
- •М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
- •Босану тарихы
- •Жалпы объективті тексеру.
- •Мүшелеп қарау.
- •7. Михаэлис ромбасы – 11 см
- •Іштің өлшемі және пальпациясы
- •Босанудың болжам мерзімі
- •1.Нәресте бағыты (positio).
- •2.Нәрестенің басымен орнығуы.
- •Жүрек тондарының аускультациясы.
- •Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу.
- •Босанудың II кезеңін жүргізу
- •Жатыр мойнын тексеруге негізгі көрсеткіштер:
- •Босанушының босану ағымы
- •Жаңа туған нәретені біріншілік өңдеу
- •Нәресте туралы мәлімет
- •Бірінші тәуліктегі жаңа туылған нәресте жағдайы
Босанудың II кезеңін жүргізу
Әр күшенуден кейін АҚҚ, пульсін, жалпы жағдайын қарап бақылап отырамыз. Босанушының жалпы жағдайы қанағаттанарлық, пульсі 75рет минутына, АҚҚ 120/70 мм.с.б.
Әр күшенуден соң ұрықтың жүрек соғысын тыңдаймыз. Мен курациялаған босанушы әйелде ұрықтың жүрек соғысы 145рет минутына.
Ұрықтың басының қозғалысын Леопольд –Левицкийдің IV тәсілімен бақылаймыз, қынап арқылы зерттейміз.
Босану механизмдері:
Шүйдесімен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі.
3 негізгі және 3 қосымша кезеңнен тұрады.
1 негізгі - ұрық басының кіші жамбас кіреберісіне қондырылуы,
Қосымшасы – басының сәл бүгілуі.
2 негізгі – ұрық басының кіші жамбас қуысына енуі,
Қосымшасы – басының ішкі бұрылысы.
Ұрық басы сагитталды жігімен кіші жамбас кіреберісінің бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады. Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы сәл бүгіледі, сол уақытта кіші еңбек жамбастың өткізгіш сызығына жақындап, өткізгіш нүкте болады.
Толғақ пен күшенудің әсерінен ұрық басы кіші жамбасқа еніп, бір уақытта ішкі бұрылыс жасайды: беті сегізкөзге, шүйдесі шатқа қарайды. Бұрылыс жамбас түбінде аяқталып, сагитталды жік жамбас шығаберісінің тік өлшеміне сәйкес келеді.
Толғақ пен күшенудің әсерінен әуелі жыныс жолдарынан кіші еңбегі туылады, ұрықтың шүйде асты ойығы қасаға астына келіп тірелгенде, бірінші айналым нүктесі пайда болады. Ұрық басы сол айналу нүктесінде шалқайып, беті толық туылады. Бұл мезгілде ұрықтың иықтары жамбас түбіне түсіп, ішкі бұрылысын аяқтайды, жамбас шыға берісінің тік өлшеміне сәйкес орналасады.
Иықтарының ішкі бұрылысы әсерінен басы сыртқы бұрылыс жасайды, бетімен позицияға қарама қарсы, анасының санына қарай. Алдыңғы иығы қасаға астына келіп тірелгенде екінші айналым нүктесі пайда болады. Осы нүктеде денесі бүгіліп, артқы иығы туылады, әрі қарай денесі кедергісіз туылады.
Жарып шығу жазықтығы кіші қиғаш өлшем – 9,5 см, айналымы -32 см.
Кіші жамбас қуысынан ұрықтың басы өткенде орналасу физиологиялық ұрық басы жыныс қуысынан көрінгеннен бастап, акушерия көмегіне дайындайды. Біріншіден, анаға түсініктеме береді- акушерия көмегі кезінде дұрыс терең тыныс алуын сұраймыз. Акушерия көмегін ұрық басы жыныс қуысынан «кесіп-жарып» өткенде асқынуларды алдын алу үшін акушерия көмегі көрсетіледі. Ұрық басымен жатқанда көрсетілетін бірнеше қол әрекеттерінен тұрады.
I-тәсіл. Ұрық басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қадағалау. Ол үшін акушер сол қолын шат үстіне және жыныс қуысынан «кесіп-жарып» шығып келе жатқан жамбас үстіне қойып, жайлап бастың мезгілінен бұрын шалқаймауына және босану жолдарынан тез жылжымауына кедергі жасайды.
II-тәсіл. Аралық ұлпасына түсетін күшті азайту. Ол үшін оң қолды алақан жағымен аралыққа қойып, төрт саусақпен сол үлкен саусақты оң жыныс ернеуіне тірейді. Бармақ ұштарымен үлкен жыныс ернеуінің жұмсақ ұлпаларын босаңқырап, төмен түсіреді, бір мезгілде оң қол алақанымен аралық ұлпасын басып оны қорғайды, сойтіп оған түскен күшті азайтады.
