін экономикалық аймақтың әр түрлі нысандарын қүру;

  • 1999 жылдан АҚШ долларымен ұлттық валютаның ара қатынасын бірыңғай реттеу енгізілді.

Сыртқы экономикалық байланыстарды тиімді ұйымдастыру мен олардың механизмдерінің басқарылуы көптеген жағдайда байланыстардың жіктелуімен анықталады.

Сыртқы экономикалық байланыстардың екі ондыққа жуық әр түрлі нысандары бар: олар - сырткы сауда, халықаралық кредит, лизинг, заем, инжиниринг, маркетинг, жұмыс қолының көші-қоны, өңдірістің өзаралық кооперациясы, ғылым саласындағы айырбас, техникалар мен білім, валюталық-кредиттік карым-қатынас, еркін экономикалық аймақ құру, капиталды шығару, біріккен кәсіпкершілік және т.б.

Сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі нысаны болып, сыртқы (халықаралық) сауда болып табылады. Мұндай жағдайда еңбекті халықаралық бөлісу мен мамандандырудың мақсатқа сәйкестігі және басымдығы айқын болады. Сыртқы сауда Қазақстан үшін өте маңызды, яғни, амалсыз қажеттіліктің қарым қатысынан туындаған өндірістік және халықтық тұтынушылар үшін импорттық тауар сатып алуды мұнай, астық, сирек металдар мен алюминийді экспортқа шығару есебінен 50 пайызға өсірген. 2000 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы саудадағы ішкі жалпы өнімінің айналымдағы үлесі қомақты өскенімен, элемдік саудадағы үлесі өте төмен, ол жалпы пайыздың жүздеген бөлшегіне тең.

Соңғы жылдардағы ІЖӨ-нің сыртқы саудадағы айналымының жоғары үлесі Қазақстан экономикасының ашықтығын көрсетеді. Экспорт пен импорттың тарифтеріне жеңілдікті қамтамасыз ететін сыртқы саудадағы шектеуді әлсірететін бірнеше заңдық қүжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасьшың сыртқы экономикалық байланыстарьында Азия елдерімен сауда ынтымақтастығы негізгі бағыттардың бірі (10-кесте).

Қазақстанның экспорты мен импортының тауар айналымында Қытай, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония ең көп үлес алады. Бірақ Азия елдерімен сыртқы сауданың дамуыңда Республиканың барлық мүмкіндіктері іске қосылмаған. Қазақстан мен Қытай арасында екі ара қарым-қатынасын реттейтін 30-дан астам халықаралық келісімдерге қол қойылған. Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы экономикалық байланыс күшейе түсуде.

Халықаралық сауда саласында негізгі саясаттың 2 түрі бар:

1. Халықаралық сауда саясаты

2. Сыртқы сауда саясаты

Халықаралық сауда саясаты – хал-қ сауда саласында жалпылама қабылданған саясат.

Сыртқы сауда саясаты – атауымен мемлекеттік басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс әрекетін түсіндіреді.

Сонымен қатар сыртқы сауда саясатының негізгі 2 бағыты бар:

1. Еркін сауда саясаты

2. Протекционизм

Еркін с.с-ты – таза күйінде мем-ң сыртқы саудаға тікелей арал-ң бас тартып нарыққа негізгі реттеуші ролін жіктелуін білдіреді.

Протекционизм – отандық эк-ң шетелдік бәсекеден қорғауға бағытталған саясат.

Кедендік тариф – баж салықтардың қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп – мемлекеттік шекараны өту кезінде тауар-ң импорты мен экспортына салынатын салығы түсіндіріледі.

Кедендік тарифтердің түрлері:

  • тауар қозғ-ң бағыты б-ша:

• импорттық

• экспорттық

• транзиттік

Импорттық көп кездеседі.

  • баж салығын орнату әдісі б-ша:

• агбалорлы

• спецификалық (арнайы)

• құрама

Агбалорлық баж салықтар – тауар бағасына б-ты Фалес мөлшерімен орнатылады.

