Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
босану тарихы аймаа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.49 Кб
Скачать

Босанудың болжам мерзімі

Қалыпты физиологиялық жағдайда жүктіліктің орташа ұзақтығы: 280 күн (40 апта), яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен , немесе 266 күн овуляциядан бастап, 28 күндік цикл аралығы.

Босанудың болжам мерзімін анықтау үшін соңғы келген етеккірдің алғашқы күнінен үш айды шегеріп он төрт күн қосамыз.

Менің курациялаған әйелімде босанудың болжам мерзімі -03/06/2012ж

1.Нәресте бағыты (positio).

Нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы. 1 – позицияда - нәресте жатырдың сол жақ қабырғасына; 2 – позицияда – оң жақ қабырғасына қарап орналасады.

А) Нәрестенің алдыңғы және артқы түрлері бар.

Б) Нәрестенің ең ірі мүшелерінің жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасына нәрестенің жатуы деп атайды.

В) Нәрестенің жамбас қуысына жақы н жатқан және босану жолдарынан бірінші болып отетін бөліктерін алғашқы бөлік деп атайды.

Г) Бастың орнығуы – төбе жігінің шат пен сегізкөздің мүйісіне қатынасы.2

2.Нәрестенің басымен орнығуы.

Көп жағдайда (95%) бас шүйде сүйегімен туылады. Шүйде сүйегі алға немесе артқа қарап туылуы мүмкін.

Нәресте басының шалқая орнығуы төбесімен, маңдайымен, бетімен орналасуы мүмкін.

Ұрық түрі (visus). Ұрық арқасының жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасына қатынасы. Егер арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына немесе алдыңғы түрі. Егер артқы қабырғасына келсе – артқы түрі болып табылады.

Ұрықтың төмен жақындауы. Кіші жамбас жазықтығына ұрықтың дөңгелек бөліктерінің қатынасы арқылы бағалайды. Егер кіші жамбас қуысына ұрық басымен келсе ұрықтың баспен келуі. Егер ұрық жамбаспен келсе, жамбаспен келуі деп аталады.

Жүкті әйелге пальпация жасағанда белгілі бір жоспар бойынша жүргізіледі. Леопольд бойыншша 4 тәсіл:

Бірінші Леопольд тәсілі – екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте, жатыр түбінде ұрықтың жамбасы орналасады. Ол ұрықтың басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау.

Екінші Леопольд тәсілі – екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай ығыстырып жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында ұрықтың арқасы , ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Ұрықтың арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай оның позициясы мен түрін анықтайды.

Үшінші Леопольд тәсілі – жүкті әйелдің оң жағынан бетпе бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, ұрықтың төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын аныөтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса ол ұрықтың басы болғаны.

Төртінші Леопольд тәсілі – бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақ ұшын жамбас ұшына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан ұрық бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]