Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
босану тарихы аймаа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.49 Кб
Скачать

Жүрек тондарының аускультациясы.

Ұрықтың жүрек тондарының аускультациясын жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жургізеді. Журук тондарын тыңдау үшін арнайы акушерлік стетоскоппен анықтаймыз. Ұрықтың жүрек тонын жүктіліктің 18 – 20 аптасында тыңдай аламыз. Тоннның айқын шығуы дыбыс өткізілуіне байланысты. Семіәз әйелдерде немесе қағанақ суының көп болған жағдайда джа жүрек тоны тынық естілмейді. Жүрек соғысын тыңдау ұрықтың төмен түсуі, түріне, позициясына, орналапсуына байланысты.

Ұрықтың 1 позициясында жүрек соғысы сол жақта естіледі, 2 позицияда орналасса оң жақта жүрек соғысы жақсы естіледі. Баспен келе жатқан ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен анық естіледі. Егер ұрықтың жүрек соғысы қайта қалпына келмксе, яғни талақ арасында, онда бұл ұрықтың асфиксия болғанын көрсетеді. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 30 секунд бойы тыңдаймыз, ал егерде аритмия тондары дыбыс өзгерістерін анықтау үшін 1 минут тыңдаймыз. Егер әйел адам терең тыныс алғанда, пульс жайланады, ал ұрықта жиілігі өзгермейді. Жүкті әйелдің немесе босанушының ішіне аускультация жасағанда кейде кіндік тамырларында шу естіледі. Жүктіліктің 2 ағымында немесе босану кезінде жатыр тамырлары кеңейіп, кіндік тамырларында шу, жатырлық шулар анықталады. Оның жиілігі анасының пульс жиілігімен сәйкес келеді. ол көбінесе плацента орналасқан жерде анықталады. Мен сұрастырған босанушы әйелде ұрығының жүрек соғысы ритмді 143 минутына.

Ұрықтың әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анықтау.

1 – алдыңғы, 1 позиция баспен.

2 – артқы, 1 позиция баспен.

3 – алдыңғы, 2 позиция баспен.

4 – артқы, 2 позиция баспен.

5 – алдыңғы, 1 позиция жамбаспен.

6 – артқы, 2 позиция жамбаспен.

7 – алдыңғы, 2 позиция жамбаспен.

8 – артқы, 2 позиция жамбаспен.

Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу.

  • Айна көмегімен зерттеу.

Жатыр мойнының цианозын және қынаптың кілегейлі қабатын, жатыр мойнының ауруларын анықтап зерттеуге көмектеседі.Кусно немесе қасық тәрізді айнаны қолдануға болады. Кусно айнасын жабылған күйінде қынапқа енгіземіз, кейін айнаны алып жатыр мойнын ұарауға мүмкіндік аламыз. Қынапты және жатыр мойнын қарауға қасық тәрізді айнаны қолданамыз. Алдымен артқы айнаны кіргіземіз, оны қынаптың артқы қабырғасына орналастырамыз. Одан кейін оған параллель алдыңғы айнаны кіргіземіз, онымен алдыңғы қабырғасын қараймыз.жатыр мойнын және қабырғасын қарап болғаннан кейін, айнаны алып қынаптың өзін зерттейміз.

  • Қынаптық зерттеу

Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші және үшінші саусақтарыды қынапқа енгізе отырып , төртінші жіне бесінші саусақтарды бүгеді. Бірінші саусақты жоғары көтереді. Бұл зерттеуде жатыр түбі бұлшықеттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері ( созылу, тегістігі,т.б), қынап күмбезі, жатыр мойны (ұзындығы, пішіні, т.б) және жатыр мойнының сыртқы тесігінің ( пішіні, ашық,жабықтығы) анықталады.

Мен курациялаған жүкті әйелде қынап қабырғасының және жатыр мойнын кілегейлі, бөліністері ақшыл.

P.V: жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 көлденен саусақ өткізеді, ұзындығы 2 см. Қағанақ қабы жоқ, ұрық басымен кіші жамбас кіре берісіне келіп тұр. Төменгі сегментке өтуі доғал. Мүйіске қол жетпейді, жамбас сүйегі деформациясыз.