Спецификалық (арнайы) баж салығы - өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады.

Құрама – 2 әдіспен аралас.

  • баж салықтаының іс-әрекет бағыты б-ша:

• референциалды

• дискреминациялық

Референциалды – бір елде немесе қандай да бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды деңгейден төмен қойылады.

Дискреминациялық – қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып оған тиімсіз жағд-ды орнатуға бағытталады.

Тарифті саясатты қолдану тиімділігі туралы көптеген көзқарастар бар. Экономикалық саясаттың құрамы ретінде тарифті қолд-ң қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтірілген:

1) тарифтер экономикалық өсуді тежейді

2) тариф тұтыну-ға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады

3) импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұсқан келтіреді

4) тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейін қысқарылуына әкеледі

5) тарифтерді біржақты енгізу көп жағд-да «сауда соғыстарына» әкеледі. Ал тарифтерді жақтауға мынадай жағымды жақтарды келтіреді:

1) тариф жас саларды қорғайды

2) тариф жергілікті өнд-ң ынталандыру құралы

3) тариф бюжеттік түсімдердің маңызды көзі

4) тариф ұлттық қауіпсіздігі, елдің халықаралық беделін қорғайды.

2. Тарифтк емес:

1) белгілі бір отандық өнд-с салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары:

- квоталар

- лицензиялар

- импорттық депозиттер

- демпингке қарсы баж салықтары

2) тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталған бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілік шаралар:

- кедендік құжаттарды дайындау

- техн-қ және санитарлық стандарттар мен нормалар

- тауарларды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар

3) сыртқы саудаы шектеуге тікелей бағытталмаған, бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:

- халықаралық келісім шарт арқылы

Тарифтік емес реттеу экономикалық опер-ға ұлттық нар-ты қорғауда қолд-ды. Қазіргі уақытта халықаралық мойындалған классификация б-ша тарифтік емес реттеудің нақты 800 түрінкөрсетеді. Оны кең тараған 8 түрін:

• тарифтік шаралар (импорттық кедендік тарифтер)

• паратарифтік шаралар (баж салықтары, кедендік жиындар, ішкі салықтар, импорттық тауарларды енгізу кезінде алын-н төлемдер)

• бағаларға бақылау жасау шаралары (демпингке қарсы импорттық ұйымдар)

• қаржылық шаралар

• валюталық операц-ды жүргізу ережелері

• автоматтық лицензиялау (тауарларды шеттен әкелу мен шетке шығаруға арналған құжаттар)

• мөлшерлік бақылау шаралары (квоталар)

• монополиялық шаралар

• техникалық шаралар (стандарттар, сапа нормасы, қауіпсіздік нормасы)

Тарифтік емес шаралар 2 үлкен топқа бөлінеді: * экономикалық

* әкімшілік

Экономикалық тарифтік емес реттеулер нарық механизмі арқылы жүзеге асады.Экспорттық және импорттық тауарларды қымбаттату арқылы. Баж салығының ерекше түрлері, әртүрлі алымдар, импорттық депозиттер, валюталық реттеу шаралары. Экономикалық тарифтік емес реттеу нарыққа қолд-н жағд-да соңғы сөз тұтынушыда болады. Ол шетелдік қымбат немесе отандық тауарды арзан бағамен сатып алу туралы шешімді қабл-ды.

Әкімшілік тарифтік емес реттеулер – нарықтық қат-ң басқа шетелдік тауар-ң әкелуін, отандық тауарлардың сыртқа шығарылуын шектейді. Эшварто, лицензиялау, квоталау арқылы экспортты шектеу, монополиялық шаралар әртүрлі қосымша кедендік шаралар мен процедуралар.

Мем-т әкімшілік шар-ды қолдау арқылы ішкі нарықтағы тауар құр-н анықтайды. Сонымен қатар импорттық және отандық тауарлардың жетіспеушілігін қорғайды. Осы жағд-ды тұтынушы өзіндік таңдау мүмкіндігімен анықталады