
қАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫ бІЛІМ ЖӘНЕ ғЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Ұлттық құқық жоғары мектебі
Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы
«Бекітемін»
Ұлттық құқық жоғары
мектебінің директоры
з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш.
_______________
«____»______ 2013 ж.
Пәннің оқу бағдарламасы
(syllabus)
Пән: UPPBOPK 3308 «Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері»
Мамандық: 5В030300 – Құқыққорғау қызметі
Оқу нысаны: күндізгі
Кредит саны: 2
Курс: 3
Семестр: 6
Дәріс: 20 сағат Семинар: 10 сағат СОӨЖ: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат
Емтихан: 6-семестр
Ағымдағы бақылау саны: 2
Жалпы сағат көлемі: 90 сағат
Астана – 2012 ж.
Пәннің оқу бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес з.ғ.к, доцент А.Ә. Биебаева дайындады.
ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында талқыланды:
«____»___________ 2012 жыл Хаттама №____
Кафедра меңгерушісі: з.ғ.к. Серікбаев А.М.______________
Ұлттық құқық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды:
«____»___________ 2011 жыл Хаттама №____
Төрағасы: з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш._________________
Курс оқытушысы туралы мәліметтер:
Биебаева Ардақ Әлімханқызы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі, 1999 жылы аталған университеттің күндізгі аспирантурасын тамамдаған.
Оқытушының ғылыми ізденістері: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар; жаза тағайындау және жазаға балама қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мәселелері.
Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 44, олардың 4 – оқу құралдары.
Тіл меңгеру деңгейі: казақ (ана тілі), орыс (еркін), неміс (сөздікпен), түрік (ауызекі тіл).
Кафедра туралы мәліметтер: «Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология» кафедрасы, 216 каб., тел.70-30-23
Пререквизиттер: Пәнді игеру үшін студенттердің Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) және Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім), криминология пәндерінен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы мен тарихы пәндерінен алған білімдері қажет.
Постреквизиттер: Студенттердің «Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері» пәнін оқу нәтижесінде алған білімдері «Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша оқытылатын өзге де қылмыстық-құқықтық пәндерді меңгеру үшін қажет болады.
Пәннің сипаттамасы: «Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері» курсы қылмыстық-құқықтық пәндер циклына кіретін элективтік пән болып табылады. «Құқыққорғау қызметі» мамандығында бұл оқу пәнінің енгізілуі қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандарымен және ұйымдасқан қылмыстылықтың қауіпті көрінісі болып табылатын сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығымен түсіндіріледі. Пән аясында ұйымдасқан және сыбайлас жемқорлық қылмыстылықтың түсінігі, құрылымы, сандық-сапалық көрсеткіштері қарастырылады, ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызы, оның тиімділігін арттырудың жолдары талданады, ұйымдасқан және сыбайлас жемқорлық қылмыстылықпен күрестің шетелдік және отандық тәжірибесіне баға беріледі.
Пәннің мақсаты: студенттерге терең теориялық білім беріп, соның негізінде құқыққорғау және сот органдарына жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: ұйымдасқан және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрестің қылмыстық-құқықтық шаралары туралы жүйелі теориялық білімдер алу; қолданыстағы қылмыстық заңнаманы еркін меңгеру, сот-тергеу тәжірибесінен хабардар болу; ұйымдасқан және сыбайлас жемқорлық қылмыстылықпен күрестің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру.
«Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері»
пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№ |
ТАҚЫРЫП
|
Сағат саны |
|||
дәріс |
семинар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
||
|
Қылмысқа қатысуды құқықтық реттеудің жалпы мәселелері |
1 |
|
1 |
3 |
|
Қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандары үшін қылмыстық жауаптылық |
2 |
1 |
2 |
4 |
|
Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы |
2 |
1 |
1 |
4 |
|
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес мәселелері |
2 |
1 |
1 |
3 |
|
Ұйымдасқан қылмыстылықтың жекелеген көріністері және олардың алдын алу |
2 |
1 |
2 |
3 |
|
Сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар |
2
|
1 |
1 |
4 |
|
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектілері |
2 |
1 |
1 |
4 |
|
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар |
3 |
2 |
1 |
5 |
|
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өзге түрлері |
1 |
1 |
1 |
6 |
|
Сыбайлас жемқорлық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы |
2 |
1 |
2 |
5 |
|
Сыбайлас жемқорлық қылмыстылықпен күрестің халықаралық және шетелдік тәжірибесі |
1 |
|
2 |
4 |
БАРЛЫҒЫ: |
20 |
10 |
15 |
45 |