III-тәсіл. Әйелдің күшену күшін реттейді. Бас төбе бұдырмақтарымен сыртқы жыныс ернеуіне тірелгенде, аралықтың жыртылу қаупі артады. Күшену күшін реттеу үшін , шүйде шұңқыры симфиздің төменгі жиегіне тірелгенде әйел күшенуін тоқтатып, терең және жиі тыныс алу керек. Акушер әйелдің күшені біткенше, қолдарымен бастың жылжуын ұстап, біртіндеп оң қолдың саусақтарымен жыныс ернеуін созып, сол қолмен басты жоғары көтеріп шығарып алады.
IV-тәсіл. Нәресте шығып, оны тудырып алады. Ұрық басы туылғаннан кейін, иық іштей, бас сырттай бұрылады. Әйел күшенгенде , бас бетімен позицияға қарама –қарсы ананың оң және сол санына бұрылады. Иық іштей бұрылыс жасап, жамбастың шыға беріс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдымен алдыңғы, содан кейін артқы иығы шығады. Ол үшін акушер нәрестенің басын екі қолымен ұстап, алдыңғы иығы босап шыққанша , оны жәймен төмен тартады, содан кейін оң қолын аралыққа қойып , сол қолымен басты жоғары көтеріп , артқы иықты босатып алады. Иық белдеуі шыққан соң сол қолдың астына екі қолдың сұқ саусақтарын енгізіп, оны жоғары көтеріп нәрестені тудырып алып анасының ішіне жатқызамыз.
Босанудың III кезеңі
Нәресте туылғаннан кейін активті түрде босанудың III кезеңі басталады.
Нәресте туылғаннан кейін әйелдің ішіне екінші ұрық бар жоқтығын анықтау үшін пальпация жасалынады. Екінші ұрық жоқ болған жағдайда әйелдің санына 10 Б окситоцин енгізеді.
Кіндік бауын бақылау қажет, кіндік бауын спиртпен өңдеп, қысқаштың біріншісін кіндік сақинасынан 10 см , екіншісін одан 2 см қашықтықта орналастырып, олардың арасын қайталап спиртпен өңдеп, стерильді қайшымен кіндік бауын кеседі.
Нәресте туылғаннан кейін баланың жағдайын бағалайды. Егер нәресте жағдайы жақсы болса, нәресте денесін құрғақ, жылы жаялықпен сүртіп, орау қажет.Анасының кеудесіне жатқызамыз, нәрестені таза және жылы бас киім, шұлық кигіземіз және таза жаялықпен, одеяломен ораймыз.
Дәрігер үшінші кезеңді өте ұқыптылықпен жүргізеді. Әйелдің кіші дәретін арнайы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.
Шредер белгісі - жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұсында орналасады, плацента бөлінген кезде, ол кіндіктен жоғары көтеріліп, оңға қисаяды.
Довженко белгісі – әйел терең тыныс алған кезде бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмаса, оның жатыр қабырғасынан бөлінген белгісі.
Чукалов – Кюстнер белгісі бойынша, алақан қырымен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқанда, егер плацента жатыр қабырғасынан бөлінсе, бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмайды.
Альфелда белгісі – плацента бөлінген кезде, кіндік бауға салған лигатура 8-10 см төмен түседі. Плацента жатыр қабырғасынан бөлінгеннен кейін, әйелді күшендіріп, бала жолдасын тудырып алады.
Егер бала жолдасы өздігінен түспесе, онда мына тәсілдерді қолданады:
Жатырды сипалап, уқалап, содан кейін екі қолмен құрсақ еттерін ұзыннан бүктеп көтеріп, әйелді күшендіреді. Әдетте, жатыр қабырғасынан бөлінген бала жолдасы тез арада түседі(Абдуладзе тәсілі)
Дәрігер жатырды уқалап, оның деңгейін ортасына келтіріп, босанған әйелдің сол жағынан тұрып, оң қолдың бас бармағын жатырдың алдыңғы қабырғасына, төрт саусақты артқы қабырғасына, алақанды жатыр түбіне орналастырып, содан кейін жатыр түбін алға, төмен басып бала жолдасын тудырады(Креде Лазаревич тәсілі)
Дәрігер бала жолдасының бөліктері мен қағанақ қабықшаларын түгелдеуі қажет. Егер жатыр қуысында бала жолдасының бөліктері қалса, онда жатыр қуысын қолмен тексереді, босану жолдарын арнайы қынаптық айнамен қарап, жарақаттанған жерлерге жіп салады.
Үшінші кезеңде әйелді тасымалдауға болмайды.