Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГРЭ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
652.29 Кб
Скачать

ПОӘК 042-5.1.04/02-2012

Баспа №1 21.11.2012

94 бет 94-нен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

МСЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘК

ПОӘК 042-5.1.04/02-2012

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен

Баспа №2

21.11.2012 жыл

«Экономиканы мемлекеттік реттеу »

пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2012

МАЗМҰНЫ

1.Глоссарий

2.Дәрістер

3. Тәжірибелік-лабораториялық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмысы

1.Глоссарий

Акциз – тауардың бағасына енгізілген және сатып алушы төлейтін жалпы мемлекеттік жанама салық.

Ақша – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама ролін атқаратын ,кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.

Ақша-несие саясаты – экономиканың тұрақты дамуын ақша айналымы мен несие нарығын реттеу арқылы қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы.

«Арзан ақша» саясаты – айналымдағы ақша массасын арттыру саясаты.

Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік қатынастарды, тауар өндірушілер қатынасын білдіреді.

Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.

Бағалы қағаздар- иеленушісіне мүліктік құқық және дивиденд ,процент түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар.

Бәсеке – тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық , тауарларды өндіру мен ткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда табу.

Бюджет - мемлекеттің(қаланың ,ауданның,мекеменің ), отбасының немесе жеке адамдардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі.

Брокер – бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.

Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.

Валюта - белгілі бір елдің заңмен белгіленген ақша өлшемі (АҚШ-та - доллар, Қазақстанда - теңге)

Венчурлық фирма – «тәуекел» технологияны өндіріске енгізу үшін қрылатын «тәуекел» кәсіпорны. «Тәуекел» технологияға біршама тәуекелге баруға тура келетін өнертапқыштар, пайдалы үлгілер т.б. жаңалықтар жатады.

Дәстүрлі экономика – сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер

Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.

Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.

Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.

Депозит – банкте сақталатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың салымдары

Дефляция - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы ақша айналымын тұрақтандыру әдісі.

Жекешелендіру - мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

Жалақы – қызметкерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай немесе заттай нысанындағы төлемдерінің жиынтығы. Түрлері: атаулы жалақы – қызметкерлер белгілі бір кезеңде алатын төлемдерінің абсолюттік сомасы; Нақты ж. – атаулы емес жалақының осы деңгейде алынуы мүмкін қызметтің саны, ең төмен деңгейдегі жалақы – кәсіпорындарда жалақыны есептеу мен жоспарлау кезінде негізгі және қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.

Жер кадастры – белгілі бір жерде алынатын салықты, төлемді есептеу үшін сол жердің сапасын, құндылығы мен тиімділігін анықтау әдісі. Жер бағасы кадастр арқылы белгіленеді.

Импорт – тауарларды , капиталдарды бағалы қағаздарды көрсетілетін қызметтерді жұмыс күшін басқа да материалдық құндылықтарды елдің ішкі рыногін өткізу үшін шетелден әкелу.

Инвестор – инвестициялық жобаларға меншікті қаражатымен қарыз қаражатын салушы бағалы қағаздарды өз атына және өз есебінен сатып алушы заңды және жеке тұлға.

Инфляция – айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, валютаның сатып алу жарамдылығының құлдырауы.

Капитал - тауар өндiру мен қызметтер көрсетуге пайдалану үшiн жасалынған ресурстар.

«Қымбат ақша» саясаты – елдегі ақша массасының өсуін қысқарту немесе шектеу.

Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.

Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату – сатып алу әрекеттері жүретін мекеме.

Құнсыздану - бағалар деңгейінің өсуі әсерінен ақшаның құнсыздану процесі.

Саяси іскерлік цикл – заң шығарушы биліктің сайлау науқаны кезінде салықтарды азайту және мемлекеттік шығындарды арттыру арқылы, ал сайлаудан кейін салықтарды жоғарылату және мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы экономиканы тұрақсыздандыруға деген бейімділігі.

Табыс саясаты – үкіметтің номиналды жеке табыстарға және тауарлар мен қызметтердің бағаларына, сол арқылы жеке нақты табыстарға әсер саясаты.

Өнеркәсіптік саясат – экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында өнеркәсіпті ұйымдастыру мен оның құрылымын қалыптастыруд үшін үкіметтің тікелей қатысуымен жасалатын саясат.

Өсіп келе жатқан экономика – жеке ішкі инвестициялар нөлге тең болатын (яғни жеке ішкі инвестициялардың жалпы көлемі амортизациялық төлемдердің жиынтығынан артық) экономика.

Фискалдық саясат – үкіметтік органдардың мемлекеттік шығындарды және салық салуды өзгерту бойынша қабылдайтын шаралары.

Экономикалық (іскерлік) цикл – бірнеше жыл аралығында экономикалық белсенділік деңгейінің өсуі мен құлдырауы.

Экономиканы мемлекеттік реттеу- макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын қызметі

Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.