Жалпы қан анализі

  • Hg -111 г/л

  • Тромбоциттер-274,0*109

  • ЭТЖ-33%

Жалпы несеп анализі

  • Түсі- ашық

  • Тұнықтығы- мөлдір

  • Салыстырмалы тығыздығы-1010

  • Белок -0.0666

Диагнозды негіздеу

Түскен кездегі диагноз: жүктіліктің 36 аптасы, уақытынан бұрын босану,толғақ. Ұрық ұзыннан орналасқан, баспен келуі, алдыңғы түрі, I позиция.

Диагнозды негіздеу: Босанушы әйел толғақпен шағымданады. Жүктілік келесі белгілермен нақтыланды:

  • Ішті пальпациялағанда ұрық бөліктері сезілді, басы аяқ-қолдары анықталды.

  • Ұрықтың жүрек соғысы анық естілді; Жүрек тоны ырғақты, пульс жиілігі минутына 142рет

  • Босану ағымын болжау, ол етеккірдің соңғы ағымы бойынша , соңғы етеккірдің келген күнінен үш ай алып тастап, оған он төрт күн қосады.

Мен курациялаған босанушы әйелдің мерзімі –жүктіліктің 36 аптасы. Қынап арқылы зерттегенде ұрық басы жамбас кіреберісінде орналасқан.

Клиникалық диагноз: Жүктіліктің 36 аптасы. Ұрық ұзыннан орналасқан. Басымен келуі. I позиция. Алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі.

Босанушының кезең бойынша босану жоспарын жүргізу

Босану, partus normalis- бұл ұрықтың шығу актісі және бала жолдасы қағанақ суымен бірге босану жолдарынан шығуы.

Босанудың клиникалық ағымын үш кезеңге бөледі:

  • Бірінші кезеңде ретті толғақ басталып, жатыр мойны жайылып, толық ашылады(10-12см). Алғаш босанушыда 6-7 сағат уақытты алады. Жатыр мойнының ашылуы алғаш босанушы мен қайталап босанушы арасында бірдей өтпейді. Алғаш босанушыда ішкі ашылу, тегістелу, сыртқы ашылу болады, қайталап босанушыда бұл процесс бір уақытта болады. Жатыр мойнының ашылуына әсер ететін негізгі механизм- жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы. Контакция – жатыр бұлшықет талшықтарының жиырылуы; ретракция –бұлшықет талшықтарының бір –бірімен жанама жылжуы; дистракция-бұлшықет талшықтарының созылуы. Толық ашылғаннан кейін, қағанақ суы шығады, көлемі-250 мл.

Босануды жүргізу жоспары. Босанудың I кезеңін жүргізу

  1. Босанудың I кезеңінде әйелдің жалпы жағдайын, АҚҚ, пульсін, толғағын, ұрықтың жүрек соғысын бақылау. Мен курациялаған босанушы әйелде тері жамылғысы бозғылт, тамыр соғысы 80рет минутына,АҚҚ 130/80мм.с.б.

  2. Ұрықтың жүрек соғысын 25-30 минут сайын тыңдап отыру керек. Қалыпты жағдайда ұрық жүрек соғысы 120-160 рет минутына, тамыр соғуы 145 рет минутына.

  3. Босану ұзақтығын, толғақ аралығын бақылаймыз. Менің босанушы әйелімде толғақ аралығы 4-5'30 секунд.

  4. Қағанақ суын бақылаймыз және қағанақ суы кеткеннен кейін ұрықтың жүрек соғуын анықтаймыз. Егер жүрек соғысы қалыпты болса, босану ағымын жалғастырамыз. Егер өзгерістер анықталса , қынаптық зерттеу жүргіземіз. Мен курациялаған әйелде қағанақ суы кетуде.

  5. Жыныс мүшелерінен бөлінген бөліністерге мән беру керек. Егер бөлініс пайда болса , қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауына күдік туғызады. Мен курациялаған әйелдің жыныс мүшелерінен бөлініс бөлінген жоқ.

  6. Зәр шығару функциясын және тік ішек жағдайын бақылау қажет. Қуықты екі сағат сайын босату қажет, себебі қуықтың толы босану ағымын төмендетеді.Мен курациялаған босанушы әйелдің қуығы уақытылы босатылды. Тік ішек жағдайы да қанағаттанарлық.

  7. Жатыр мойнының ашылуын қадағалау қажет. Ұрықтың кіші жамбас қуысына түсуін қадағалау және акушерлік зерттеу , толғақ және үзіліс кезіндегі жатыр консистенциясын зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]