
- •М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
- •Босану тарихы
- •Жалпы объективті тексеру.
- •Мүшелеп қарау.
- •7. Михаэлис ромбасы – 11 см
- •Іштің өлшемі және пальпациясы
- •Босанудың болжам мерзімі
- •1.Нәресте бағыты (positio).
- •2.Нәрестенің басымен орнығуы.
- •Жүрек тондарының аускультациясы.
- •Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу.
- •Босанудың II кезеңін жүргізу
- •Жатыр мойнын тексеруге негізгі көрсеткіштер:
- •Босанушының босану ағымы
- •Жаңа туған нәретені біріншілік өңдеу
- •Нәресте туралы мәлімет
- •Бірінші тәуліктегі жаңа туылған нәресте жағдайы
Жатыр мойнын тексеруге негізгі көрсеткіштер:
Қан кету
Инструментальды босану
Шұғыл босану
Босану жолдарының жарақаттануы кезінде арнайы құралдар арқылы тігіледі. Кейбір жағдайларда босану жолдары жарақаттану кезінде тігіссіз өзі бітісіп кетеді. Мен курациялаған босанған әйелде жыныс жолдарының асқынуы болды. Аралықтың жыртылысы I дәрежелі. Жыртылысқа тігіс салынып қалпына келтірілді. Ұрық жолдасы қалыпты , өзгеріссіз.
Босанушының босану ағымы
I-кезең
09:00 Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80мм.с.б.
Пульс минутына 80рет, ритмді. Қынаптық тексеруде жатыр мойны 4 см ашылған. Толғақ 10 минутта 3рет.
10:55 Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм.с.б.. Пульс минутына 78 рет. Толғақ 10 минутта 5 рет. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты. Қынаптық зерттеуде жатыр мойны 7 см ашылған. Күшену басталды
11:05 Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм.с.б.. Пульс минутына 78 рет. Толғақ 10 минутта 5рет. 50-55 сек. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты. Қынаптық зерттеуде жатыр мойны 7 см ашылған. Күшену жалғасуда.
II-кезең
11:15 Мерзімінде босану болды. Тірі қыз жынысты нәресте басымен келіп туылды. Айқайы орташа, бұлшықет тонусы жақсы сақталған, терісі ақшыл қызғылт. Кіндік шеңбері қасаға мен сесмер тәрізді өскіннің аралығында орналасқан. Туылысымен анасының кеудесіне жатқызылды.
АПГАР шкаласы бойынша 8/9
III-кезең
11:15 Бұлшықетке окситоцин 10 Б енгізілді. 5 минуттан кейін активті түрде жатырға контур қысым жасалды . Кіндік баудан тарта отырып бала жолдасы 3 тракциядан кейін туылды. Бала жолдасының бөліктері түгел және қағанақ қабы бүтін. Боссану жолдарын стерильді салфеткамен сүртілді. Жыртылысқа тігіс салынып, қалпына келтірілді. Жалпы қан шығыны 150мл.
Мен курациялаған босанушы әйелде босану кезеңдерінің жоспары төмендегідей:
Нәресте жынысы- қыз
Бойы- 52 см
Салмағы-2790г
Бас шеңбері-33 см
Кеуде шеңбері-34 см
Жетілген,тірі
АПГАР шкаласы бойынша 8/9
Жалпы жоғалтқан қан көлемі -150мл
Жаңа туған нәретені біріншілік өңдеу
Алғашқы екі сағатта нәресте «теріге тері» әдісімен анасының үстіне жатқызылады. Өңдеу босануды жүргізген акушер немесе балалар медбикесімен бірге жүргізіледі. Босанудан кейінгі нәрестені электронды термометрмен ден температурасын 30 минут ішінде өлшейміз. (t-36.0-37.5ºC). Туылғаннан кейін бір сағат ішінде профилактика ретінде нәресте көзіне 1% тетрациклин немесе эритромициндік мазь жағамыз. Кіндік шеңберінен 0.3 см аралықта Роговин қысқышын кигіземіз, стерильді кіндік шеңберінің қалдығын 0.3-0.5см жоғары бөлігінен кесеміз. Қатты қысып орауға болмайды. Нәресте салмағын және бой ұзындығын өлшеу барлық ережелерді сақтап екі сағаттан кейін жүргізіледі. Нәрестені туылғаннан кейін неонатолог қарайды. 2 сағаттан кейін нәресте жағдайы жақсы болса , нәрестені анасымен бірге босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырады.
Мен курациялаған әйелдің нәрестесі екі сағат бойы «теріге тері» әдісі бойынша анасының үстіне жатқызылды. Нәресте дене температурасы 36.8ºС болды, көзіне 1% тетрациклин жағылды, кіндік шеңберіне Роговин қысқышы салынды.
Нәресте анасымен бірге екі сағаттан соң босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырылды.